Қазақ тілін дамытуға арналған ресурстар

0
899

Бұл қосымшалардың басты ерекшелігі – қолыңыздағы смартфон арқылы кез келген жерде пайдалана алу мүмкіндігі.

Sozdik – қазақ тілінің онлайн түсіндірмелі сөздігі. Қажет сөзді немесе сөз тіркесін жазып жіберсеңіз әп-сәтте мағынасын алдыңызға жайып салады. Егер сіз НЗМ-ға дайындалып жүрген талапкер болсаңыз, ендеше, бұл қосымша сіздің айнымас серігіңізге айналуы қажет.

  1. Электр техникасы және автоматтандыру мамандығын оқытатын университеттер
  2. Стаматолог болғыңыз келсе…
  3. Фармация мамандығына түсу үшін

Sozdik.kz – орысша-қазақша сөздердің аудармасы берілген.

Emle.kz – қазақ тіліндегі ең соңғы өзгерістер, сөздердің орфографиялық ережелерінен хабардар болғыңыз келсе, ендеше төрлетіңіз.

Soyle.kz – қазақ тілінің онлайн курсы. Тақырыптық сөздіктен бастап, деңгейге бөлінген тапсырмалар орындауға құрылған бағдарлама. Бір бас сұқсаңыз, қазақ тілінің майталманы болып шыға келесіз.

Tilqural.kz – қазақ тілін бастаушыларға арналған сатылы түрде оқыту қосымшасы. Қарапайым күнделікті диалогтан бастап, қазақ салт-дәстүріне негізделген ақпараттарға қанық боласыз.

Ikitap және Kitap платформалары – қазақ және әлем әдебиетінен сусындап, күздің көркем кешінде өзіңізге әдемі аура сыйлағыңыз келсе, әлемдік шедеврлардың бірін таңдаңыз да, қазақ тілінде оқуды бастаңыз.

Калькасыз қазақ тілі телеграм каналы – ана тілімізде дұрыс жазып, дұрыс сөйлеуге бағыт беретін, күнделікті қолданыстағы біз байқамаған қателерді түсіндіріп беретін көмекші құрал.

Басқа материалдар:

  1. Талапкер назарына: Социолог деген кім?
  2. Мұнай газ-ісі мамандығы және жұмысқа орналасу мүмкіндігі
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  8. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  9. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  10. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ