Сағындым, әке, иісіңді

0
24201
Иллюстрация: Freepik.com

Жүректі тербеп күй сынды
Биікке ұшсам сүйсіндің
Мойныңа көптен асылмай
Сағындым,әке,иісіңді

…Біз үшін асқар тау болған асыл әкеміз өмірден өтпейтіндей көрініп еді-ау… Әкем өз ортасына сыйлы еді… Өзекті өртер өкініштісі, өткен шақпен жазып отырғаным бұл жазбамды. Әке туралы естелік жазамын деген ой он ұйықтасам да түсіме кірмеген еді ғой.

Өзгелерді қайдам, мен үшін әкем нағыз ер жүрек азамат еді. Нағыз ер жігітке тән мінезі бар еді. Сағыныш самалы ескенде әке жайлы ән тындап аламын. Адалдықты, әділдікті қашанда ту етіп өмірден өткен оның әр сөзінде өмір жолы сайрап жатқандай көрінеді…

Әкемнің қадірін өмірден өткенде түсіндім… Себебі, мен әкем көзі тірі кезінде әкесінің тұңғышы, еркесі едім. Өзім анама қарағанда әкеме тым жақын едім, сол себепті болар, әкемді іздеп, әкемнің жоқтығына үйрене алмадым,әлі күнге дейін жолына қарап іздеймін… «Ақылды болып өс» деп басымнан сипайтын еді-ау… 2011 жылдың тамыз айында мен ауруханаға түстім.Содан бір аптаға жуық уақыт өткенде ауруханадан шықтым.

3 күнде өтті… Ауруханадан үйге шыққанша асыққаным, әкемді соңғы рет көруге асыққаным екен ғой,-деп ойлаймын… Тамыз айының 25 жұлдызы әкемізді ортамыздан алып, орны осырайып қалған күн. Отбасымызда әкеміздің артынан ерген төртеу болатынбыз. Әкем қайтқанда мен не бәрі 16 жасқа енді толған кезім, ал ең кенжеміз 6 жаста болатын. Інім әкемді іздеп қаншама рет жылаған кездері болатын, алайда біз алыс жолға кетті деп алдарқататынбыз. Сонда да сәби жүрегі бір нәрсені сезгендей кейде үндемей отыратын. Ақыры әкемізді сұм ажал алып тынғанын інімде түсінген болар. Қандай өкінішті!

Әкем өзге балаларының ішінен маған өзгеше қарайтындай көрінетін. Бағыт-бағдар көрсетіп отыратын. Үйдің үлкені болғансында шығар мүмкін…

Әке-асқар тау деп бекер айтылмаған, басына қиын іс түскенде демеу беріп, әкелік күш қайрат беретін адамың болса қандай жақсы. Қиналған сәттеріңде, жаныңа аналық мейірімділікпен қоса әкелік қамқорлықты да іздейді екенсің. Бірақ, амал қанша қолда бар алтынның қадірі жоқ деген, өте қамығамын. Әкем жарықтық өмірінің ақтық демі таусылғанша бейнетшілікпен кетті. Әкемнің балаларына деген қамқорлығы аса биік еді, қызғаншақтық не болмаса басқалармен бақталасатын кезін көрген емеспін, қолы ашық жомарт кісі еді.

Өзінен үлкен болсын, кіші болсын күліп сәлемдесетін, өтірік күліп емес бар мейірімділігімен күліп сәлемдесетін. Үлкен кісілер әкемнің осы қасиетін әлгі күнге дейін айтып отырады. Қазіргі заманда әке тәрбиесіне мұқтаж, перзентке қорған,жарға сүйеніш болар әкенің жоқтығы жанымды қынжылтады……

Келсеңші әке, кірсеңші келіп түсіме…
Әкелік көнің толама барлық ісіме?
Өтінем әке, көрінші маған, қызым деп,
Сағыныш толы сырымды менің түсіне…

Әкесіз өмір жазды екен маған несіне,
Деп кейде налып, көндікпей кетем күшіме…
Жылатып та кеп, жұбатып та кеп қинайды
Амалдың жоғы тағдырдың салған ісіне…

Ауылға барсам қыдырып, қалғым келеді,
Арнап бір, әке, басыңа барғым келеді,
Өмірге кейде өкпелеп қалам, сондайда,
Керексің әке, қасыңа барғым келеді.

Сарылта берме, сабылта берме сағыныш!
Жырларымтынба! Тозақтыңторыналыпұш!
Періштелерім, сағыныш толы сәлемді,
Жұмақта жатқанәкемеменіңалыпұш!

«Әке  көрген оқ жонар» деп бекер айтылмаған ғой. Әке – ол салмақты, әрбір істі алдын-ала ойлап барып бастайтын, бізге қамқор адам. Бірақ анадан гөрі қаталдау. Бір сөзбен айтқанда, отбасының басқа мүшелерінен өзгеше, ерекше қасиетті адам деп айтсам артық болмайтын шығар. Әрине, әркімге өз туған әкесі әрқашан да артық болады ғой.

Әкем мен үшін ғажап, керемет адам. Әке отбасында ақылшың. Әкетәрбиесін көрген адамның өмірге деген көзқарасы, сана сезімі жоғары дәрежеде дамиды деп ойлаймын. Менің ойымша, ұл бала тәлім –тәрбиені әкеден алғаны жөн. Әке тәрбиесін көрген бала ешқашанда жаман болмас. Сол себептен де, балалар, бәріміз де әкелерімізді құрметтейік! Қадірлеп-қастерлейік, сыйлайық, ардақты, теңдесі жоқ, асыл әкелерімізді! Ойланайық, кеш болмасын!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ