Таргетингтік жарнама. Тауарды сату

0
2180
Иллюстрация: Freepik.com

Бизнесіңізді дамытудың, тауарыңызды сатудың таптырмас құралы – «Instagram» әлеуметтік желісі болатын болса, жарнаманы тиімді пайдалану үшін сізге «таргетинг» қызметін де жақсы білу керек. 

Ағылшын тілінен аударғанда «target» сөзі мақсат деген сөзді білдіреді. Яғни барлық инстаграм желісін пайдаланушылар арасында сіздің мақсатты аудиторияңызды анықтап, тек соларға ғана сіздің ұсынған жарнамаңызды көрсету басты талап. Мысалға
алатын болсақ, сіз әйелдерге арналған киімдерді сатасыз. Ол үшін не істейсіз? Әрине, өзіңіздің мақсатты аудиторияңызды анықтайсыз.

Киім дүкеніңіз неше жастағы әйелдерге арналған, қай қалаларды қамтиды, қандай жеңілдік ұсынатыныңызды зерттеп аласыз. Себебі кез келген таргетинтік жарнаманың
мақсаты аудиторияның қалауына қаншалықты дөп түскеніңізге байланысты. Мысал бойынша сіз таргетингтік жарнама жасар алдында:

• Сатып алатындардың көбі әйел адамдар
• Жас шамасы 18-30 аралығы
• Тұрмыс құрмаған
• Тұратын елі — Қазақстан
• Тұратын қаласы — Алматы…

дәл осындай өзіңізге қажетті аудиториямен бірнеше критерийлерді таңдайсыз. Негізі тауарыңыз бен жарнаманың мүмкіндіктеріне байланысты дәл осындай критерийлердің басқа да 10-20-сын қосуға болады. Оның бәрі сіздің қалауыңызға байланысты.
Нәтижесінде таргетингтік жарнаманы іске қосқан кезде, сіздің жарнамаңызды тек осындай, яғни сіз таңдаған категорияға жататын адамдар көреді.

Яғни әйел адамдар, жасы 18-30, қалай белгілесеңіз сондай аудитория ғана сіздің жарнамаңызды қарайды. Бұл дегеніміз – таргетинг. Егер сіз нақты тауар сату
немесе қызмет көрсетумен айналысатын болсаңыз, таргетингтік жарнама сіз үшін тиімді мүмкіндіктердің бірі. Таргетинг ақылы болғаныменен, мақсатты
аудиторияны дұрыс анықтаған болсаңыз, түсетін пайда да неғұрлым көп болмақ. Сондай-ақ, «Instagram» әлеуметтік желісінде сарапшылардың есебі бойынша,
басқа желілермен салыстырғанда тауар немесе қызмет түрлері үшін қаржы төлеуге дайын адамдар саны көп.

Әрине, таргетинг жасамас бұрын сізде арнайы жоспар болу керек. Яғни жарнама бюджетін жоспарлау, жарнамаға қоятын фото-видео таңдау, мәтінін назар
аударарлықтай жазу және пікірлерді қадағалап отыру. Мәтін жазар алдында түрлі маркетингтік тәсілдерді пайдалансаңыз болады (+1 қосымша сабақ
тегін, 50 % жеңілдік, жаппай сатылым, өзіңізбен бірге досыңызды алып келсеңіз 30 % жеңілдік).

Таргетингтік жарнама жасау үшін инстаграм парақшаңыз міндетті түрде «Faceboоk» әлеуметтік желісіне байланысқан болу керек. Кей жағдайда Faceboоk парақшасысыз таргетинг жасап жатады, алайды дәл осы екі желінің байланысы арқылы
аудитория ауқымы әлдеқайда кеңірек болады.

Сондай-ақ, аудиторияның қызығушылығын да білу мүмкіндігі басым. Қазіргі кезде бизнес профильде өзгерістер көп. Таргетке берер алдында бірнеше таңдау шығады.
Өзіңіздің сайтыңызды, постыңызды, тіпті direct-ке келген смс хабарламаны да белсенді жарнамалауға болады. Инстаграмда таргетингтік жарнама жіберу
алдында мақсатты аудиторияны анықтайсыз:

Ò Жынысы
Ò Жасы
Ò Тұратын елі
Ò Қаласы

Ал егер «Faceboоk» әлеуметтік желісі арқылы жарнама жасайтын болсаңыз, қосымша мүмкіндіктер көп:

Қызығушылықтары: 

  1.  Саяхаттау жиілігі
  2.  Операционды жүйесі
  3.  Мобильді платформасы
  4.  Отбасылық жағдайы
  5. Артықшылықтары сияқты ауқымды мүмкіндіктер шығады. Бұның барлығы
    сіздің бизнес салаңызға және таңдауыңызға байланысты.

Мақсатты аудиторияңызды таңдап, реттілікке келтіргеннен кейін карта арқылы төлем жүргізесіз. Төлем карта арқылы жылдам әрі тез алынады, десе де сіздің тараптан жоспарыңыз бойынша жарнаманың қанша күн жұмыс істейтінін таңдау керек. Мысалға алатын болсақ, сіз пицца сатумен айналысасыз. Және де бизнесіңізді жылжыту үшін
инстаграмда таргетингтік жарнаманы қолданасыз.

Дәл сол жарнаманы тиімді пайдалану үшін, нақты мекенжайды, геолокацияны таңдаған кезде сіздің көшеңіздегі инстаграм қолданушыларына жеткізу қызметі (доставка) тегін деп қойыңыз.

Сондай-ақ, жарнаманы дәл түскі ас уақытында шығатындай етіп ыңғайлаңыз. Кеңседе отырған қызметкерлер сіздің жарнамаңыздағы жеткізу қызметі тегін екенін көріп
тапсырыс береді. Ал сіз алысқа бармай-ақ, тура бір көше бойында орналасқан мекемелерге пиццаны апарып бере салуыңызға болады. Өзіңіздің бизнесіңізге қарай
түрлі маркетингтік әдістерді пайдалану керек. Тағы бір мысал, егер сіз гүл сатумен айналысатын болсаңыз, 8 наурыз мереке күні дәл сіздің бизнесіңіздің өтетін
күні. Иә, сізден гүл сатып алып жатқан клиент көп, алайда оның қатарын тағы қалай өсіруге болады?

Әрине, инстаграмға жарнама бересіз. Өзіңіз қалаған әдемі фото немесе видеоны дайындайсыз, сонымен қатар мәтін. Дәл сол мәтінге «Сүйіктіңізді әлемдегі
ең бақытты жан еткіңіз келе ме? Олай болса кезекте көп күтпей, бір ғана батырманы басып, керемет сыйлыққа тапсырыс бер» деп жазсаңыз болғаны. Бұл жердегі ілгек сөз қандай? Әрине, «кезекте көп күтпей» әр ер адам кезекте тұрғанды, әсіресе күткенді
ұнатпайды. Өзіңіз ойлаңызшы, жолдасыңызбен қонаққа барарда «Дайынсың ба?» сөзін неше рет айтады?

Ал дүкен аралағанда «Сен әлі болмадың ба?» дейтіні тағы бар. Ал мереке күні дәл 8 наурызды гүл сататын дүкенде кезек көп болатынын ер адамдар сізден жақсы біледі. Сол себепті инстаграм арқылы  олардың қалауын онлайн қабылдап, тапсырысын тек алып кетуге дайындап қойсаңыз болғаны.

биЖарнаманы тиімді ойластырып, сатып алушының қалауын түсіну сіздің мүмкіндіктеріңізді арттырады. Сондай-ақ бәсекелестерден әлдеқайда табысты болу
қабілеттеріңізді шыңдайды.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ