Неолит кезеңіне жататын ескерткіштері (сабақ жоспары)

0
3177
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Жаңа тас ғасырының ерекшеліктеріне тоқталу, неолиттің басты жаңалықтарын, табылған мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін, шаруашылық пен рухани өміріндегі өзгерістер мен жаңалықтарды түсіндіру.

Дамытушылық: Тас дәуірінің әр кезеңінде ежелгі адамдардың материалдық және рухани мәдениеті үздіксіз дамып отырғанын қорытындылап, салыстыра білу, картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды еңбек, адамгершілік, өнер туындыларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Ежелгі Қазақстан» картасы, сызба, кесте, суреттер «қыш құмыралар», «еңбек құралдары», «неолиттік адам тіршіліктері», тест, т.б.

Сабақ түрі: аралас

Әдісі: баяндау, әңгімелеу,жеке жұмыстар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Неолит тұрғындары   малды қолға ұстау үшін, шыбықтан шарбақ тоқуды меңгерді.
  2. Алғашқы адамдар жіңішке шыбықтарды бір-біріне  сабақтастырып тоқу арқылы  шағын ғана себет ыдыстар жасауды ұйренді.
  3.   Неолит-қыш құмыралар заманы.
  4.  Бұл дәуірді  сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.
  5.  Тастан жасалған  құралдардың түрі-дәнүкіштер, тесе мен орақтар.
  6.  Балқаштың   оңтүстік -шығысындағы  неолиттік  тұрақтан табылған  заттардың  көбі кварцит  пен яшмадан жасалған.

Тест.

  1. Мезолит заманының басты жаңалығының бірі:

а. Тобырдың қалыптасуы  в. Садақ пен жебенің жасалуы   с. Мал ш/ның қалыптасуы  д. Теселі егіншіліктің дамуы     е. Тас құралдарын ойлап табу

  1. Мезолит дәуірі шамамен созылды:

а. 7 мың жылға     в. 5 мың жылға   с. 6 мың жылға    д. 8 мың жылға     е. 4 мың жылға

  1. Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы:

а. Жетілдіру       в. Бағыштау (инициация)       с. Дағдыландыру        д. Үйрету            е. Кәмелеттік

  1. Мезолит дәуірінің қамтитын кезеңі

а. Б.з.б. 140-40 мың жыл.         в. б.з.б. 80-40 мың жыл.         с. Б.з.б. 12-5 мың жыл.   д. Б.з.б. 30-10 мың жыл.          е. Б.з.б. 200-140 мың жыл.

  1. Алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір:

а. Мезолит    в. Қола дәуірі     с. Ерте палеолит    д. Орта палеолит     е. Энеолит

  1. Жебелі садақ пен бумеранг дүниеге келген дәуір:

а. Мустьер     в. Палеолит         с. Энеолит         д. Мезолит         е. Неолит

  1. Алғашқы қауымдық егіншілікке алып келген жағдай:

а. Қауымның қалыптасуы         в. Терімшіліктің дамуы             с. Аңдардың азайып кетуі  д. Жеміс-жидектің мол өсуі      е. Мәжбүрлік

  1. Алғашқы егіншілердің егін оратын қарапайым құрал атауы:

а. Тас орақ       в. Дән тергіш        с. Шалғы            д. Тас тесе          е. Қайла

Мезолиттегі өзгерістер:

  1. Мұздың еріп, табиғаттың өзгеруі.
  2. Ірі жан-жануарлардың құрып кетуі.
  3. Жебелі садақтың, бумерангтың, қақпан мен тұзақтың пайда болуы.
  4. Балық аулаудың көбеюі қайықтың пайда болуына түрткі болды.
  5. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің алғашқы белгілері пайда бола бастады.
  6. Тас өңдеудің жетіле түсуі.
  7. Еуразия, Қиыр Шығыс, Америка құрлығының адам мекенінің иелігіне айнала бастауы.

Жаңа сабақ.

Сабақтың жоспары:

  1. Неолит тұрақтары.
  2. Неолит ескерткіштері.
  3. Өндіргіш шаруашылыққа көшу.

Қазақстан жері мен көрші аймақтарда неолит дәуірінде егіншілік пен мал шаруашылығы қалыптаса бастады. Бұрынғы заманда күн көрістің көзі терімшілік пен аңшылық болғанын білесіндер. Бұл екеуі де табиғаттың дайын байлығын пайдалану кәсіптері.

«Иемдену» кәсібі мен «өндірістік еңбек» ұғымын қалай түсінесіндер?

Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің кезеңдері.

Палеолит (ежелгі тас) Мезолит (орта тас) Неолит (жаңа тас)
Ерте палеолит — 

Б.з.б. 2 млн 500 мың — 140 мың жыл

Орта палеолит (мустье) —

Б.з.б. 140-40 мың жыл

Кейінгі палеолит —

Б.з.б. 40-12 мың жыл

Б.з.б. 12 – 5 мың жыл Б.з.б. 5 мың – 3 мың жыл

 

Картада көрсету.

Егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуы көне дәуір тайпаларының өмірінде үлкен өзгеріс әкелді. Олардың заттай және рухани мәдениетінде де өзгерістер орын алды. Неолит дәуірінің тағы бір үлкен жаңалығы — адамдардың қыш құмыраларды (керамиканы) жасауды үйренуі еді. Бұл дәуірді сондықтан кейде «қыш құмыралар заманы» деп те атайды.(24 беттегі сурет).

«Қазақстандағы  неолит дәуірінің тұрақтары» кесте

                  Тұрақтың  атаулары                   Сипаттамасы
Қараүңгір б.з.б 5 мыңжылдыққа жатады Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Қараүңгір тұрағынан  шақпақтастан  жасалған құралдармен  қатар көпмөлшерде  сүйек бұйымдар-көзі бар инелер, біз, тескіштер,  тегістегіштер,  жоңғыштар және т.б. табылған.
Сексеуіл  тұрағы Ол Қызылорда облысында  орналасқан. Сексеуіл тұрағының  маңында  су қоймасы болған.Сексеуіл тұрағының  тұрғындары  мал өсірумен және аңшылықпен  шұғылданған.
Пеньки тұрағы Солтүстік Қазақстандағы Пеньки  селосы  маңындағы  тұрақта тас шапқылар , жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған пышақтар көбірек кездеседі.Тұрақты мекендеген адамдардың  негізгі шаруашылығы орман, көлден құс,  балық аулау терімшілік болды.
Зеленая Балка тұрағы Орталық Қазақстанда Қарағанды  маңынан табылған. Ол тұрақтан  үй малының сүйектері табылған. Бұл олардың  мал шаруашылығымен айналыса бастағанының белгісі.

 

Сабақты бекіту. Тест.

  1. Неолит мекенжайлары неліктен уақытша болған?

а. климаттың өзгеруінен          в. табиғи апаттар салдарынан с. аңшылар соңынан жылжып көшіп отырған         д. көшпелі бақташылық

  1. Неолит кезеңін … деп те атайды.

а. «қыш құмыра (керамика) жасау кезеңі»         в. «өңдіруші шаруашылыққа көшу кезеңі» с. «егіншіліктің қалыптасқан кезеңі»         д. «мал шаруашылығы кезеңі»

  1. Патриархат (аталық ру) қашан қалыптасты?

а. ерте тас ғасырында        в. кейінгі тас ғасырында         с. неолитте            д. мезолитте

  1. Неолит кезеңінің тас өндеу тәсілі:

а. микролиттер жасау     в. құрамалы құралдар жасау      с. өзектастарды өңдеу   д. жылтырату әдісі

  1. Неолиттің қыш ыдыстары қандай орнаментпен өрнектелді?

а. өсімдік          в. геометриялық            с. аң           д. ирек сызық

  1. Неолит кезеңінде шаруашылықтың қай түрі қалыптасты?

а. өңдіруші         в. тұтынушы           с. томаға-тұйық            д. кешенді            е. жеке меншікті

  1. Неолит дәуірінің басты жетістігі:

а. балшықтан істелген ыдыс    в. сүйектен істелген ыдыс   с. тасқа сурет салу          д. тұтқасы бар құралдар

Сұрақтар:

  1. Жаңа тас ғасыры мерзімі?
  2. Адамдар тіршілігіндегі өзгеріс қай бағыттарда болды?
  3. Тас өндеуде қандай жаңа әдістер пайда болды?
  4. Шаруашылықтың қандай жаңа түрлері пайда болды?
  5. Неолтитте адамдар қандай кәсіптермен айналысты?
  6. Жезқазған өңіріндегі ескерткіштерге қарағанда, адамдардың арасында қандай наным-сенім болған?

Неолит дәуірінің жаңалықтары:

  1. Тас өндеу әдістері жетіліп, жорғары дәрежеге жетті.
  2. Ыдыс жасауды үйренді.
  3. Жабайы аңдарды қолға үйрете бастады.
  4. Егіншілікпен айналыса бастады.
  5. Кен өндірісінің негізгі белгілері пайда болды.

Үй тапсырмасы: Тестпен жұмыс, кестені толтыру  қыш құмыралардың суреттерін салу.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ