Тіршілік қауіпсіздігі негіздері бойынша глоссарий

0
4303
Freepik.com

Апат – нысандарда, нақты территорияларда немесе ғимараттарда пайда болатын қауіпті техногендік жағдайлар, бұл жағдайлар адамдардың өліміне және денсаулығының бұзылуына, сонымен қатар ғимараттар мен үйлердің, құрал-жабдықтар мен көліктердің, өндірістердің бұзылуына  әкеліп соқтырады және көптеген шығындардың болуын тудырады.

Тіршілік қауіпсіздігі – бұл адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым — қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипатағы төтенше жағдайларды ескерту мен олардың салдарын жою және осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселерін зерттейді.

Төтенше жағдай  — бұл адамдардың қаза табуына әкеліп соққан не әкеліп соғуы мүмкін; олардың  денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші  объекттерге  нұқсан келтірген не келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға  ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала немесе апат салдарынан болған белгілі бір аумақта  туындаған жағдай.

Азаматтық қорғаныс – бұл басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және бейбіт, соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерін және ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны.

Катастрофа – ТЖ тудырған адам өліміне әкелетін зардаптар мен региональді немесе глобальді масштабтағы ірі авария деген сөз.

Стихиялық апаттар – бұл геофизикалық, геологиялық, атмосфералық процестердің қауіпті құбылысы, олар катастрофалық жағдайды тұғызады, ол халықтың тіршілігінің бұзылуымен сипатталады, материалды құндылықтарды құртады, адам өліміне және оның денсаулығының зақымдануына әкеледі.

Жер сілкінісі — бұл жер кыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған козғалыс пен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтықа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы. Жер қыртысының тектоникалык козғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Ол кенеттен пайда болады және қас қағым сәтте өтеді.

Су тасқыны – Стихиялық зардап болып табылатын, территорияларды көп мөлшерде су басу.

Сырғымалар –тауларда тұрған қарлардың өз күштерін көтере алмай таудың бетімен сырғып түсуі.

Табиғи өрт –табиғи ортада пайда болатын бақыланбайтын жану процесі.

Радиациалық апат –радиациалық қауіпті объектідегі иондағыш сәулелердің және радиациалық қалдықтардың тасталынуынан пайда болатын апаттар.

Радиациялық-қауіпті объект – бұл мекемеде, егер  авария болса адамдар иондағыш  сәулелердің әсеріне ұшырауы мүмкін.

Химиялық-қауіпті объект – бұл объектіде денсаулыққа қауіпті химиялық заттар сақталады, қауіпті химиялық заттар осы объектіге тасымалданады, егер авария болса онда адам денсаулығына, өміріне,сол сияқты жан-жануарларға және өсімдіктерге зақым келуі мумкін.

Сел  –Бассейіндер мен өзендердің арнасынан кенеттен ағып кететін және тоқтамай  толассыз жауған жаңбыран пайда болатын, қатты күшті ағынмен жойқын күші бар су мен тастар аралас  ағындар.

Транспорттық апат– Адамдардың өмірін қиып кететін, денеге жарақаттар тудыратын және  табиғатқа көптеген шығындар алып келетін транспорттардағы апаттар.

Дауыл – жылдамдығы 32 м/секундтан асып кететін жойқын күші бар және ұзақ уақытқа созылатын  жел.

Эвакуация – бұлТЖ аймақтары мен  мүмкін болатын  қазіргі заман  әсер  ету  құралдарының зиянынан адамдардың өмірі мен  өндірістің жұмысын сақтап қалу мақсатында  адамдар  мен материалдық құндылықтарды ұйымдасқан түрде сыртқа шығару.

Құрылыс – бұл құрылыс жүйесі, қоршау және тілеуіш құрылыс конструкцияларынан құрылады, адамды еңбек етуге арналған қондырғылармен қамтамасыз етілген орын.

Құрылыстың формасының өзгеруі –бұл құрылысқа салмақ түскеннен немесе формаға әсер еткеннен туындайтын өзгерістер.

Құрылыс конструкцияның ақауы – бұл құрылыс конструкцияларда нормадан ауытқулардың болуы.

Құрылысқа зақым келуі – эксплуатация нәтижесінде құрылыста ақаудың болуы болып табылады.

Ғимараттың тұрақтылығы – құрылысқа күш стүскенде қарсы тұру мүмкіндігі, статистикалық және динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұру жағдайы.

Дереккөз: «Алматы технологиялық университеті» АҚ , Тағам өндірісі факультетінің дәрісі

Басқа  материалдар:

  1. Ферменттерді бөліп алу және тазарту

  2. Д витамині (антирахиттық витамин, кальций-феролдар) туралы

  3. Майда еритін витаминдер. А витамині туралы

  4. Витаминдердің аталуы және жіктелуі

  5. Витаминдер және витамин тектес заттар

  6. Стериндер мен стеридтердің биологиялық түзілуі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ