Орбұлақ шайқасы (сабақ жоспары)

0
1540
Иллюстрация: Freepik.com

Сабақтың мақсаты:
— көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін сипаттау;

— Орбұлақ шайқасындағы қазақ жасағының әскери өнердегі шеберлігі мен ерлігін бағалау.

Зерттеу сұрағы
Орбұлақ шайқасының әлемдік әскери өнер тарихында алатын орны қандай?

Оқулық
Орбұлақ шайқасы. 204–206 беттер.

Тірек сөздер:
— Орбұлақ шайқасы,
— Жоңғар Алтауы,
— ерлік,
— cоғыс тактикасы.

Ресурстар
Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5 томдық. 1-том
Алматы. Атамұра. 2010. 428-434 бб.

Сабаққа дайындық:
Көшпелілердің әскери өнерінің шыңы ретінде саналатын Орбұлақ шайқасының тарихи маңызы мен мәнін түсіндіру үшін алдын ала көрнекілік құралдар дайындау қажет.

Әсіресе, Орбұлақ шайқасына қатысты А. Левшин, Фишер, Зая Пандитаның жазбаларынан арнайы үзінділер мен авторлар туралы қысқаша мәліметтер бірге берілген арнайы ақпараттық постер дайындап іліп қою маңызды.

Сабақтың деректі материалдары:
Орбұлақ шайқасының өткен орнына қатысты карта, Жәңгір хан әскерлерінің әскери тактикасын көрсететін арнайы сызба, қазақ жауынгерлерінің қаружарағы мен киім кешегіне қатысты суреттер, “Орбұлақ шайқасы” атты “Білім” каналы түсірген арнайы деректі фильм (мына сілтеме бойынша https://www. youtube.com/watch?v=DsEjBk_zAb0 Ютуб каналынан алуға болады).

Сабаққа әдістемелік нұсқау:
Сабақ түрін тарихи экскурс түрінде өткізуге болады. Сабақ барасында ой бөлісу, пікір алмасу, сыни тұрғыдан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушыны шығармашылық тұрғыдан ізденуге бейімдеу әдістерін қолдану керек.

Сабаққа қатысты ескертпелер:
Орбұлақ шайқасының маңызын көрсету үшін оны жалпы көшпелілердің әскери өнерінің жетістіктерімен байланыстыру керек. Орбұлақ шайқасындағы қазақ қолбасшыларының жер жағдайын тиімді пайдалана отырып таңдап алған әскери стратегиясы мен соғыс барысындағы тактикалық әдістерінің шеберлігіне баса назар аудар қажет.

Сонынмен қатар, қазақ қоғамындағы хандардың көп жағдайда “баһадүр” (батыр) атағын иеленгендігін, олардың көпшілігі өз өмірін ат жалында өткізгендігіне баса назар аудару керек. Ол үшін Т. Сұлтановтың “Поднятые на белой кошме. Потомки Чинги хана” (Алматы: Дайк-Прес, 2001) еңбегінде берілген шығыс деректері бойынша қазақ
хандарының “баһадүр” титулдары туралы арнайы кесте дайындап көрсету
сабақ мазмұнын аша түседі.

Сабақтың барысы.
Мұғалім, сабақты өткен сабақпен байланыстыра отырып, Жаңгір хан тұсындағы ең ірі тарихи оқиғалардың бірі “Орбұлақ” шайқасы екендігін атап өте отырып, “Білім” каналы дайындаған 6-минуттық деректі фильмді көруден бастауға болады. Фильмде шайқасқа қатысты барлық мәліметтер толық қамтылған.

Сондықтан фильмді көру аяқталған соң білімді бекіту үшін “Блум таксономиясы” бойынша арнайы алдын ала дайындалған сұрақтар қойылады. Мысалы:

1 Білу — Орбұлақ шайқасы қай жерде өткен?

2 Түсіну — Орбұлақ шайқасында Жәңгір хан 50-мыңдық жоңғар әскеріне аз санды әскермен қарсы шақты?

3 Қолдану — Орбұлақ шайқасында аз санды қазақ қолының жеңіске жетуінің басты себебі неде?

4 Талдау — Жәңгір хан және оның батырлары таңдап алған соғыс стратегиясының ерекшелгі неде?

5 Жинақтау — Неліктен Орбұлақ шайқасын көшпелілердің әскери өнерінің жетістігі ретінде бағалаймыз?

Бағалау мүмкіндіктері
Сабақ тарихи экскурс ретінде деректі фильмді талқылау түрінде өткендіктен оқушылармен кері байланыс орнату маңызды.

1 Сабақ маған ұнады: себебі….,

2 Мен үшін қиын болды: себебі …. деген сұрақтарға жауап алу арқылы сабақты қортындылап, бағалуға болады.

Қосымша тапсырма:
Орбұлақ шайқасына қатысқан, Салқам Жәңгір ханның қасында болған қазақ батырлары туралы мәліметтерді тауып, арнайы эссе дайындау.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (Орта ғасырлар): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Т. Омарбеков, Г. Хабижанова, Т. Қартаева, М. Ноғайбаева.

Басқа материалдар:

  1. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  2. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  3. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  4. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  5. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  6. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  7. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)
  8. Ислам дінінің орнығуы (сабақ жоспары)
  9. Түркітілдес халықтардың миграциясының Еуразия тарихына әсері (сабақ жоспары)
  10. Есім ханның Қазақ хандығының біртұтастығын сақтау жолындағы күресі (сабақ жоспары)
  11. Жәңгір хан және Қазақ хандығы (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ