Тұттың (тутовник) емдік қасиеті

0
2503

Тұт құрамында емдік қасиеті боғандықтан, оны «Көне аспирин», өсірілетін жерді «Полинезиялық пенициллин» деп атайды.

Бұрынғы кезде тайпа дәрігерлері оны «Ауру басатын» деп атаған. Тұт ағашын немесе тұтаны шынымен ұзын бауыр деп атауға болады. Ол орташа есеппен 200-300 жыл өмір сүреді.

Тұт ағашының жіңішке тамырын қазып алып жуып, өзегімен бірге кептіреді. Ал жуан тамырының тек қабығын ғана аршып алады. Содан соң оны күлдей етіп ұнтақтап, соның бір ас қасығын жарты литр суға салып, 10-15 минут қайнатады. Үстіне жүгері дəніндей ашудасты салып ауызды шайып жүрсе парадантоз ауруына жақсы ем. Тіс түбінен аққан қанды тоқтатып, босаған тісті бекітеді.

Маусымда жаңа піскен 1 стакан тұт жемісі ұйқы безі мен бүйрек ауруларынан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді.

Тұт ағашы жемісінің бір стақанын алып, үстіне бір ас қасық алма сірке суын құйып, бір күн тұрғызып бетті сүртсе, беттегі дақ пен секпілді жоғалтады.

Мырыш пен хромның көп болуына байланысты тұт жапырақтары простата ауруларын емдеуде кеңінен қолданылады. Арнайы ерлерге шырын жасап береді.

Тұт жемісінің 1 кг алып, еттартқыштан өткізіп, оған жарты кг бал салып араластырып жеп жүрсе бауыр ауруын емдейді. Бірақ бұл емді балға аллергияңыз болмаса ғана жасаңыз!

Диабетпен ауырып бастаған шақта 2 ас қасық тұт жемісінен 200 грамм алып, оны қайнап тұрған суға салып, жабық ыдыста 4 сағат бұқтырады. Таза дәкемен сүзіп, әр жолы 50 грамнан ас алдында күніне төрт мезгіл ішеді.

Көктемдегі салқын да сызды ауа құбылысында созылмалы қолқа қабынуы – бронхит те көп адамды мазалай бас�тайды. Демігіп, жөтел күшейген осы кезде тұт тамырының қабығынан 15 грамм алу керек. Дәріханадан перила тұқымы (15 грамм) мен қызыл мия тамырын (10 грамм) табуға болады. Мұның барлығын суға қайнатып, ішіп жүрсе шипасы мол.

Тұттың 200 грамм жас жапырағын суға қайнатып, жазылмай жүрген жараларды сол сумен сүрту керек. Компресс жасаса тіпті жақсы көмектеседі.

Қан тазалау үшін тұттың жемісі мен жас бұтағынан бір ас қасықты 300 миллилитр суға 3 минут қана қайнатып, бұқтырып қойып ішеді. Ол бауыр, бүйрек жұмысын күшейтіп, қан құрамын, көздің көру қабілетін жақсартады.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ