Тәуекел ханның қазақ жерлерін біріктіру саясаты (сабақ жоспары)

0
2067
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

— қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау;

— қазақ хандарының сыртқы саясатын талдау 6.1.1.4 “қазақ” этнонимінің мағынасын түсіндіру.

Зерттеу сұрағы

Тәуекел хан қазақ жерлерін біріктіру мақсатында қандай саясат ұстанды?

Оқулық

Тәуекел ханның қазақ жерлерін біріктіру саясаты. 193–195 беттер.

Тірек сөздер

— Шығай хан
— Тәуекел хан
— Нахшбендийя софылары

Ресурстар

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. 2-том. Алматы.
Атамұра. 2010.
Омарбеков Т. Ұлы Даланың дара тұлғалары: Қазақ хандары. Алматы 2015.
Кәрібаев Б. Қазақ хандары. Алматы. 2015.
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы. Атамұра. 1999.
Букейхан А. Исторические судьбы Киргизского края и культурные его
успехи // избранное. Алматы.1995.

Көрнекілік

1. “Ұлы көш” атты картина.
2. Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) ханның суреті (оқулықтың 207
беті).
3. Қазақ хандарының геналогиясын көрсететін сызба-кесте.
4. Қазақ хандығына Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) ханның тұсында
қосылған аймақты бейнелейтін карта.

Сабақтың түрі мен әдісі

Аралас. Баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың деректік материалдары

Көрсетілген кітаптардағы және энциклопедиялық сөздіктер мен ғаламтордағы
Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) ханның мемлекеттік қызметіне байланысты мәліметтерді пайдалана отырып, оқытушы оқушылардың нақты деректермен жұмыс жасауларын қадағалайды.

Оқушылар үш топқа бөлініп жұмыс жасайды. Алғашқы топ Тәуекел ханның ататегін хандар шежіресіне сүйеніп анықтап, оны арнайы сызба түрінде көрсетеді. Екінші топ Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) ханның Бұқара және Ташкент аймағындағы
билеушілермен қарым-қатынастарын сипаттап қысқаша шығарма жазады. Үшінші топ Тәуекел ханның оңтүстік аймақтардағы қазақ жерлерін Қазақ хандығына біріктіру әрекетін картаны пайдаланып көрсетеді.

Мұнда оқушылар ханның Самарқандқа бағытталған жорықтарын картаға түсірулері
керек.Осындай жұмыстар оқушыларды Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр)
ханның бүкіл қазақ даласын біртұтас мемлекетке біріктіруді көздеген аса маңызды және жанқиярлық қызметін жоғары бағалауға үйретеді. Әр топ өз тапсырмалары бойынша постер жасап, оны қорғау.

Мақсатты айқындау

Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) ханның бүкіл қазақ даласын біртұтас мемлекетке біріктіруді көздеген ауыр да қанды әскери жорықтары, мемлекеттік әрі әскери-қолбасшылық, ұйымдастырушылық қызметін ашу арқылы бүгінде ұлан-ғайыр кең аймақты мекен етіп отырған тәуелсіз ел — Қазақстанның жерін сақтап және қорғап қалудың аса ауыр болғанын және мұның өзі күрделі тарихи даму кезеңдерінен өткенін ұғындыру.

Сабақтастыққа негізделген қазақ халқының тарихының тамырлары Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) хан тәрізді тұлғалардың мемлекет пен қазақ халқының мүддесін бәрінен жоғары қойған отаншылдығымен тығыз байланыстылығын оқушылар жақсы түсінулері тиіс.

Ал бұл Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) ханның қазақ тарихындағы маңызды рөлін айқын ұғуға көмектеседі.

Дамытушылық маңызы

Бүгінгі Ұлы Дала аймағындағы Қазақстан тәрізді тәуелсіз ұлттық мемлекетті қалыптастыруда Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) хан тәрізді тұлғалардың отан және ел алдындағы жанқиярлық еңбегін бағалай отырып, бүгінгі Қазақстанның ең алдымен Қазақ хандығының этно-саяси мұрагері болып табылатындығына, яғни қазақ мемлекеттілігі бірнеше ғасырлық күрделі тарихты бастан өткізгендігіне оқушылардың көздерін жеткізу.

Тәрбиелік маңызы.

Сабақты оқыту барысында Тәуекел (Тәуекел-Мұхаммед Бахадұр) хан тәрізді тұлғалардың мемлекеттік мүддеге адал, жанқиярлық еңбегін оқушыларға үлгі ретінде ұсыну керек. Бұл оқушыларды отаншыл етіп тәрбиелейді.

Сабаққа қатысты ескертпелер
Оқытушы сабақ өткізу барысында оқушылар назарын төмендегідей
мәселелерге аударады:

1. Қысқа мерзімде Тәуекел батыстағы ноғайлармен (қарақалпақтармен)
ынтымақтастықты жөндеді олардың Ұлытау аймағына дейін көшіп жүрулеріне
рұқсат берді. Оның үстіне оларға өз адамын билеуші етіп бекітті. Шығыстағы
қазақтармен көрші болып, көшіп-қонып жүрген қалмақтармен де, біраз ұрыскерістен соң, келісім жасап, оларға да өз бауыры Шахмұхаммедті билеуші етіп тағайындады.

2. Тәуекел хан берекесі кеткен Мәуереннахрды жеделдете басып алу үшін інісі Есім сұлтанмен бірге 120 қазақ сұлтандары басқарған қалың қолмен алғаш Түркістан аймағын бағындырып, онан ары Ташкент арқылы Самарқандқа аттанды.

3. Самарқандта 20 мың әскермен інісі Есім сұлтанды қалдырған Тәуекел 70 мың қолмен Бұқараны бағындыруға аттанды. Алайда Бұқара түбіндегі шайқаста қолды өзі бастаған ол, аңдаусызды ауыр жараланып, әскерімен Ташкентке шегінуге мәжбүр болды. Осында ол қайтыс болады.

4. Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қажырлы қызметін оның туған інісі Есім хан жалғастырды. Ал бұл болашақ Қазақ елінің мемлекеттігін орнықтырудағы маңызды қадам болды.

Бағалау мүмкіндіктері

Мұғалімнің төмендегідей жоспарды тақтаға жазып қоюы оқушылардың тапсырмаларды орындауын жеңілдетеді:

Тәуекел ханның ататегін, өскен ортасын анықтаймыз;

Тәуекелдің Бұқара және Ташкент аймағындағы билеушілермен қарымқатынастарының ерекшеліктерін білеміз.

Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қызметінің маңыздылығын түсінеміз.

Кері байланыс

Сабақ қызықты болды ма?
Нені түсінбей қалдың?
Менің сабаққа байланысты пікірім.

Қосымша тапсырма:

1.Тәуекел ханның ататегін хандар шежіресіне сүйеніп анықта.

2.Тәуекелдің Бұқара және Ташкент аймағындағы билеушілермен қарымқатынастарын сипатта және осы көрші хандықтар аймақтарын картаға түсір.

3.Тәуекел ханның қазақ жерін бір орталыққа біріктіру жолындағы қызметінің басқа қазақ хандарынан ерекшеліктері неде екенін анықта.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ