Қош, сүйікті Әліппем! (қоштасу сценарийі)

0
2280
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әліппе мен ана тілі пәнінің маңызын түсіндіру.
Ата -аналарға балалардың 3-4 айда қандай білім игергенін іс жүзінде көрсету. Оқушылардың эстетикалық талғам, сезімдерін байыта түсуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қош, сүйікті Әліппем! Оқу -білім туралы мақал-мәтел. Шарлар, карона (пәндер болып әліппе, ана тілі)

Барысы: (Музыка ойнап тұрады.)

Мұғалімі:
— Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата -аналар, құрметті 1 сынып
оқушылары! Бүгін қуанышты күн -«Әліппемен қоштасу» мерекесі құтты болсын!

Шашу -шашу шашайық,
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке, бұл тойдың,
Бастаңғысын жасайық!

Кеше ғана қадам басқан мектебің
Білім берді, санаң өсіп көктедің
Бойың да өсті ойыңда өсті, қарашы
Осы емес пе бір белеске жеткенің -дей келе, бүлдіршіндерді ортаға шақырайық.

1-оқушы: Кешегі сәби балаңыз
Жарады, міне, қараңыз
Ғылым білім жолына
Енді қанық боламыз

2-оқушы: Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық
«Қошақаным» әнін орындайтын сыныбымыздың белсенді оқушысы……………….

Мұғалім: -Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр.

Іші толған әріпке,
Білімдегі жарық не?
Оқушылар: Болашақққа жол ашқан
Ол -сүйікті Әліппе!
Олай болса, бәрімізге қымбат дос «Әліппені» ортаға шақырайық!

Оқушылар: Әліппе, Әліппе, Әліппе

Әліппе: Армысыздар, жас достар!
Армысыңдар, жас достар
Болашаққа жол бастар
«Әліппең» келді ортаға
Білім деген ғажаптың
Әліппені меңгерген

1-сұрақ «Әліппе» оқулығын ең алғаш жазып беріп кеткен кім?
Жауабы: Хормен Ыбырай Алтынсарин

Мұғалім: Ыбырай аталарың туралы не білесіңдер?
1-оқушы: Ұран тастап көп елге
«Кел, балалар,оқылық!»
Деген сөзін көңілге
Ықыласпен тоқылық

2-сұрақ:  «Әліппе» оқулығынан қанша әріп оқып үйреніп, жаздыңдар?
Жауабы: хормен 42 әріп

1-оқушы: Алфавиттің «А» тұрады басында
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында
Байқадың ба?
«Б» тұрады үшінші
Ал, осының сыры неде түсінші.

2-оқушы: «А» деген ол -аналар ғой ардақты
«Ә» деген ол -әкелер ғой салмақты
«Б» деген ол балалар әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі

Әліппе: Жақсы, балалар, ал Абай ата туралы не білеміз?
Оқушылар: Абай -қазақ халқының ұлы ақыны.

Әліппе: Өте жақсы, балалар, енді басқа да ұлы адамдар туралы сендер «Ана тілі» оқулығынан оқитын боласыңдар. Олай болса, «Ана тілін» ортаға шақырайық!

Ана тілі: Армысыңдар , жас достар!
Ана тілі пәнімін ,
Туған тілім -елдігім
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім!

Әліппе: Ана тілі, балалар менен не үйренді екен. Сен де бізбен бірге тамашала. Ал балалар, бар  өнерлеріңді көрсетіңдер.

1-тапсырма
-Балалар, енді кім маған апта,саусақ атауларын, жеті ата қалай аталатынын айтып береді?

1-оқушы: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.
2-оқушы: Бас бармақ, балан үйрек,ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бӛбек.
3-оқушы: Әке, бала, немере, шөбере шөпшек, немене, туажат.

Әліппе: Рахмет, балалар! Сендер әліппені жақсы меңгеріпсіңдер. Ана тілмен таныстырдым. Енді рұқсат болса, мен кетейін. Қош болыңдар!

Оқушылар: Қош бол, сүйікті Әліппе!

1-оқушы: Ыстық әрбір беттерің
Жазуыңды ұғамын
Ақыл берген Әліппе
Үйретіпсің мұғалім
«Жарқын жүзді ұстазым» әнімен ортаға сыныбымыздың белсенді оқушысы………..

Ата -аналар сайысқа түседі. Мақалды жалғастыр, жұмбақтың шешімін тап, жаңылтпашты жаңылмай қайтала! 

Жаңылтпаш
Жұмбақтар
Мақал -мәтелді жалғастыр

Ана тілі: Дыбыс дегеніміз не?
-Әріп дегеніміз не?
-Тәуелсіздікке неше жыл толды?

«Ұлдар» моряк биін билейді.

Ана тілі: Рахмет балалар! Әліппе сендерге көп нәрсе үйреткен екен. Мен риза болып тұрмын.

Мұғалім: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қалай заңдылық?
Өсер балаң, байтақ елің тұрғанда
Ана тілі жасау керек мәңгілік!

Мектеп директоры мен ата -аналар құттықтау сӛздерін айтып, оқушыларға диплом тапсырылды.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. Қош бол, Әліппем! (сценарий)
  2. Әліппенің атасы. Ахмет Байтұрсынов туралы танымдық сағат
  3. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  4. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  5. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  6. Ілияс Есенберлиннің өмірі туралы мәлімет
  7. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  8. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  9. «Қайталау» теориясы туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ