Қазақ поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Бұл кезеңдегі қазақ поэзиясының басында сал-сері-лер (әнші-ақындар) шығармашылығы кең етік алды.
Сал-серілер шығарма-шылығы сан түрлі өнер салаларын тығыз байланыстырған ерекше сипаты бар мұра болып табылады. Сал-серілер әдебиет тарихында да, музыка өнері тарихында да есімдері алтын әріппен жазылып, халықтың ерекше ықыласы-на, сүйіспеншілігіне бөленген талант иелері.
Сал-серілердің өзіндік ерекшеліктері мынада: олар өлең жазады, өз өлеңдеріне ән шығарады, сол әндерді өздері орындап, халық арасына таратады. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасыр-дың арасында Біржан сал Қожағұлұлы, Ақан сері Қорамсаұлы, Мұхит Мералыұлы тәрізді бірқатар сал-серілер атағы кең жайылған болатын.
Одан беріректе әйгілі Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы, Иманжүсіп Құтпанұлы, Балуан шолақ Баймырзаұлы, Әсет Найманбайұлы, Жаяу Мұса Байжанұлы сынды өнерпаздар өздеріне дейінгі сал-серілер дәстүрін жалғастыра түскен болатын. Олардың өз дәуірінің мазмұны мен сипаты сәйкес өзіндік ерекшеліктері, бұрынғы сал-серілерге ұқсайтын да, ұқсамайтын да сипаттары мол еді.
Олар-дың шығармалары ерекше әсерлі болған, сол себепті де халық арасында кең тараған.
Әрбір сал-серілердің көтерген мәслесі, қозғаған тақырыбы, көркем ойлау қабілеті өзгеге ұқсамайтын өрнектерімен ерекшеленеді. Олардың барынша ортақ бір мәселесі – өз шығармалары арқылы заман шындығын, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті, әділетсіздікті шыншылдықпен жырлау болды. Олар өздерінің айналасындағы жағдайды жіті көре білді, ойларын батыл айтып отырды.
Өз дәуіріндегі әлеуметтік теңсіздік пен адамдар араындағы әділетсіз қарым-қатынасты, бай адамдардың әлсіздерге жасаған жамандығын жырлауға келгенде, Жаяу Мұса Байжанұлы ерекше жарқырап көрінді. Ол өз басынан өткен жайттарды негізге ала отырып, ағайынның алауыздығы, көре алмаушылық, өтірік пен өсек, бірлік пен татулықтың жоқтығы сияқты құбылыстарды батыл сынады. Сол үшін қуғынға да түсті, таяққа да жығылды.
Бұл тақырып Ақан сері мен Біржан салдың шығармашылық мұра-сында молынан қамтылған болатын. Олар да таяқ жеп, қысы көрген. Ақан сері осындай қысымның кесірінен Құлагерінен айырылып, қарта йған шағын мұң-шермен өткізді.
Сонымен бірге адам баласының өмірі, тіршілігі, көңіл-күйлері, жастық шақ пен махаббат сезімі жайындағы мәселелер де сал-серілердің назарынан сырт қалмады. Халқына әрі ақын, әрі әнші, әрі сазгер ретінде танылған, ұрпақтарына аса мол қолдырған сал-серілердің шығармашылығы әдебиетіміз бен мәдениетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан аса құдіретті құбылыстардың бірі болды.
Сонымен қатар, олардың өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспешілігі, елдің бірлігі, бүтіндігі, тұтастығы. Ел басында күн туғанда қолдарына қару алып, жорыққа бірге аттанды, ру-тайпаларға басшылық етті, сұрапыл қанды майдан көріністерін жырға қосты. Шығармаларында ерлікті мадақтады, қаза болған батырларды жоқтап, ел қайғысымен бөлісті.
Ұқсас материал:
- Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
- Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік-Кебек» дастаны (Сабақ жоспары)
- «Абай жолы» роман-эпопеясының тараулары (ІІ том)
- «Абай жолы» роман-эпопеясының тараулары (ІІІ том)
- «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
- Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
- «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
- Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
- Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
- «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі