Сарымсақ — ең жақсы антибиотик

0
815
Иллюстрация: Freepik.com

Сарымсақтың құрамындағы элементтің тамақтың улануына қарсы ең жиі қолданылатын екі танымал антибиотиктен 100 есе қуаттырақ екені анықталды.

Құрамындағы диаллилдисульфид, ауруға жол ашатын және бактеряның жойылуын қиындататын әртүрлі биопленкаларды жояды.

«Antimicrobial Chemotherapy» журналында жарияланған мақалада бұл элементтің тамақтан уланудың емделуінде жаңа бір жол ашатыны мәлімденді.

Washington State университетінің докторы Майкл Конкел былай деді: «Бұл өте қобалжытатын нәтиже.

Өйткені айналамыздағы бактериялардың және азықтардың жол ашатын уланудың алдын алатын басымдылықтарды көрсетеді».

Campylobacter – АҚШ-та және дүниеде ең көп кездесетін тамақтан улануға себеп болатын бактерия. Оның белгілері әдетте құсу, түйілу, іш ауруы және дене қызуы болады.

Антибиотиктің орнына сарымсақ суы

Америкалық мамандар сарымсақ суының антибиотикке қарсы төзімділік қалыптастырған микроптарды өлтіретіндігін анықтады.

Сарымсақтың жүрек және тамыр жолдарының қорғаушысы, қан қысымын түсіруші әсерімен қоса, бауырдың аз холестерин және май өндіруін қамтамасыз ететіндігі, қан айналымын жақсартып тамыр қатаюының алдын алатыны бұрыннан белгілі еді.

Мамандар сарымсақтың бұл қасиетін «Антибиотиктің жасай алмағанын сарымсақ жасады» деп атауымен, АҚШ-та құрамында сарымсағы бар дәрі-дәрмектердің сатылымы көтерілгені байқалды.

Сондай-ақ дәрілерден гөрі сарымсақтың өзін тікелей тұтыну пайдалырақ екендігі де мәлімденді.

Басқа материалдар:

  1. Годжи жидегі туралы білесіз бе?
  2. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  3.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  4. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  5. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  6. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  7. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  8. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  9. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  10. «Денсаулық басты байлық»
  11. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  12. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  13. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ