Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы (сабақ жоспары)

0
1429
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— қазақ хандарының мемлекетті нығайтудағы рөлін анықтау.

Зерттеу сұрағы
Неліктен А. Левшин Тәуке ханды “Дала Ликургі” деп атады?

Оқулық
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы. 207–210 беттер

Тірек сөздер:
— Әз-Тәуке,
— “дала Ликургі”,
— билер кеңесі,
— “Жеті Жарғы”,
— Күлтөбе.

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 1-том Алматы. Атамұра. 2010. 435-457 бб.

Сабаққа дайындық:
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының заманы “алтын ғасырға” айналғандығын көрсету үшін арнайы слайд дайындау маңызды.

Мұнда, Тәуке ханның шығу тегіне қатысты мәліметтермен қатар, Ш. Уалихановтың, А. Левшиннің, Абайдың 3-ші қара сөздерін келтіріп, “Жеті жарғы” заңдар жинағына қатысты мәліметтерді (Қазанғап Байболұлының, А. Левшиннің мәліметтері) берілуі тиіс. Хандық биліктің нығаюын түсіндіру үшін қазақ хандығындағы әкімшлік басқару мен билік жүйесі туралы арнайы кесте дайындау маңызды.

Кестеде: Хан → кіші хандар → сұлтандар → билер → ру ақсақалдары → ақсақалдардың
басқару жүйесіндегі орны мен қызметі нақты көрсетілуі тиіс.

Сабақтың деректі материалдары:
Тәуке ханның, Төле, Қазбек, Әйтеке билердің суреттері, арнайы дайындалған слайд, кестелер, ҚР мәдениет және спорт министрлігінің арнайы тапсырмасымен дайындалған “дегдар” атты деректі фильмнің Тәке ханға арналған сериясынан үзінді, “Жеті жарғы” заңына қатысты тақырыптық көрме ұйымдастыруға болады.

Сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақтың түрін ақпараттылық, шығармашылық белсенділік, сыни бағалау, көркемсуретті ақпараттарды пайдалана отырып, тез ойлау мүмкіндігін арттыру, тарихи мағлұматтардың түрлеріне талдау арқылы жадты қалыптастыру бағытындағы сабақ өткізу.

Сабаққа қатысты ескертпелер.
Тәуке ханның тұлғалық қасиеттеріне оның қазақ хандығының нағаюы мен гүлденуіне қосқан үлесі арқылы баға берілуі тиіс. Қазақ хандығының күшеюінің саяси, экономикалық бағыттарымен қатар, қоғамдық-мәдени өмірдегі (егіншіліктің дамуы, “Жеті Жарғы”, билер, батырлар институтының қалыптасуы, “дала парламентінің” дамуы, жыраулық дәстүр және т.б.) жетістіктері қоса берілуі тиіс.

Сабақтың барысы.
Сабақты Алтын Орданың Өзбек хан тұсында қуатты мемлекетке айналғанын
көрсететін арнайы слайдты талдаудан бастайды. Осылайша, Тәуке ханның
билікке келуі мен оның ішкі саясатын талдуға көшеді.

Бұдан кейін, оқушыларды үш топқа бөліп, алдын ала дайындалған Тауке
ханның қызметі мен өміріне қатысты тапсырмалар таратылады. Бұл тапсырмалар сыныпта мұғалім алып келген көрнекілік құралдарды пайдалану арқылы орындалады:

1. Тәке ханның өмірі мен қызметіне қатысты мәліметтерді келтіріңдер
және оларды талдаңдар;

2. “Жеті жарғы” заңдар жинағы туралы мәліметтер бойынша оның баптарын бөліп жазып, маңызын түсіндіріңдер;

3. Тәуке хан тұсындағы ел билеу дәстүріндегі өзгерістер мен жетістіктерін талдаңдар.

Білімді бағалау мүмкіндіктері:
Мұғалім жоғарыда берілген тапсырманының орындалуы бойынша әр топты және оның мүшелерін жеке белсенділігі мен деңгейі бойынша бағалайды.

Қосымша тапсырма:
1. Тәуке хан неліктен “әз Тәуке” деген атқа ие болды деп ойлайсыңдар. Өз пікірлеріңді негіздеп арнайы эссе дайындаңдар.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Орбұлақ шайқасы (сабақ жоспары)
  2. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  3. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  4. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  5. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  6. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  7. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  8. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  9. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  10. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ