«Сәкен Сейфуллин оқулары» байқауының сценарийі

0
2901
Сәкен Сейфуллин

Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті қонақтар! Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында ұйымдастырылған ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, аты аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің шығармашылығына арналған «Сәкен оқулары» атты байқауына қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Сәкен лирикасының өзіндік сыр-сипаты алуан түрлі. Туған жерге сүйіспеншілік, табиғат көріністері мен құбылыстары, махаббат сырлары, сағыныш сазы, мезгіл суреттері, аң-кұсты аялау, ана-бала сүйіспеншілігі — ақын лирикасының басты тақырыптары.

Жүргізуші:

Ал, құрметті халайық! Бүгінгі «Сәкен оқулары» байқауымызды бастамай тұрып, әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1.

2.

3.

4.

5.

«Сәкен оқулары» байқауына қатысқан әр үміткеріміз үш кезеңнен өту керек, бұл —  өз таңдауы бойынша  Сәкен өлеңін  жатқа айту; 2 кезеңі — Сәкенге арнау оқу және 3 кезеңі — Сәкеннің бір әнін орындау.

Жүргізуші:

Сәкен Сейфуллиннің шығармаларын орындауға үміткерімізді шақырамыз

Әр қатысушы әр сайысқа өз кезегімен шығады

Жүргізуші:

Ұлы есімдер қайтсе де жаңғырады

Ұлылардың селдейді жаңбыр әні

Салауатты әлемің Сәкен аға,

Жарқылдатып сезімді жандырады.

Сұлу бейнең, семсер сөз, жыр өрнегің,

Дара дарын – кеңдігі табиғаттың

Сәкен – сұңқар

Ол – сән

Сәкен – аңыз

Ел мен жердің мақтаны – Сәкен ақын

Құрметті, халайық! Барлық үміткерлерімізді көріп, тыңдап болдық. Енді байқаудың әділ қорытындысын шығаруға әділқазылар алқасын шығарып салай

Әділқазылар алқасының шешімі шығып, сахнаға көтерілуі

Жеңімпаздарды марапаттау

Жүргізуші:

Мұндай ұлды Арқадай дала туған

Мұндай ұлды Жамалдай ана туған.

Ақын Сәкен,

Ер сәкен

Сұлу Сәкен

Дара көрік, бірегей дара тұлғаң.

Құрметті қонақтар! Осымен «Сәкен оқулары» атты байқауымыз өз мәресіне жетті. Сәкен – туған халқының ер ақыны, далада туған революция дауылпазы. Сәкеннің қалдырған мұрасы ешқашан да өшпейді.

Жүргізуші:

Келесі кездескенше сау саламат болыңыздар!

 Басқа материалдар: 

  1. Сәкен Сейфуллин туралы тың деректер
  2. Сәкен Сейфуллин өлеңдерінің идеясы мен мәні
  3. «Поэзия, менімен егіз бе едің?». Мұқағали Мақатаевтың мерейтойына арналған кеш сценарийі
  4. Сәкен Сейфулиннің өмірі мен еңбек жолы
  5. 1 наурыз –Алғыс айту күні. Тәрбие сағат
  6. «Алғыс айту – парызым!» атты тәрбие сағаты
  7. Ашық сабақ: Наурыз — Ұлыстың ұлы күні
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  10. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  11. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  12. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  13. «Ұлттық рухтың қызғыш құсы». Жанболат Башарұлының мерейтойына арналған кеш сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ