Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келді?

0
1437
Иллюстрация: Freepik.com

Абай және Шәкәрім… Бірінші айтар нәрсе Шәкәрімнің Шәкәрім болып қалыптасуына әсер еткен бірден бір тұлға, ол ағасы – Абай.

Ол жастайынан Абайдың тәрбиесінде өсті. Абайдың ықпалымен өлең жазды, Абайды түсінуге тырысты. Абайдың діттеген мақсатын өз діттегеніне айналдыра білді. «Абай нені қалап еді?» деген сұрақ туындары анық.

Ұлы ақынды мазалаған да, ұйқы бермеген де қалың елі қазағының жайы екені бәрімізге аян. Ақын өз шығармаларында халқының кейбір наданығы – өнер, ғылым, білім іздемей, мал іздеуі, мақтан табуы жайында ашына да ашыла айтты.

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім, — деп сөз бастаған Абай жастардың құр уақытты өткізбей, білім жолына түсуін қалады.

Өз кезегінде інісі Шәкәрімге «білім ал, өрісіңді кеңейт!» — деп талай рет айтты, талай рет оған жол сілтеді. Абай сілтеген жолды, Абайдың жолын Шәкәрім ұғына білді. Міне, сол үшін де Шәкәрім өлеңдері Абай өлеңдерімен қай жағынан болмасын сабақтас болып келеді. Соның бірі «Жастарға» атты өлеңі.

Ол жастарға өшпес өмір, зорлықсыз мал беретін данышпан бар екендігін, ол данышпанның Абай екендігін айтады. Жастарды Абайдан ақыл, білім, насихат іздеуге шақырады. Надандықтың заманы орнап тұрған шақта жастардың жайын ойлап, Абайдың халін ұқтыруға тырысты. Абай айтар ақылын айтудай-ақ айтқан еді, алайда, оның сөзін сөз деп іліп алар жан табылмады.

Шәкәрім жастарды Абай ақылын алуға шақырды. Өз Абайын өздері ұнатпайтын халқының сол бір надан мінездерін кінәләді. Шәкәрімнің мазалаған ойлары қазақтың ғылым-білімді іздеуін, сол ғылым мен білімге ие адамдармен санасуын қалады. Ол қоғамның кемшіл тұстарын табалай отырып, басқа бір жолды табуға итермелер, жастарды жігерлендірмекке талпынды.

Осы жолда ақыл тұтар сөз иесін Абай деп таныды. Соның ілімімен дүниеде мақтан жыймай, надан болмай, жалқаулық танытпай, өтірікке бармай өтуді дұрыс деп тапты.

Ұқсас материал: 

  1. Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы. «Еңлік-Кебек» дастаны (Сабақ жоспары)
  3. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІ том)
  4. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сының тараулары (ІІІ том)
  5. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  6. Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі
  7. «Қаһар» романы туралы. Шығарманың тілдік ерекшелігі
  8. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  9. Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер
  10. «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ