Сүт туралы қызықты фактілер

0
2097
Freepik.com

Сиыр сүтінің пайдасы мен зияны туралы деректер мен фактілер өте көп.
Құрамы жағынан сиыр сүті адам ағзасына ең пайдалы әрі құнды өнім болып табылады.

Ондағы бай мөлшердегі дәрумендер адамның ерте жасынан бастап егде тартқанша адам ағзаның қалыптасуына көмектеседі. Сиыр сүтін 1 жасқа толмаған балаларға бермеген жөн. Себебі сүттің құрамындағы өте бай мөлшердегі ақуыз бен май баланың бүйрегіне теріс әсерін беруі мүмкін.

Сондай ақ, әлемдік бір топ ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде, орта жастағы адам ағзасына сиыр сүтінің кері әсер беретіндігі дәлілденіп отыр. Онда неліктен біздің көпшілігіміздің ағзамызда ондай ауытқушылықтар байқалмайды? Оның себебін ғалымдар жер бетіндегі адамдардың ағзасының 70%-ында ренин қызметін атқаратын пепсиндер бар екендігімен, ал қалған 30% бұл өзгеріс байқалмайтындығымен байланыстырып отыр. Осы 30% адамдардың сиыр сүтін ішкенде іштің кебуі мен түрлі аурулардың байқалуы да сондықтан.

Біршама зерттеулер жүргізген ғалымдардың қорытындысына сүйенсек, зебраның терісі ақ түсті. Яғни қара жолақ сол ақ түстің үстіне түскен. Олар өзінің туысын осы жолақтар арқылы таниды мыс. Әлемдегі әрбір зебраның терісіндегі жолақтар әртүрлі. Табиғатта терісіндегі жолақтары бірдей екі зебраны кездестірмейсіз. Зебраның төлі туыла сала бар болғаны жарты сағаттың ішінде алғашқы қадамын басып, анасын еме бастайды. Ал зебраның анасының сүті дәстүрлі ақ түсті емес, қызғылт түске ие.

Зебра хайуанаттар әлеміндегі таза жануарлар сапына кіреді. Олар бір-бірінің арқасын үйкелеп, иық қағыстырғанды ұнатады. Осы күнге дейін зебра малын адамдар үй жануарларына қосуды қалағанымен ешқандай оң нәтиже берген емес.

Ешкі сүтінің құрамынан табылатын көп мөлшердегі калий: жүрек-тамыр ауруларына таптырмас шипа. Бета-казейн дәруменіне бай ешкі сүтінің әйел затына берер пайдасы мол. Б.э.д. VI ғасырда өмір сүрген, ежелгі грек ғұламасы, әйгілі философ, математик Пифагор Самосский, өзінің ұзақ өмір сүруінің сырын: өмірінде тек жабайы бал мен ешкі сүтімен, көкөністер мен жеміс-жидектермен қоректенгендігін жазады. Бізге жеткен деректерге сүйенсек, Пифагор 90 жыл (шамасында) өмір сүрген.

БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы ресми түрде халықты белсенді түрде есек сүтін ішуге шақырады. Әдетте есек сүтін сиыр сүтіне аллергиясы бар жандарға да ішуге ұсынылады.

Оны адамдар түрлі аурулар мен төзгісіз лактоза кезінде пайдаланады. Есек сүтінің емдік қасиеттерін ежелгі Римдіктердің әйелдері жақсы меңгерген. Олар күнделікті тұрмыста есек сүтінен жасалған ванналар қабылдап отырған. Сенім бойынша бұл әрекет адамның жастық қалпын ұзақ уақыт сақтап тұруға көмектесетін таптырмас құрал.

Негізі пингвин — сүтқоректілер емес құстар тобына жатады. Дегенмен пингвиндер өздерінің балаларын былайша айтқанда «сүтпен» қоректендіретін кездері болады екен…Пингвин жұмыртқалаған соң, араға 60-80 күн салып теңізден оралады. Міне, сол қайтып келген уақыт ішінде жұмыртқаларды жарып шыққан балалары тіршілік белгісін көрсете бастаса, пингвиндер оларды «сүт» беріп бағатын көрінеді. Пингвин сүті протеинге және эзофагиальды темірге өте бай. Мұндағы «сүт» деп отырғанымыз —  пингвиннің асқазаны мен өңешінде түзілетін шырын ғана. Ол шырынның құрамының 28%-ы май, ал ақуыздың мөлшері 60%-ға тең. Пингвин аналар әлгі балаларын 3 аптадай емізеді екен.

Кит- сүтқоректілер тобына жататын хайуанаттар ішіндегі ең ірісі. Салмағы шамамен 100-120 тоннаны жуықтайды. Көк киттің сүті қою кілегей тәріздес, қоңыр крем түстес, май мен ақуызға өте бай.  Көк киттің төлі күніне 200 литр мөлшерде сүт емеді. Анасының баласын қоректендіруі су астында өтеді және бірнеше секундтар ғана жалғасады. Аналық кит баласын сүттендіру үшін оның аузына туралап тұрып сүтін өз бойынан сығып береді.

Ұлыбританияның Дарем Университетінің биолог-ғалымдары Роберт Бартон мен Изабелла Капеллини, жануарлар сүтінің, оның ішінде маймыл сүтінің адамның ми құрылысының қалыптасуына қосқан үлесін зерттей келе көптеген қызықты тұжырымдарға келген. Маймылдың ұрғашысы сүтті көп мөлшерде беретін өнімділігімен ерекшеленеді. Африканың бірқатар елдерінде маймыл сүті өндіріс ошағының негізгі қайнар бұлағына айналып, бұл күндері тіпті контитент асатын экспорттық өнімге айналып отыр.

Торайлау кезеңінен кейін аналық шошқа оз балаларын тәулігіне 25 ретке дейін емізеді екен. Орташа есеппен аналық шошқа күніне 8 литрге дейін сүт бере алады. Тұрмыста шошқа сүті өндіріледі, қолданыста және сатылымда бар. Шошқаның сүті қою әрі құнарлы. Болашақта шошқадан тек ет өнімі ретінде ғана емес сүт өндіру шаруашылығының алға қойылу мүмкіндіктері қарастылуда.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Әлемдегі ең қымбат сүт

  2. Адам тамақтануындағы сүт және сүт өнімдерінің рөлі. Сүттің физико-химиялық құрамы.

  3. Ферменттер атаулары және жіктелуі (классификациясы)

  4. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  5. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  6. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  7. Витаминдердің аталуы және жіктелуі
  8. Витаминдер және витамин тектес заттар
  9. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ