Безеуден арылуға арналған әдістер

0
584
Иллюстрация: Freepik.com

Бетке безеу көп жағдайда жасөспірім шақта шығады. Басты ереже: безеуді сығуға болмайды! Өйткені теріңізге инфекция түсіресіз.

— Кәдімгі үйіңізде өсіп тұрған алоэның бір сабағын үзіп, шырынын безеуге жағыңыз. Бұл іріңдеп, ісініп тұрған безеуді кетіреді. 5-6 күн бойы жағып жүру қажет.

— Теріге безеу шығып кетсе, оны 3 күн қатарынан картоп суымен сүртіңіз. Ол үшін шикі картопты кесіп, соның суымен сүртесіз.

— Егер бетіңіз безеуден қатты қызарып, ісінсе, көк шаймен компресс жасаңыз. Қайнаған қою көк шайға мақтаны бинтке орап салыңыз. Жылы күйінде компресіңізді бетке 5 минут қойыңыз. Содан соң жаймен құрғатып сүртесіз.

— Картоп қайнатқан суды суытып, оны бет жууға арналған тоник ретінде қолдануға болады. Мұндай тоникті тоңазытқышқа қою қажет және 2 күннен артық сақтауға болмайды. Бетті нәрлендіреді.

— Безеуді арылудан түймедақ тұнбасы да жақсы әсер етеді. 1 стақан қайнаған суға 1 шай қасық кептірілген түймедақ гүлдерін қосып, 5 минут қайнатыңыз. Содан соң, 30-40 минут тұндырыңыз. Осы тұнбамен күнделікті таңертең және кешке безеу шыққан теріні сүртіңіз. Бұл көбінесе суықтан, ішкі инфекциядан шыққан безеуді бірден емдейді.

— Безеулерді кетіруге жолжелкеннің жапырақтарыда көмектеседі. Жолжелкеннің жапырақтарының шырынымен безеулерде күніне 2-3 рет сүртіп тұруы тиіс.

— Бетті тазалап жуып, содан соң пиязды қалыңдап тураңыз. Оны бірден бкзеудің үстіне 8 минутқа қойыңыз. Сосын жылы сумен жуып тастаңыз. 2-3 емнен соң, нәтижені бірден байқайсыз.

— Беттегі секілді, пигменттік ақтарды ағартып, көрінбейтін етуге болады. 2ас қасық петрушка үнтағына 150 мл қайнаған су құйып, баяу отта 15 минут қайнатасыз. Содан соң 1 сағат тұндырып қоясыз. Тұнбаны сүзіп, 1 ас қасық бал мен 1 жұмыртқаның сарыуызын қосып, жақсылап араластырасыз. Дайын қоспаны бетіңізге жағасыз. 15 минуттан кейін алдымен жылы, сосын салқын сумен жуып тастаңыз.

— Қиярдан жасалатын лосьон— ұсақтап туралған қиярдың 3 ас қасығын ыдысқа салып, үстінен қайнаған су құйыңыз. Бір күн бойы Сүзілгеннен кейін 1 шай қасық бал қосыңыз. Барлық компоненттерді мұқият араластырып алғаннан соң мақталы тампонды осы қоспаға батырып, теріңізді сүртіңіз.

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-

ПІКІР ҚАЛДЫРУ