Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз

0
3308
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ әдебиетіндегі көпетеген поэмаларда кейіпкерлерден болашағымызға улгі етерлік қасиеттері мен өзіміздің бойымыздан алшақ етуге тырысатын қасиеттер болады.Қазақ әдебиетінің шығармашылығында кейіпкердің бейнесін керемет суреттейді.

Соның бірі Шәкәрім Құдайбердиевтің Еңлік-Кебек поэмасындағы екі ғашықтың бейнесі.Батыр Кебек пен тік мінезді сұлу Еңліктің бейнелерін оқып отырып көзге елестете аламыз.

Кебектің батырлық ер мінезіді,парасатты әрі ақылды ер екені,ел-жұрты үшін жасқанбайтын азамат екенін білеміз.Еңліктің сұлулығымен қатар бойындағы батылдықпен күресшілдік қасиетерін байқаймыз.Бірақ Еңліктің бойынан қазақ қызына тән емес қасиеттері байқалады.Еңліктің қай мінезі қазақ қызына сай емес екендігін талдап көрейік.

Біріншіден,Еңліктің бойындағы еркекшоралық.Ер балаша киіну қазақ қызына мүлдем жараспайды.Қазақ қыздары ұзын көйлекпен орамал киюдің арқасында өздерінің гүлдей нәзік сұлу жандар екенін көрсете білген.Еңліктің ер балаша әрекет жасауы да қазақ қызына жат қылықтың бірі.

Екіншіден,қазақ қызы ешқашан ата-анасына қарсы шықпаған,ата-анасының ақ батасын алмай кетпеген.Еңлік өзінің атастырылған адамы бар екенін біле тұра ол Кебекке өз сезімін айтадаы.Еңліктің Кебекпен қашып кеткенін есту қыздың ата-анасына оңай болмады.

Қазақ қызы ешқашан ата-анасының рұқсатынсыз қашып кетпейді.Ата-анасы қабылдаған шешіміне Еңліктің қарсы шығуыда қазақ қызына кереғар мінездерінің бірі.Қыз бала өзінің орнын білген,үлкендердің шешіміне қарсы шықпаған. «Мен жүрген бір сорлымынбағым жанбай «деп Кебекке өзінің басқаға атастырылып сорлының кейіпін кешіп жүргенін айтады.

Еңліктің бойында қыз балаға тән ұяңдық байқалмайды.Қазақ қызы әрдайым гүлдей нәзік ,тәрбиелі жан болуы қажет.Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрмет тұтады.Парасаттылығы мен инабаттылығы бойында,көркіне ақылы сай қазақ қыздары әрдайым ұлтымыздың ұлылығының дәлелі бола алады.

Ұқсас материал: 

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік-Кебек» дастаны (Сабақ жоспары)
  3. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІІ том)
  5. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
  10. «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ