Топ 5. Дизайн трендтері

0
1107
Иллюстрация: Freepik.com

«Instagram» әлеуметтік желісінде бірнеше жыл бұрын сапалы суреттермен оқырмандардың назарын еліктіруге болатын еді. Ал қазір бұл өте қиын. Әрине, фотолар сапалы, әдемі, сізге ұнауы мүмкін.

Алайда бәсекелестік алаңында сіздің ол суреттеріңізге ешкім аса назар аудармайды. Себебі парақшада тауарды, қызмет түрін ғана емес, өзіңіздің жеке стиліңізді де сата білуіңіз керек. Көп тауардың ішінде  сіздікін таңдауға мүмкіндік беретін парақшаңызды визуалды тұрғыда дамыту керек.

Жеке стиліңізді қалыптастырып, клиент пен компания арасында сенім орнатуға тырысыңыз. Оқырман сіздің парақшаңызға кірген сәтте ерекше қанық түстер, сізге тән мәтін, графика элементтері, өнделген фото-видеоны көру керек. Соңғы трендтер мен дизайнерлік қызметтерді пайдаланып визуал қалыптастырыңыз. Және оны жиі өзгертуге тырыспаңыз, себебі ол оқырманды шатастырады.

1. 3D – визуалды тұрғыда адам жанарына суретті жақын қылып көрсетеді. Тауарды жақын тұрғандай әсер етіп, миды шындыққа жанасымды етіп сендіреді.

2. Изометрия – қиғаш сызықтармен сызылып өрнектелген ерекше дизайн.  Оның үстіне көптеген сызықтар түрлі түске боялғанда сіздің парақшаңыз жарқын, қанық түстермен ерекшеленіп, фотоңыз әсерлі бола түседі.

3.Антигравитация – картинаға қараған кезде заттар жоғары ұшып, жүзіп жүргендей әсер қалдырады. Оқырманға да бұл эффект жеңіл әсер етіп, тауарды сатып алуға ықпал етуі мүмкін.

4. Сюрреализм, мозаика және арт коллаж — әлемді жаппай жаулап жатқан дизайн. Ұқсас емес дүниелердің үйлесімділігін табу, фотоның бетіне сурет салу,
эмоция туғызатын, қызық туындылар. Туындыға бір қарағанда назар аудартудың жақсы құралы. Модерн арт деген атаумен де танымал. Бұл өнер – мейрамхана, демалыс орындарында кеңінен пайдаланылуда.

5. Анимация – қазіргі таңда инстаграмда жиі қолданылып жүрген дизайнерлік трендтердің бірі. Жариялайтын постыңызға қимыл қозғалыс беріп, түрлі-түсті әсер береді. Оқырманға позитив сыйлайды, есте жақсы сақталады. Бизнес саласында өзіңіздің логотипіңізге, тауарыңызға тиімді пайдалансаңыз болады.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ