Ш. Құдайбердіұлы, М. Ж. Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи құндылығы (сабақ жоспары)

0
3596
Гомотетия және оның қасиеттері

Сабақтың мақсаты:
– Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерін тарихи дерек ретіндегі маңызын айқындау.

Зерттеу сұрағы: Ш.Құдайбердіұлы, М.Көпейұлы, Қ.Халид еңбектерінің
тарихи құндылығы неде?

Оқулық
Құдайбердіұлы, М. Ж. Көпейұлы, Қ. Халид еңбектерінің тарихи құндылығы. 198–202 беттер.

Ресурстар
1. Ш. Құдайбердиев. Шығармалары. Алматы: Жазушы, 1990.
2. Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Таңдамалы шығармалар жинағы. Алматы:
Ғылым, 1990.
3. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 3-том. –
Алматы: Атамұра, 2002. 768 б.

Тірек сөздер: шежіре, поэма, қисса, дастан.

Көрнекілік
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид суреттері, кітап көрмесі.

Мақсатты айқындау
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбектеріндегі қазақ тарихына қатысты деректердің маңыздылығын айту. Олардың еңбектерінің қазақ халқының тарихынан алатын орнын түсіндіру.

Дамытушылық маңызы. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид тұлғалық қасиеттерін ашып көрсету арқылы оқушылардың өз бойларында тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал ету.

Тәрбиелік маңызы. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбектеріндегі қазақ тарихына қатысты деректерді оқыта отырып, оқушыларды туған жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид шығармалары сабақтың негізгі деректік материалдарын құрайды. Олардың еңбектерінен үзінділер дайындап, оқушыларға оқып беріп, оқушыларға толық оқуға ұсыну керек.

Сабақ түрі мен әдісі
Пәнаралық сабақтастық. Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид еңбектеріне тек қана тарихи дерек көзі ретінде ғана емес, қазақ халқының рухани мұрасы ретінде қарау. Әдебиет пәнімен байланыста өту. Сыни ойлау, сыни талдау.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халидтың өмірімен олардың құнды еңбектерімен таныстыру керек. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының “Наурыз” атты шығармасындағы мәліметтерді оқи отырып, қазіргі күнгі Наурыз мерекесінен қандай айырмашылықтар барын талқылау.

Бағалау мүмкіндіктері
Сабақты қорытындылау барысында Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид шығармаларының аттарын, олардың қазақ тарихынан алатын орындары жайлы өз ойларын айтуды ұйымдастыру керек.

Қосымша тапсырмалар
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Құрбанғали Халид өмір жолдарымен таныса отырып, осылардың бірі туралы “Тұлға” атты эссе жаз.

Білімін шыңдауға берілген тесттен 3 дұрыс жауабын тап!
1. Шәкәрім Абайдың қандай туысы болатынын анықта:

А) Шәкірті;
В) Құнанбайдың үшінші әйелі Айғанымның ұлы;
С) Абайдың Оспаннан кейінгі інісі;
Д) Абайдың екінші әйелі Айгерімнен туған ұлы;
Е) Құнанбайдың бәйбішесі Күнкеден туған Құдайбердінің баласы;
F) Абайдың ағасы Тәкежанның үлкен ұлы;
G) Абайдың інісі Құдайбердінің кіші ұлы;
H) абайдың нағашы інісі.

Тесттен 2 дұрыс жауабын тап!
2. Құрбанғали Халидтің шығармаларын көрсетіңіз:

А) «Ер Көкше»; Е) «Көш», «Мал айдау»;
В) «Тауарих Хамса»; F) «Жарида»;
С) «Лепсі өлкесін қоршаған таулар»; G) «Наурыз»;
Д) «Атқа мінген қазақ»; H) «Сайын батыр».

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. Абай Құнанбаев – ұлы ақын (сабақ жоспары)
  2. Шоқан Уәлиханов — дарынды ғалым (сабақ жоспары)
  3. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы (сабақ жоспары)
  4. ХІХ ғасырдағы қазақтың күй өнері (сабақ жоспары)
  5. «Зар заман» әдебиет ағымы өкілдерінің саяси көзқарастары (сабақ жоспары)
  6. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті (сабақ жоспары)
  7. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  8. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ