Шыңғыс хан және Моңғол мемлекетінің құрылуы (сабақ жоспары)

0
1420
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— 6.2.2.3 — көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
— 6.3.1.6 — XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттерді білу және картаны қолданып, саяси процестерді түсіндіру.

Зерттеу сұрағы

Моңғолар мемлекеттілік деңгейіне қалай жетті?

Оқулық

Шыңғыс хан және Моңғол мемлекетінің құрылуы. 108–111 беттер.

Тірек сөздер

— Шыңғыс хан
— моңғол және түркі тайпалары
— Тоғрыл хан
— татарлар
— құрылтай

Ресурстар

Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 1-том.
Алматы. Атамұра. 2010. 440-453-б.

Сабаққа дайындық

Шыңғыс ханның шын мәніндегі әлемдік деңгейдегі тұлға екендігін, Моңғол мемлекетінің құрылуының барысын көрсету үшін алдын ала XIII ғасыр басында моңғол үстіртінде мекендеген түркі және моңғол тайпаларының орналасуы мен олардың қоғамдық саяси құрылымын көрсететін кесте дайындау керек.

Сонымен қатар, ортағасырлар кезеңіндегі түркі-моңғолдардың әскери өнердегі
жетістіктерін көрсететін арнайы слай дайындау қажет. Осы екі материалды біріктіре отырып, Шыңғыс ханның қоғамдық-саяси дамуы жағынан төмен тұрған моңғол тайпаларын қалай біріктіргені мен басқа да түркі тайпаларын жаулап алуы мен көп ұзамай күшті бір орталыққа бағынған мемлекет құра білуінің барысын түсіндіруге болады.

Сабақтың деректі материалдары

“Шыңғыс хан” (ҚХР түсірген, қазақ тілінде “Қазақстан” ұлттық арнасында берілген, 30 сериялы телехикая) телехикаясының 1-ші бөлімі бойынша қысқартылған сюжет дайындауға болады.

Шыңғыс ханның портреті, XIII ғасыр басындағы моңғол үстіртінің картасы, слайдтар, кестелер, “Моңғолдың құпия шежіресінен” (Моңғолдың құпия шежіресі : XII-XIII ғасырлардағы көшпелілер шежіресі ауд. М. Сұлтанияұлы. Алматы. Өнер. 2009. — 216 б.) үзінділер түріндегі дидактикалық материалдар.

Сабаққа әдістемелік нұсқау

Сабақ түрін шығармашылық ізденіс сабағы ретінде ұйымдастыруға болады. Тірек-сызба, сын тұрғысынан ойлау элементтері”, “Фишбон” немесе “Балық қаңқасы” әдісі, жуан жіңішке сұрақтар технологияларын пайдалана отырып, дүниежүзі тарихы, география пәндерімен байланыстыру керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Шыңғыс хан тұлғасына қатысты пікірлер сан-алуан, әсіресе оның шығу тегіне қатысты айтыс-тартыстар қайшылықты. Сондықтан, оқушыларға Шыңғыс ханның шығу тегіне қатысты мәселеде дұрыс бағдар беру керек.

Шыңғыс ханның тұлғалық қасиеттерін аша отырып, оқушылардың оны әлемдік тұлғалар Ескендір Зұлқарнайын, Наполеон және т.б. салыстыра отырып, олардың тұлғалық қасиеттерінің жағымды және жағымсыз қырларын талдауын ұйымдастыру маңызды.

Сабақтың барысы

Жаңа материалды оқып үйрену үшін мұғалім алдын-ала дайындалған бейне материалды қосып, оқушылардың белсенді түрде сабақты талдауға аралауын қамтамасыз етеді. XIII-XV ғасыр басындағы моңғол үстіртіндегі түркі-моңғол тайпаларының қоғамдық-саяси дамуының ерекшеліктерімен таныстыра келе, Шыңғыс ханның тұлға ретінде қалыптасуының барысын, ерекшеліктерін анықтайды.

Одан әрі, Шыңғыс ханның моңғол тайпаларын біріктіруі жолындағы күресінің барысы мен нәтижелерін талдай отырып, мемлекеттілік деңгейі жағынан сол замандағы ең мықты болған Найман және Керей хандықтарының құлауының себептерін талдауды оқушылардың тікелей қатысуымен қарастырады. 1206 жылы Шыңғыс ханды хан көтеру рәсімінің тарихи маңызы мен бірге этнографиялық сипаттамасын қоса көрсетіп, жалпы
көшпелілер өркениетінің ерекшеліктерін айқындайды.

Бағалау мүмкіндіктері

Сабақты қорытындылау кезінде оқушылардың игерген білімін бағалау үшін алдын ала дайындалған сұрақтар арқылы оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеруге және бағалайды. Жаңа сабақтың материалдары арқылы оқушылардың білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін бағалау арқылы ауызша жауап алу әдісін пайдалануға болады.

Алдын ала ескерту арқылы ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған, басқа оқушылардың жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар, мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған
сұрақтарына жауап берген, жаңа тақырыпты тез түсінген балаларға қосымша
ұпай беру әлдісі арқылы бағалу керек.

Қосымша тапсырма

1.Ортағасырлардағы көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктері туралы
салыстырмалы кесте дайындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  3. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  4. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  5. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  6. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  7. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  8. Ертеортағасырлық сәулет ескерткіштері (сабақ жоспары)
  9. Әл-Фараби — әлемнің ұлы ойшылы (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ