Терминге қойылатын талаптар

0
3089
Иллюстрация: Freepik.com

   Терминнің бірмағыналылығы ( однозначность термина). Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы.

«Бір таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы” сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай – қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады. Терминнің бір мағыналығы абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін (қараңыз -> термин мағынасы). Бұл талаптың негізінен белгілі бір арнаулы терминология шеңберінде қойылатындығын ұмытпаған абзал.

Терминнің қысқалылығы немесе ықшамдылығы (красткость термина). Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы – ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көпттеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары.

Алайда терминологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артылықшылықтары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде «Термин мағынасының дәлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды.

Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелілігін және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді.»
Терминнің қысқалығын:
а) лексикалық ықшамдылық
ә) тұлғалық ықшамдылық деп іштей екіге жіктеп көрсетушілер де бар.

Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі (соответстивие словоовразовательным законом языка). Терминдер де негізінен жылпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды. Салалық терминдердің көпшілігі әр саланы ғалымдарының, практик мамандарының қаламынан туындайды.

Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың жұмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондықтан да терминологияда сөзжасам заңдылықтарын қанағаттандыра бермейтін термин – сөздер ұшырасып қалып жатады.

Тілдік нормаға сәйкес келуі (соответстивие нормам языка) – кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық нормадан ауытқулардың болмауы.

Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы (деривационная способность термина). Бұл талап терминнің ықпам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атаулырға сөз тудырушы жұрнақтарды үсті – үстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады.

Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере бермейді. Бұл талапты терминге сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі деп те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин жасау мүмкіндігі қашанда мол.

Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы (отсутствие эмоциональносьти и экспрессии). Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образдылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлділікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтын терминдердің эмоциональдық тұрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі.
   

  Ескерту: Терминге эмоционалдылық пен экспрессиялық жат емес деп санайтын тілші – терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі В.Н.Прохорова «Терминнің эмоционалдылығы туралы» деген мақаласында лесика-симантикалық жолмен жасалған терминдердің метафорлылығы мен метонимиялылығы оның эмоциолылығын білдіреді… Сондай – ақ егер термин белсенді қолданыстағы эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционалдық бояуды сақтайды – дейді.

Эстетикалық талаптарға сай келуі (соответствия эстетическим требованиям). Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термині ретінде таңдалмағаны жөн.

Кейбір ғалымдардың «Терминнің үндесімділігі» деп атап жүргені осы эстетикалық талапқа сәйкес келеді.

Терминнің үндесімділігі (благозвучность термина) – терминге қойылатын бұл талаптың екі аспектісі бар. Оның біріншісі – терминнің айтуға қолайлы болуына байланысты туындайтын орфоэпиялық тұрғыдан жағымды дыбысталуы. Мысалы, құқық және т.б.

Екіншісі – термин өзі қолданылатын саладан тыс қажетсіз, жағымсыз ұқсастық (ассоциация) туғызбауы керек. Мысалы, боқша, қарайғыр, т.б.

Синонимдердің болмауы (отсутствие синонимов) – терминологиядағы «бір ұғымға – бір ғана атау» қағидатына сәйкес синонимдердің болмауы талап етіледі.    Мінсіз жасалған терминологияға қойылатын бұл талап үнемі орындала бермейді. Алайды «терминологияға да синонимділік тән» деп санайтын көзқарастың бар екендігіне қарамастан терминологияда синонимділіктің болмауы үнемі талап етіліп келеді.

Инварианттылық (инвариантность) – фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік варианттардың болмауы.

Ұғымның мазмұны адамның таным деңгейінің өсуіне орай үнемі байып, толығып отырады. Соған сәйкес логикада ұғымдардың қарапайым (формальды) және ғылыми ұғымдар болып жіктелетіні мәлім.

Қарапайым ұғымды құбылыстардың адамның күнделікті өмір тәжірибесінде байқалатын баршаға ортақ, көбінесе оның оңай аңғарылатын белгілері құраса, ғылыми ұғым сол құбылыс зерттеу нысаны болатын ғылым саласында қалыптасады.

Ғылыми ұғымды сырт көзге байқала бермейтін арнайы зерттеу барысында ғана айқындылатын мейілінше мәнді белгілер құрайды. Соған қарамастан, ғылыми ұғым мен қарайым ұғым бір сөзбен беріледі. Бұл сөздің лексикалық мағынасы мен терминдік мағынасы толық сәйкес келеді деген сөз емес.

Оған жоғарыда келтірілген немесе мына төмендегі мысалдағы сөздердің терминдік және лексикалық мағыналарын салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Мәселен, жер сөзі жалпы қолданыста «өз осінен және күннен айналатын, өзінде тіршілік бар планета» деген ұғымды білдірсе, физикалық географияда жер терминіне «осыдан 4,5 млрд. жыл бұрын газ – тозаң заттан пайда болған, атмосфера, гидросфера, литосфера қабаттары қоршап жатқан, бетінің ауданы 510 млн. км, экватор шеңберінің ұзындығы 40076 км, өз осін 23 сағат 56 минут 4 секундта, Күнді шамамен 30 км/сағ. жылжамдықпен 365 күн 5 сағат 48 минут 4 секундта айналып шығатын, Күннен орташа қашықтығы 149, 6 млн. км., өзінде тіршілік бар, Күннен қашықтығы жөнінен Меркури мен Шолпаннан кейінгі үшінші планета» деген анықтама берілген.

Байқалып отырғандай, қарапайым ұғым мен ғылыми ұғым мазмұнының сәйкес келмеуі – термин мен термин емес сөздің мағыналары арасындағы айырмашылық тудырудың ең басты себептерінің бірі болып шығады екен. Ғылыми ұғым жай көзге көріне бермейтін, арнайы зерттеу барысында ғана айқындалатын, тереңде жатқан ұғымның мәнді белгілерінен тұратынын аңғарамыз.

Сонымен қатар, шет тілдерінің терминдерін ұзақ жылдар бойы біз өз тілімізге орыс тіліндегі қалпында өзгертпей қабылдап келеміз. Ондай терминдердің әдеби тілдің жаопы лексикасынан айрықша оқшауланып, тілге кірікпей, ьұлғалық, дыбыстық өзгешелігін көрсетіп, бөлектеніп тұратындығы байқалады. Алаш зиялылары олардың осындай жаттығын жасырмай, өзгешеленіп тұратын қасиетін байқағандықтан да кезінде «жат сөздер» деп атаған болар. Бұл тұрғыда сол 80 – жылдарда – ақ латыштардың кірме атауларды өз тіліне қабылдау қағидаттарын дұрыс белгілегені назар аудартады.

Кезінде А.А.Реформатский де «өз тіліміздің сөздерінің арасында халықаралық терминдер жат жұрттық болып тұрмауы үшін, кірген тілінің тиісті қосымшаларын қабылдап, септеліп т.б. өзгерістерге ұшырауы керектігін» атап көрсеткеніндей, В.П.Скуиня да өз мақаласында былай деп жазады: «Чтобы заимствования лучше включились в общую систему заимствующего языка, при заимствовании иноязычных терминов следует соблюдать требования фонетико – морфологического принципа. Фонетический аспект этого принципа предусматривает благозвучность заимствования и соответствие его фонетитеским нормам заимсвующего (система звуков и букв, законы звуко – и буквосочетаемосьти и т.д.) морфологический аспект предусматривает соблюдение правил морфологической структуры и грамматикализации слов в заимствущем языке».

Жоқ, ешбір ұлттың тілін термин жасауға мүмкіндігі жетпитін тіл деуге болмайды. Мәселе ұлт тілін термин шығармашылығында пайдалануға байланысты. Терминжасам процесінде өз тілімізді пайдаланбай өзге тілдердендайын терминдерді өзгеріссіз қабылдай берсек, онда әрине, тіліміз ғылыми ұғымдарды атауға бейімделіп терминологиямыз ұлт тілінде жасалынбайды. Сондықтан ғылыми терминологияны ұлт тілінде қалыптастыру сол тілді тұтынушылардың, ұлттық кадрлардың қолындағы іс.

    Халықаралық терминдер

Халықаралық терминдер жөнінде соңғы жылдары жазылған еңбектердің ішінде Б.Қалиұлының мақалалары көңіл аударуды қажет етеді.

Ғалым халықаралық терминдер мәселесіне арнайы тоқтала келіп, оларды таралуына байланысты 5 аймаққа бөледі. Ол «Егер халықаралық терминдер бүкіл дүниежүзі тілдеріне ортақ екендігі рас болса, ол сөздердің Еуропа тілдеріне ғана емес, басқа да Азия, Африка, араб,қытай, жапон, үнді, Индонезия тілдеріне де ортақ болулары керек еді ғой.

Жоқ, олай емес. Халықаралық терминдер делініп жүрген атом, газ, йод, цемент, цех сияқты сөздерді Шығыс Азия (қытай,т жапон,корей,вьентом), араб, үнді, Индонезия халықтарының тілдерінен кездестіре алмайсың. Бұл тұрғыдан алып қарағанда халықаралық терминдер дегеніміз, сайып келгенде, белгілі бір аймаққа тән ортақ сөздер болып шығады», — дейді.

 

         Жұрнақ                             Мысалдар            Түсініктеме
Ескерту
1        

              -а

 

Жаз/а, жыр/а, айнал/а

Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ. Сөзжасамдық аясы кең емес.
2              -ай           Маң/-ай, мал/-ай, бау(ы)р/ай Зат есімнен, зат есім тудыратын жұрнақ
3         

 

 

             -ақ

 

 

 

Жат/ақ, қон/ақ, тұр/ақ

Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ. Соңғы жылдары бұл жұрнақтың қатысуымен Ұш/ақ сынды бірлі-жарым терминдер ғана жасалады.
4             -ан                        От/ан, ұл/ан Зат есімнен зат есім түдыратын жұрнақ
5            -ана                          Жұқ/ана Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ
6             -аң                      Тоз/аң, жаз/аң Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ
7             -ар                Жан/ар, қаш/ар,қос/ар Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ
8            -арт                              Мұз/арт  
9             -ау       Қыл/ау, от/ау, жал/ау, жыр/ау Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ
10           -ауыл     Сыр(ы)қ/ауыл, қырық/ауыл Есімдерден зат есім тудыратын жұрнақ
11              -аш                       Бақыр/-аш Зат есім тудыратын жұрнақ
12              -ба                   Қаз/ба,жаз/ба Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ
13             -бақ            Жұм/бақ, жасырын/бақ Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ
14  

             -ге

 

Бүр/ге

Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ
-ға,-қа/-ке
нұсқалары бар
15             -гей                        Күн/гей  
16               -гі       Сүз/гі, сүр/гі,ез/гі,бөктергі/гі Етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ
17  

             -гір

 

Дүң/гір, шің/гір

Еліктеуіш сөздерден зат есім туғызатын жұрнақ. Бұл жұрнақтың жуан түрі     -ғыр.
18              -ек         Күз/ек, түн/ек, бүй(і)р/ек Зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ
19  

             -ес

 

Бел/ес, дөң/ес,күн/ес

Зат есімнен зат есім тудырады. Кішірейту мәнін үстейді.
20          

          -жан

 

Аға/жан, әке/жан, көке/жан,                шеше/жан

Зат есімге реңк мәнін үстейтін жұрнақ. Жақсы көру сезімін білдіру мәнін үстейді

 

Дереккөз: ҚазҰУ, филология факультетінің дәрісі

Ұқсас материал: 

  1. Көркем троптар, олардың түрлері
  2. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  3. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  4. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  5. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  6. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  7. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  8. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  9. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  10. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  11. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  12. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  13. Қазақ тілі мен моңғол тілдерінің қарым-қатынасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ