Сергіту сәтіне арналған өлеңдер

0
1652
Иллюстрация: Freepik.com

1 деген де тұрайық,
2,3,4-алақанды соғайық
Оң жаққа бұрылып
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық

5 деген де асықпай
Орымызды табайық.

Күзде аспанға қараймын
Қайтқан құсты санаймын
Үш бұрыш боп тұрналар
Көк жүзінде сырғалар

Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөлейді
Көктем келді, деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп-теріп аламыз
Қалтамызға саламыз.

Ал балалар тұрайық
Бойымызды жазайық
Ағаштарша тербеіп
Кәне, сергіп алайық
Қолымызды созайық
Орнымызды табайық.

Мұз айдында сырғыймыз
Тауда шанғы тебеміз
Қар лақтырып ойнаймыз
Шелекпен су құямыз

***               ***                    ***

Алма баққа барайық
Алма тері алайық
Ен үлкенің, жақсысын
Әжемізге сыйлайық.

Доп домалақ доп ұстап
Домалатып көрейік
Диірмен болып ұн тартып
Дым қалдырмай елейік.

Орнымыздан тұрамыз
Мойнымызды бурамыз
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз.

Біз кішкентай баламыз
Өсіп-өсіп толамыз
Күнге қарап, табынып
Көккке қолды созамыз.

Қанат қағып ұшамыз
Қарлығаштай самғаймыз
Бір отырып, бір тұрып
Жаттығулар жасаймыз.

Астанада бар жаңа үй
Жаңа үйде тұрамыз
Баспалдақтан жүгіріп
Қабаттарды санаймыз
Бір қабат,екі қабат
3,4,-біз пәтердеміз.

Басқа материалдар:

  1. Перспективалық жоспар (Балабақша жоспары)
  2. Рәміздер туралы тәрбие сағаты (Балабақша)
  3. Жұлдызды жұп (балабақша сайысы)
  4. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  5. Жаңа Жылға арналған ертеңгілік : «Ертегі әлемі»
  6. «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында ертеңгілік
  7. «Жаңа бақыт — жаңа жыл!» балабақшадағы кеш сценариі
  8. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  9. «Төрт түлігім – ырысым» (балабақша жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ