Сөз және оның мағынасы. Қарама — қарсы мәндес сөздер (сабақ жоспары)

0
3295
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

Білімділік.  Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.; Қарама — қарсы мәндес сөздерді ажырата білуге ықпал жасау. Сөз және оның мағынасы жайлы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Өз ойларын тұжырымдап еркін айтуға, сөздік қорларын дамытып, байланыстырып сөйлеуге машықтау, шығармашылық деңгейге жетелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, адалдыққа баулу. Эстетикалық талғамдарын арттыру. Зейінділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, ойын, әңгімелеу, сұрақ — жауап

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, нұсқа түрлі суреттер,салыстыру, жаттығу, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды даламыз,

Жарқырайды қаламыз.

Сәлеметсіз бе, достарым,

Сәлеметсіз бе, ұстаздар!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

5-жаттығу  3 топтан  1 оқушыдан оқиды

  • Үйге берілген жаттығудың орындалуын тексере отырып, оқушылардың мәндес сөздерді қаншалықты меңгергенін анықтау.
  • Жерлес,елдес, ауылдас
  • Сызды, дымқыл, ылғалды
  • Ілесіп, еріп
  • Дұрыс
  • Ал, енді «қырсық» өлеңін оқып көрейік 3 топ  2 шумақтан оқиды.
  • Ал енді бұдан не байқадыңдар
  • Сен оған не десең, ол саған не дейді (АЛАСА,БИІК)
  • Олай болса бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбын қалай деп  ойлайсыңдар?
  • ҚАРАМА-ҚАРСЫ мәндес сөздер
  • Мақсатымыз не? 1) Қарсы мағыналы сөздердің мағынасын ашу

2)Сөйлемдер құрау

3)Сауатты жазу

-Қандай жұмыс түрлерін жүргіземіз?

-Топтау, дәлелдеу, топпен, жеке- дара жұмыстар жүргізу

МІНДЕТІМІЗ: 1) Тәртіп     2) Білімді              3) Сауатты

Қазақ тілін зерттейтін  бір саланың бірі ЛЕКСИКА , осы лексика саласындағысөз  мағынасы неше түрге бөлінеді  және қандай 1) тура  мағына терең көл, ашық терезе,өткір қайшы

2)ауыспалы мағынатерең ой, ашық мінез , өткір көз

 3) көп мағыналы сөз бір сөздің басқа сөзбен тіркескені

Адамның басы,

судың басы(бұлақ),

сөздің басы (сәлем)

таудың басы(шың)   ВИДИК көрсету 4282 4 сынып сөз мағынасы

4)СИНОНИМ- МӘНДЕС СӨЗДЕР айтылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жуық( батыр, ержүрек,қайсар)

5)АНТОНИМ- мағыналары бір-біріне қарама- қарсы  аз- көп, алыс- жақын

6)ОМОНИМ- айтылуы да, жазылуы да  бірдей, мағыналары әр түрлі  адамның тілі, бәтіңкенің тілі, сағаттың тілі)

 

Сөз және оның мағынасы. Қарама - қарсы мәндес сөздер

 

IIІ.Жаңа сабақ

  1. Көркем жазу

Ж  әрпінің элементін жазу , жолдас. Жарас жақсы жолдас.

  • Оқулықпен жұмыс 61 бет 1-жаттығу1 топекінші сөйлем, 2 топ 3 сөйлем, 3 топ 4 сөйлем

Сөйлемдерді көшіріп жазып, қарама-қарсы мағыналы сөздердің астын сыз.

СЕРГІТУ СӘТІ

 І-топоқулықпен жұмыс 5 жаттығуҚалаған 3-4 сөзбен сөйлем құрап жаз.

ІІ- топ постермен жұмыс

IIІ- топлексика саласындағы көне сөздермен жұмыс

 

  1. Өзіндік жұмыс. Интер белсенді тақтамен жұмыс. «АДАСҚАН СӨЗДЕР» ойыны

қатты —    жүру — үлкен- таяз — аз-кию —  көп- жылы — сұйық-кіру —                    ұзын- кең — сөйлеу — күн

VI.Жұмбақ шешу

  • Қарамен жазылған сөздерді қарама-қарсы мағыналы сөздермен алмастыр.
  • Жақыннан әкеп хабарды. Алыстан әкеп хабарды,

Ренжітер барлық адамды.                                  Қуантар барлық адамды. ( жеделхат)

2) Жеңілдікпен аршылар,                                      Қиындықпен аршылар,

Көзіңнен жас тамшылар.                                   Көзіңнен жас тамшылар. ( пияз)

  • Күндіз бармын, түнде жоқ

Ішім жанып тұрған от

Кештетіп  барып  сөнемін

Тәңертең қайта келемін  ( Күн)

  • Бес жолды өлең құрастыру
  1. Пияз
  2. Ащы, пайдалы.
  3. Аршылады, ашытады, өседі.
  4. Жуа
  5. Аршыған кезде пияз көзді ашытады.

 VII.Қорытындылау Дұрыс па, бұрыс па?

а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу

 Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.

  • Қарама-қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
  • Жақсы, жаман — синоним сөздер
  • Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
  • Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
  • Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
  • Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
  • Дауысты дыбыстар 2-ге бөлінеді
  • Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.

ә) Берілген мақалдардың ішінен антонимдерді тап.

Бетегеден биік, жусаннан аласа.

Үлкенге — құрмет, кішіге – ізет.

Көз қорқақ, қол батыр.

Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар

Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,

Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.

Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,

Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай.

VII. Үйге тапсырма

 61 бет,3 — жаттығу  Берілген қарама-қарсы мағыналы сөздерді топтап жазу  3 топ

10 сұрақтан тұратын тест жасап әкелу  біріңғай қарама-қарсы мағыналы сөз   2 топ

Лексика саласынан  қарама- қарсы сөздермен жұмыс ( ғалымдардың сөздері)

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Көркем троптар, олардың түрлері
  2. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  3. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  4. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  5. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  7. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  8. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  9. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  10. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  11. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  12. Әдеби ағымдар туралы түсінік

ПІКІР ҚАЛДЫРУ