Студенттерге пайдалы 5 кеңес

0
1522
Иллюстрация: Freepik.com

1. Университет – мектеп емес

Сені ешкім мектептегідей сүйремейді. Профессорды сенің зачет/бағаң/дипломың қызықтырмайды. Үй жұмысын орындағаның/орындамағаның қажет емес. «Незачет» дейді де, отыра береді. Неге оқымайсың деп ешкім айтпайды. Қадағаламайды. Деканатқа ата-анаңды шақыртып, сөйлеспейді. Ешкім сен үшін басын ауыртпайды. Себебі универ мұғаліміне ол керек емес.

Мектептегі мұғалімі, завуч, директорлар есеп (отчет) беретіндіктен, сенің артыңнан жүгіреді. 1-2 пәннен тоқсанға 5-тік болмаса, көтермелеп қойып жүреді. Жақсы оқығаның оларға абырой. «Менің пәленше оқушым отличник, алтын белгі» деп мақтанады. Мақтау грамотасымен марапатталады. Премия алады.

Кітап бетін ашпасаң да, әйтеуір мектепті аяқтайсың. Ештеңе білмесең де, емтихандарға қатыспасаң да 3-тік қояды да, аттестатыңды қолыңа ұстатып, шығарып салады.

Универдегі ұзтаз дипломыңды ойламайды. Көңілінен шықпасаң, оқу орнынан шығара салады. Есіңде болсын, универ – мектеп емес. Сен есейдің! Бойжеттің! Ержеттің!

2. Оқудан тыс іс-шараларға жиі қатыс

Әдетте ондай іс-шараларға тек белсенді студенттер ғана қатысады. Олар мектеп кезінен сахнаға шығып, активист боп үйреніп қалған. Ал, басқаларға іс-шара түгілі сабаққа барудың өзі қиын. Ерінеді.

Еріншектік – кез келген нәрсеге кедергі екенін білесің. Онымен күресу керек. Ең бастысы, алғашқы қадамды жасап, жалқаулықты жеңу керек. Жұмыстан ләззат алуға талпын.

Іс-шараларға қатыссаң қызықты, дамушы адамдармен танысасың. Ортаң мықты болады.Өзің де тез дамисың.

3. Тапсырмалардың бәрін өзің жаса

Курстық жұмыс пен бақылау жұмысын өзің жаз. «Пысық» адамдарға жасатып ап, құтылып кетем деп ойлама. Әрине, уақытша мәселең шешілу мүмкін. Алайда, бұлай алған білімің болашақта кері әсерін тигізері хақ.

Оған қоса, ұстаздардың көбі тапсырысқа жазылған курстық жұмыстарды танып қояды. Тәжірибелері бар ғой.

Саған ақшаға «жасап» берген жұмыс, жай алдыңғы жылдың жұмысы боп шығуы мүмкін. Сәйкесінше, сабақ беруші оны көшіген. Таниды. Сосын саған деген көзқарасы өзгереді. Мұғалімнің қара тізіміне кетесің.

Тапсырмадарды өздігіңнен орындасаң, білімің артады. Ақпаратты іздеуге машықтанасың. Дағдыланасың. Пісесің.

4. Кітап оқы

Кітап оқу қазақ жастарының арасында трендке айналды. Оқу арқылы  өзгенің тәжірибесін көріп, сабақ аласың. Сөздік қорың да артады.

Кітап өзгенің тәжірибесін береді. Тайм-менеджмент тақырыбын зерттеген Брайан Трейсиді оқып, аз уақытта көп іске үлгересің. Отбасы психологиясы жайлы кітап оқып, көп кикілжіңнің алдын аласың. Олар сияқты бұл тақырыпты жылдар бойы зерттемесең де болады.

Кітап оқысаң, сөздік қорың молаяды. Кітап оқығанда контекстке қарап, бейтаныс сөздердің мағынасын біліп аласың. Арнайы жаттаудың қажеті жоқ. Кейін жазғанда, сөйлегенде сол сөздер есіңе түседі.

Өзгенің қатесінен сабақ алу үшін кітап оқу керек. Сөздік қорыңды байытуда да кітаптың пайдасы зор.

5. Интернетті орнымен қолдан

Ақпарат іздеу емес, жай көңіл көтеру үшін интернетте бірнеше сағат бойы отыру – жаман әдет. Тағы бәрінің телефоннан интернетке шығу мүмкіндігі бар. Жағдайды ушықтыратыны – көптеген жоғары оқу орындарында ашық wi-fi . Оны жақсы мақсаттармен қосу керек.

Бірақ, әдетте, студенттер универге ноутбуктермен келіп, интернетте отырады. Профессорды бір құлақпен тыңдаса да, ақпаратты жақсы игере алмайды ғой. Студент үшін интернет, ең алдымен, оқу үшін пайдалы ақпарат көзі. Содан кейін – әлеуметтік желілер мен ютубтағы күлкілі бейнелер екенін біл.

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?
  13. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  14. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  15. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек


ПІКІР ҚАЛДЫРУ