Годжи жидегі туралы білесіз бе?

0
806

Ол бізге — таңсық тағам, қытайлықтарға — шипалы дәрілік өсімдік.

Годжи жидегі Шығыс елдерінде (Қытайда, Үндістанда және Тибетте) медицина мен кулинарияда алты жүз жылдан астам уақыттан бері пайдаланылып келеді.

Бұл жидек көз жанарын жақсартып, имммунитетті нығайтады, азая бастаған ер қайратын қайтарып, ұзақ жасауға септігін тигізеді деп есептеледі және басқа да толып жатқан пайдалы қасиеттері бар.

Бұған еш таңданбаймыз да, өйткені бұл жидектің құрамындв 18 аминоқышқыл (олардың 8-і адам организмінде өндірілмейді), 21 түрлі минерал (темір, калий, магний, мыс тағы басқалары), Е, С, В1, В2, В6 дәрумендері болады.

Сонымен қатар, годжи жидегінде ішектің сапрофит микрофлорасына қажет тағам — полисахаридтер бар.

Бұл экзотикалық жидек ел ішінде «қасқыр жидек» деп аталып кеткен. Ол кәдуілгі бозқараған деп аталып жүрген бұталы өсімдіктің жемісі.

Ел аузындағы аңызға қарағанда шөппен емдейтін қытайлық Ли Цинъюнь годжи жидегі бар диета ұстап 197 (аңыздың басқа нұсқасында — 256) жыл өмір сүріпті.

Алайда көп жасаушы ғұмырының ұзақтығы да, оның ұзақ жасауына жидектің бір септігі болғаны да дәлелденген жоқ.

Басқа материалдар:

  1. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  2.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  3. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  4. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  5. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  6. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі
  7. Денсаулығым бақытым (танымдық кеш)
  8. Тазалық — денсаулық кепілі. Сабақ жоспары
  9. «Денсаулық басты байлық»
  10. «Денсаулық-зор байлық» ашық сабақ
  11. Денсаулыққа қатысты пайдалы 10 кеңес
  12. Тарының ағзаға пайдасы көп

ПІКІР ҚАЛДЫРУ