Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар

0
1139
Иллюстрация: Freepik.com

Пицца бүкіл әлемдеге ең сүйікті тағамдардың бірі болып саналады.

Нарыққа шолу. Қоғамдық тамақтану ішіндегі «пиццерия ашу» бүгінде ең танымал бизнестің бірі екені құпия емес. Өмір ырғағы, уақыттың шектелуі – осының бәрі адамдардың үйде тағам дайындағысы келмейтінін көрсетеді. Уақыт тығыз болғанда
мейрамханаға бару немесе пиццаны үйге тапсырыс беру оңайырақ шешім болып табылады.

Жыл сайын қоғамдық тамақтану нарығы 25% — ға өсіп келеді. Кафе-пиццерий арасында айқын, нақты көшбасшылар жоқтың қасы, сондықтан жаңа кәсіпкерлер үшін пиццерия бизнесін ашуға үрейленудің қажеті жоқ.

Пиццерия форматтары:
1. Пицца-бар. Пиццадан басқа, ас мәзірі басқа тағамдардың аз ассортиментін қамтиды
(картоп-фри, шұжық, десерттер, сусындар).

2. Дөңгелектердегі пиццерия немесе қозғалатын фургон. Мобильді және қарапайым бизнес.

3. Фудкорт-пиццерия. Жарнамаға көп күш пен ақша жұмсағысы келмейтін адамдар үшін қолайлы нұсқа.

4. Киоск-пиццерия (пицца-шоп). Мұндай форматты ірі гипермаркетке немесе сауда
орталығына орналастыруға болады.

5. Пицца жеткізу қызметі. Ең көп таралған нұсқалардың бірі.

6. Классикалық кафе-пиццерия. Бұл классикалы жалпы нұсқа. 20-30 үстел мен мәзірі бар шағын мекеме, тек пицца түрлерін ғана емес, басқа да позицияларды қамтиды.

Пиццерия ашу тиімділігі:

  1.  бизнестің жоғары рентабельділігі;
  2.  салымдардың тез өтелімділігі;
  3.  қызметкерлерге қажеттіліктің болмауы;
  4. сала үшін салымдардың салыстырмалы аз сомасы
  5.  болашақ фаст фуд форматы;
  6.  қарапайым өндіріс технологиясы;
  7. монопродукт толық мәзірі бар мейрамханаға қарағанда тиімді.

Ескере кететін жайт: кез келген кәсіп ашарда бастапқы айларда бір дегеннен табысқа іліну мүмкін  емес. Сондықтан тек шыдамдылық пен кәсібіңізге деген адалдық және нағыз еңбекке құштар жан ғана аздаған уақыттың ішінде табысқа іліне алады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату


ПІКІР ҚАЛДЫРУ