«Шығарманы талдау арқылы, оқушының музыкалық сауаттылығын арттыру» (сабақ жоспары)

0
1385
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушының алған білімін қолдануға, нотаны талдауға үйрету, өз бетінше жұмыс жасай білуге, жан-жақты еркін, үлкен ізденіспен шебер ойнай білуге қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушының танымдылық қызығушылығын, есту және меңгеру, есте сақтау нотаға қарап ойнау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушының ақыл ойын, өз бетінше жұмыс жасауға, қиялдау қасиетін дамытуға тәрбиелеу.

Сабақтың типы: аралас сабақ.

  1. Мұқағали Мақатаевтың «Қайырлы түн», «Қара өлең» шығармасы (сабақ жоспары)
  2. XVIII ғасырдағы ақын-жыраулар шығармаларындағы тарихи оқиғалар (сабақ жоспары)
  3. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  4. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы

Көрнекі құралдар: фортепиано, композиторлардың портреттері, ноталар, түрлі-түсті
суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойнау, талдау, сараптау.

Пәнаралық байланыс: музыка әдебиеті, сольфеджио, орыс тілі.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (Екі түрлі картинка (смайлик) арқылы оқушы біреуін таңдап іліп қояды. Оқушыдан класта қандай ерекшелікті көріп тұрғанын сұрау.

(Оқушы осы картинканы көрсеткеннен кейін, осындағы белгісіз ноталарды жеті бағыт тапсырмалары арқылы сабағымызды бастаймыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру: D-dur гаммасын қайталау
— Үйге берілген Ақан Қорамсаұлының «Балқадиша» әні және Ф.Шпиндлер «Сонатинa».

— Оқушы Балқадиша шығармасын орындап бергеннен кейін, оның шығу тарихын баяндап беру. «Ертеректе Балқадиша деген қызды өз еркінсіз шалға бергендіктен , қайғы шеріне арнап шығарылған шығарма, қазір біздер Тәуелсіздік алғалы әр адам өз қалауымен өмір сүре алады», — деп қысқаша түсіндіру.

«Мұңды шерін жеткізіп бұлақ көзін,
Әсер етер адамға әуен сөзін,
«Балқадиша» әнін сен орындадың,
Әрбір клавиш толқыды жылап төзім.

Ең алғаш болып тұратын «ДО» нотасын,
Іліп қәне, қояйық бірінші өзін» деп
«ДО» нотасын бірінші баспалдаққа орналастырамыз.
Оқушы келесі шығармасы Ф. Шпиндлер «Сонатинасын» орындап шығады.

Мына әуен сәл көңілді екен деп,
Бұл аспапта «Сонатина» тұр мен деп.
Ойлап тұрмын мен екінші баспалдақ,
«Ре» нотасы тұрсын енді, мекендеп
«РЕ» нотасын ілеміз.

3. Сергіту сәті. Шарықтап әуен ойнап қалықтаған,
Әндерден ешкөңілім жалықпаған.
Жаңа жылдық әндерді біз тыңдадық.
«Ми» нотасын ілейік шарықтаған.

Осы әндердің ішінен қандай ән саған қатты ұнады.
Оқушы «Веселые колокольчики» әнін таңдады.

4. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Негізі, Рождество мейрамына, яғни жаңа жылға
жүздеген әндер жазылған, ол әндер әр жерде, әр түрлі вариациялармен айтылып жүр. Бұл әндерді көбінесе американдықтар, ағылшындар, француздарда жиі айтады. Ол «Веселые колокольчики» (Джингл Беллз) әні.

Бұл әннің шығу тарихы мынадай:
-Американдық әнді 1953 жылы бірінші рет сахнада Эрте Кит деген әнші орындаған, әнде Санта Клаустан қымбат бағалы сыйлықтар сұраған қыз туралы айтылған. Бұл көңілді әнді әр мейрамда АҚШ-да қалдырмай айтады.

Ал әннің сөзін Вилиям Чаттерсон Динкс деген жазушы жазған, ол ағылшын гимнінің және көптеген рождество әндерінің авторы. Бұл әнді әрине, Австралиялықтарда қатты ұнатып қалады, бірақ оларда желтоқсан айында күн жанып тұрғандықтан ешқандай қарда жоқ, шанада жоқ. Бірақ, әнді австралиялық текстпен өздерінің атақты Холден Ют автомобиліне мініп алып айтатын болған.

Ал, қазір «Джингл Беллз» әнін әртүрлі қоңыраулардың үнімен үндестіреді. Шынымен бұл шарлар металлдан істелген, ал ішінде ұрмалы таяқшалар бар, бұл қоңырауларды Рождествода өздерінің әдемі шаналарға тағып алатын болған, сонымен қатар шыршаларды безендіреді. Ал атақты тарихшы Джеймс Фалд бұл әндегі негізгі тақырып көңілді қоңыраулар деп шығарған.

Сонымен бұл әннің қазіргі атауы «Звените, колокольчики» яғни «Сыңғырлаңдар, қоңыраулар» немесе «Көңілді қоңыраулар» деп аталып кетті.

Әнді талдау: Мінездемесі: Қимылды. Яғни өте көңілді орындау керек, өлшемі 4/4, сол жақ қолы стаккатомен арпеджиомен ойналады. До-мажор гаммасында жазылған, екінші және үшінші октавалардың ноталарымен ойналады.

Біз білімнен ешқашан алыс кетпен
Таныс әуен, таныс әндер, таныс екен
«Көңілді қоңыраулар» ән шырқасын.
«ФА» нотасын ілейік мына шетке – деп. «ФА» нотасын ілеміз.

Оқушымен көңілді қоңыраулар әнін бірге ойнайды.«Яғни оқушы сол қолдың партиясын
ойнайды» оқытушы оң қолды ойнайды». Бұл әндерді Жаңа жыл мерекесіне бүкіл ел
ағылшын, орыс тілдерінде шырқайды, ендеше біз келген қонақтармен бірге шағын ансамбль құрып, қазақ тілінде осы әнді айтып шығайық, — деп әннің сөзін келген оқытушыларға береміз.

5. Бекіту: Сұрақ-жауап алу

1. Бүгінгі сабақта орындалған мұңды әуен қандай?
2. 4/4 өлшеміне орындаған шығарманың авторы кім?
3. «Джингл Беллз» әнінің аудармасы?
4. «Звените колокольчики» әнін нотаға түсірген композитор?
5. Жаңа жыл кешінде орындалатын әндерді ата? Сыйлық

Мына өмір мың сұрақтан тұрады,
Жауап беру бұл өмірдің сынағы.
Нұрлы қызым мүдірмей жауап бердің,
«Соль» нотасы ол бесінші тұрады.- деп «Соль» нотасын іліп қоямыз.

Осындай шуақ шашқан көлеңкеде,
Ескерусіз қалып қоймай көлеңкеде.
Музыка шығына біз шарықтайық.
«Ля» нотасын іліп қойып мерекеде. – деп «ЛЯ» нотасын іліп қоямыз.

6. Қортындылау: Міне, бүгін біз өзің көргендей, өзің естігендей жеті тапсырманы орындай отырып, жеті дыбыстың әртүрлі әуен арқылы музыка патшасының шыңына шыға аламыз.Ол үшін біз кез келген әуенді талдау арқылы өз сауатымызды толық аша аламыз деп ойлаймын. Шынайы музыка біздің жүрегімізде тәтті сезім ұялатады.

Биікке өрлеп музыка баспалдағын,
Шыңдарға шыға берсең жатсынбағын.
Ең соңғы «СИ» нотасы биіктесің,
Әуені боп қалықтап, мың сыңдардың, – деп «СИ» нотасын іліп қоямыз.

7. Бағалау: Жақсы, өте жақсы
Іздестіріп жер көкті қарайын да,
Керемет мүмкіндік табайын да,
Нұрлыайым сені бүгін бағалайын,
«Бестік» деген бағаны алайын да, – деп оқушыны бағалау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ