Тарбағатай және Орал тауы туралы

0
2370

Тарбағатай — Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен Қытай мемлекетінің аумағындағы орташа тау. 

Аягөз өзенінен Хабар асуына дейін 180 шақырымға созылып жатыр. Ең биік жері — Тастау шыңы (2992 м). Тарбағатай моңғол тілінің «тарбаған» сөзінен пайда болған деген жорамал бар.

Аударғанда «азыр» (кемірушіліердің бір түрі) деген сөзді білдіреді. Тау Алтай мен Жоңғар Алатауының аралығында орналасқандықтан, табиғаты екеуіне де ұқсас. Таудың  80%-ға жуығы ауыл шаруышылығына пайдаланылады.

Жері ылғалды болғандықтан, суармай-ақ астық пен бау-бақша егіледі. Жоғары жағындағы шалғынды жерлерде мал жайылады. Ірі өзендері болмаса да, Аягөздің салалары және Үржар өзені ағады. Қалған кішігірім өзендері бастауын бұлақтан алып, төменгі етегінде құмдықтарға сіңіп кетеді.

Орал тауы. Қазақстанға Орал тауының оңтүстік бөлігі — Мұғалжар тауы ғана кіреді. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы — 450 км, ені — 30 км, орташа биіктігі — 450-500 м.

Ең биік нүктелері — Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Мұғалжардың пайда болу жолы да, жер бедерінің құрылымы да Орал тауына ұқсас.

Одан айырмашылығы шығыс беткейлері көлбеу, батыс беткейлері жарқабақты болып келеді. Тау батыс, шығыс болып екі жотаға бөлінеді. Оларды Біршоғыр ойысы бөліп жатыр.

Мұғалжар тауының қойнауы никель, кобальт, хромит, мыс, қара және сирек металға бай. Кемпірсай өңірінде Хромиттау, Никельтай кен орындары ашылған. Біршоғыр бойында көмір кені бар. Оңтүстік Мұғалжар құмынан шыны жасалады.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Алатау мен Алтай тауы

  2. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  3. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  4. Сыр бойы туралы ақпарат

  5. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  6. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  7. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  8. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ