Топырақтану пәнінен өзін-өзі дайындауға арналған тест сұрақтары

0
1229
Иллюстрация: Freepik.com

1. Тау жыныстары мен топырақтың құнарлы беткі қабатының желдің әсерінен бұзылуын немесе ағын сумен шайылуын қалай атайды?

а) топырақ эрозиясы

в) топырақтың бүлінуі

с) топырақ дефилияциясы

д) топырақты барлау

е) топырақтың бұзылуы

2. Әр түрлі минералды компоненттерден тұратын, топырақ түзілетін субстрат:

а) тау жыныстары

в) топырақ түзуші жыныстар

с) биогенді заттар

д) сүйекті заттар

е) биологиялық сүйекті заттар

3. Топырақта бай энергияны, күрделі органикалық қосылыстарды және алғашқы органикалық заттарды жасаушылар:

а) биогенді заттар

в) микроорганизмдер

с) өсімдіктер

д) сапрофагтар

е) ұсақ кемірушілер

4. Топырақ профилінің қалыптасуына, қарашіріктің сақталуына, қарашірік горизонттарының қуаты мен топырақ құрлымына әсер етеді:

а) актиномицеттер

в) бактериялар

с) саңырауқұлақтар

д) сапрофагтар

е) бір клеткалы балдырлар

5. Топырақта тіршілік ететін және талас құратын ағзалар:

а) гельминтоза

в) сапрофаги

с) неофаги

д) солитеры

е) клострадтар

6. Топырақта тіршілік ететін, төзуге болмайтын катогендік бактериялар:

а) күйдіргі таяқшалары

в) сіреспе микробтарының таяқшалары

с) холера ауруын қоздырушылар

д) клостридия Перфригенса

е) актиномициты

7. Топырақта 170 күнге дейін сақталатын ішек аурулары вифустары мен полиомиелит қоздырушылары:

а) микробактериялар

в) актиномицеттер

с) солитерлер

д) эктеровирустар

е) дифтерия таяқшалары

8. Қазіргі кезде бұзылуға ұшыраған егістікті қалай атайды ?

а) тақырланған

в) аридизацияланған

с) дефилицияға ұшыраған

д) ормансызданған

е) деструкцияға ұшыраған

9. Көлемді территориялардың ылғалдылығын азайтатын күрделі және әр түрлі кешенді процестер қалай аталады:

а) тақырлану

в) аридациялану

с) дефиляциялану

д) ормансыздану

е) деструкциялану

10. Жердің биологиялық потенциялының азаюы мен құрғақшылықтың жиі болуы қандай жағдайға әкеледі:

а) жердің тозуына

в) ормансыздануға

с) шөлденуге

д) бұзылуына

е) қарашірік қабатының азаюына

11. Жер қоры жағдайын болжау жүйесінде жағымсыз үрдістер салдарын жою мен ескерту, анықтау мен бағалауды қалай атайды:

а) жер кадастры

в) топырақ қорғау шаралары

с) жерге орналастыру

д) жер мониторингі

е) жер есебі

12. Өсімдік ауруларымен, зиянкестермен күресу үшін қандай химиялық немесе биологиялық дәрі-дәрмектер қолданылады?

а) кумуляция

в) антицептиктер

с) родентицидтер

д) десиканттар

е) пестицидтер

13. Топыраққа ғылыми анықтама берген ғалым:

а) Докучаев В.В

в) Костычев П.А

с) Сибирцев Н.М

д) Вернадский В.И

е) Кауричев И.С

14. Топырақ туралы ғылымның негізін салушы:

а) Либех Ю.

в) Тэер А.

с) Докучаев В.В

д) Ломоносов М.В

е) Сибирцев Н.М

15. Сумен қоректену элементтеріндегі өсімдіктің сұранысын қанағаттандыратын қасиет:

а) өнімділік

в) шұрайлылық

с) синтез

д) құнарландыру

е) минералдандыру

16. Атмосфера, гидросфера және биосфераның ыкпалымен қосылатын минералды тау жыныстарының күрделі және әр түрлі үрдістерінің сандық жиынтығы:

а) аридация

в) топырақ түзілу

с) аккумляция

д) үйілу

е) гидротация

17. Су бөлігінің минералдар бөлігімен қосылуының химиялық үрдісі:

а) гидролиз

в) судың минералдануы

с) қышқылдану

д) ерігіштік

е) гидротация

18. Жер қабығының терең қабатында силикатты балқымалардан құралған жыныстар:

а) биосүйекті

в) магмалық

с) метаморфтық

д) элювиальды

е) шөгінді

19. Пайда болған жерінде қалған негізгі жыныстардың үгілген өнімдері:

а) метаморфтық

в) шөгінді

с) магмалық

д) элювиальды

е) сүйекті

20. Мұзбен, сумен, желмен араласқан үгілу өнімдері:

а) элювиальды

в) шөгінді

с) метаморфтық

д) магмалық

е) аккумлятивтік

21. Жаңбырлы және тасқынды сулардың көшіруінен тау бөктерлерінде тұнған жыныстар:

а) элювиальды

в) аккумлятивті

с) пролювиальды

д) аллювиальды

е) делювиальды

22. Мұздықтардың еруінен шөккен әр түрлі тау жыныстарының үгілу өнімдері:

а) көлдік

в) мореналық

с) сулы мұздық

д) аллювиальдық

е) делювиальдық

23. Таулы өлкелердегі тау бөктерінде су және сел тасқындарының күшінен қалыптасқан жыныстар:

а) пролювиальды

в) элювиальды

с) аллювиальды

д) делювиальды

е) көлдік

24. Күшті мұз тасқындары әрекетінен пайда болған шөгінділер:

а) моренналық

в) көлдік

с) флювиогляциалдық

д) пролювиальдық

е) саздақ

25. Шөлдерде ерекше байқалатын желдің аккумлятивтік қызметінің нәтижесінен қалыптасқан шөгінділер:

а) мореналық

в) эолдық

с) флювиогляциалдық

д) көлдік

е) теңіздік

26. Галлуазит, Диккит, Накрит кіретін минералдар тобы:

а) вермикулитті

в) хлоритті

с) иллитті

д) каолинитті

е) монтмориллонитті

27. Нонтронит, бейделит, сапонит кіретін минералдар тобы:

а) вермикулитті

в) хлоритті

с) иллитті

д) каолинитті

е) монтмориллонитті

28. Топырақ профилі мен бөлек горизонттарда жаңа құрылым құрайтын, топырақ режимін қалыптастыратын алғашқы реттегі қарапайым топырақ үрдістері:

а) микроүрдістер

в) мезоүрдістер

с) макроүрдістер

д) жаңа үрдістер

е) генезис

29. 1 га биомассаның орташа жылдық өсімнен жалпақ жапырақты ормандарда жинақталатын көміртегі мөлшері:

а) 74, 3

в) 60, 8

с) 54, 5

д) 42, 7

е) 39, 5

30. Топырақ құрамындағы оттегі қанша %:

а) 38, 9 %

в) 33, 6 %

с) 47, 2 %

д) 49, 0 %

е) 50, 2 %

31. Өсімдікте онсыз хлорофил түзілмейтін топырақтағы элемент:

а) азот

в) кремний

с) оттегі

д) алюминий

е) темір

32. Көрші территориядан құрылымы бір немесе бірнеше микроэлементтердің шоғырланумен ерекшеленетін территория:

а) биохимиялық провинция

в) топырақтық аймақ

с) ландшафт

д) топырақтық фация

е) биотоп

33. Дисперстік фаза және дисперсиондық ортадан тұратын екі фазалы жүйе:

а) кристалды

в) коллоидты

с) дисперсті

д) радий белсенді

е) кубті

34. Коллоидтық ерітінді күйінен шөгінді күйіне көшуі:

а) симбиоз

в) дегидрататция

с) коагуляция

д) катионизация

е) пептизация

35. Коллоидтық шөгінді күйінен ерітіндіге көшуі:

а) дегидрататция

в) катионизация

с) гидратация

д) пептизация

е) коагуляция

36. Топырақтың қатты бөлігі мен топырақ құраушы жыныстар құрамындағы түйірлер жиынтығы:

а) механикалық

в) физикалық

с) химиялық

д) физика-химиялық

е) биологиялық

37. Сегізінші агромелиоративтік топқа кіретін топырақтар:

а) құмдар

в) орманды таудың сұр топырағы

с) сортаң және тақыр

д) шалғынды қара топырақ

е) қою қоңыр топырақ

38. Алтыншы агромелиоративтік топқа кіретін топырақтар:

а) құмдар

в) орманды таудың сұр топырағы

с) сортаң және тақыр

д) шалғынды қара топырақ

е) қою қоңыр топырақ

39. Үшінші агромелиоративтік топқа кіретін топырақтар:

а) құмдар

в) орманды таудың сұр топырағы

с) сортаң және тақыр

д) шалғынды қара топырақ

е) қою қоңыр топырақ

40. Топырақтық —  биоклиматтық ендік территорияларының құрамына кіретін бореальды зона топырағы:

а) тундра

в) орманды сұр

с) сары топырақты

д) қызғылт — сары латеритті

е) сұр топырақ

41. Топрақтық — биоклиматтық жазық территориялар құрамына кіретін суббореальды зона топырағы:

а) даланың қара топырағы

в) орманның сұр топырағы

с) қызғылт -қара топырақ

д) қызыл латеритті топырақ

е) сұр — қоңыр топырақ

42.Топырақтық — биоклиматтық жазық территориялы ендіктің құрамына кіретін субтропикалық зона топырағы:

а) глейлі

в) қызыл топырақ

с) орманның қышқыл топырағы

д) шөлейттің қоңыр топырағы

е) қоңыр — қызыл топырақ

43. Қазақстанның қанша млн. гектар жерін жазық топырағы алып жатыр:

а) 273 млн. га

в) 260 млн. га

с) 240 млн. га

д) 201 млн. га

е) 180 млн. га

44. Қазақстан жерінің қанша млн. гектарын жел эрозиясы қамтыған:

а) 8 млн. га

в) 12 млн. га

с) 16 млн. га

д) 26 млн. га

е) 45 млн. га

45. Қазақстанның қанша млн. гектар жері су эрозиясына ұшыраған:

а) 19 млн. га

в) 24 млн.га

с) 28 млн .га

д) 39 млн. га

е) 36 млн. га

46. Қазақстандағы топырақ қабатының дегумификациялық және деффиляциялық үрдісі қанша млн. гектар аумақты қамтыған:

а) 9 млн. га

в) 11 млн.га

с) 15 млн. га

д) 19 млн. га

е) 21 млн. га

47. Деффиляция үрдістері қай облыстың территориясын қамтыған:

а) Павлодар

в) Батыс Қазақстан

с) Атырау

д) Алматы

е) Шығыс Қазақстан

48. Топырақ түзуші басты факторлар:

а) тау жыныстары

в) химиялық үрдіс

с) аналық жыныс

д) гидрологиялық жағдай

е) топырақтың биофизикалық ылғалдануы

49. Топырақтың ылғалдану коэффициенті:

а) топырақ ылғалдылығы

в) профильдегі ылғал қоры

с) жауын-шашын түсімінің булануына қатынасы

д) топырақтың сүзу қабілеті

е) вегетациондық кезеңдегі жауын-шашынның түсу көлемі

50. Күлгін топырақ, ол:

а) даланың топырағы

в) өзен аңғарының топырағы

с) орман территориясының топырағы

д) Прерий топырағы

е) тау жүйесі топырағы

51. Сортаңдалған топырақ, ол:

а) гипспен байыған топырақ

б) құрамында кремний бар топырақ

с) құрамында кальций карбанаты бар топырақ

д) құрамында темір тотығы бар топырақ

е) құрамында уытты тұздар бар топырақ

52. Таулы жерлердегі саз балшықтар қайда орналасады?

а) Шығыс баурайында

б) Солтүстік баурайында

с) сазды территорияларда

д) тау аралық жазықтарда

е) үстірттерде

53. Топырақ негізгі қандай элементтерден тұрады?

а) тастан

б) ұсақ тастан

с) қиыршық тастан

д) тірі ағза қалдықтарынан

е) әр түрлі топырақ түзуші жыныстардан

54. Қара топырақ қандай өсімдіктердің астында қалыптасады?

а) әр түрлі аласа шөптердің

б) орман табанында

с) қылқан жапырақты орманның

д) әр түрлі шалғынды шөптердің

е) тропикалық орманның

55. Топырақтың механикалық құрамы:

а) құм

б) сазды топырақ

с) майлы балшық

д) майлы балшық пен ұсақ тастар

е) құм мен сазды топырақ фракцияларының қосындысы

56. Топырақтық — климаттық зонаның бөлінуі неге байланысты ?

а) климатқа

б) рельефке

с) ылғалдылыққа

д) өсімдік жамылғысына

е) әр түрлі топырақ түзуші жыныстарға

57. Топырақтың негізгі құрамдары:

а) орманды тундра

б) текшелі

с) қалыңдау

д) вертикальды

е) жұқа

58. Қай зонада ми батпақтың болуы мүмкін?

а) тундра топырағында

в) орманды дала

с) дала

д) шөлейт

е) тропиктік

59. Ауаның біркелкі ластануынан қандай топырақ түрі қалыптасады ?

а) саз балшықты

в) құмды

с) жеңіл сазданған

д) орташа сазданған

е) кермекті

60. Қызыл топырақ қай климаттық зонада қалыптасады ?

а) орманды дала

в) тайга

с) шөлейт

д) шөл

е) субтропиктік

61. Күңгірт сұр орман топырағы қайда қалыптасады ?

а) қылқан жапырақты орманда

в) орман бұталары астында

с) жалпақ жапырақты орманда

д) ақ қайыңдар мен шөпті өсімдіктер астында

62. Шымды топырақ қайда қалыптасады?

а) аралас орман өсімдіктері жамылғысында

в) бетегелі далаларда

с) тундрада

д) ми батпақтарда

е) қылқан жапырақты орманда

63. Сазды топырақтың сортаңдануы неге байланысты?

а) шаюшы су режиміне

в) карбонатты белдемге

с) топырақтың батпақтануына

д) топырақ зонасына

е) табиғи құрғауының нашарлығына

64. Орманның қүңгірт — сұр топырағының қалыптасу жағдайы:

а) жалпақ жапырақты аралас ормандағы карбонатты құм балшықта

в) тайга зонасында

с) таулы аймақтарда

д) қылқан жапырақты орман астында

е) экваторлық орман астында

65. Сары топырақ қандай топырақтық — климаттық зонада қалыптасады ?

а) орманды далада

в) тайгада

с) шөлейт зонасында

д) субтропикада

е) ылғалды субтропиктік зонада

66. Өсімдіктердің қоректену элементтерінің ұйымдасуы және органикалық заттардың гуминденуі мен минералдану процестерін байланыстыратын әртүрлі топтағы микроорганизмдердің тіршілігімен анықталатын топырақ режимі:

а) су-ауа

в) физико-химиялық

с) сіңірулілік

д) биохимиялық

е) тұздылық

67. Топырақты жырту барысындағы топырақ  көлемінің қысқаруы:

а) қаттылық

в) қарсыласу

с) отыру

д) ісіну

е) байланысу

68. Қара шірінді, ол:

а) ажыратуға болмайтын қалдықтар

в) тірі ағзалар қалдығы

с) топырақтағы органикалық заттар

д) топырақтың беткі қабаты

е) топырақтағы  кесектер

69. Сілтіленген қара топырақ:

а) А горизонтында қайнайды

в) Аq горизонтында қайнайды

с) В горизонтында қайнайды

д) В и С горизонтында қайнайды

е) Р горизонтында қайнайды

70. Қазақстанның маңызды егіншілік аудандары:

а) таулы аймақтардағы топырақ зонасы

в) қара топырақты зона

с) каштан топырақты зона

д) қоңыр топырақты зона

е) орманның сұр топырақты зонасы

71. Жергілікті жел эрозиясы мен шаңды дауыл түрінде көрінетін процесс:

а) коагуляция

в) аридизация

с) жаңа құрылым

д) дефляция

е) деструкция

72. Екінші агромелиоративтік топқа кіретін және ылғал жинауды керек ететін топырақ:

а) құм

в) таулы орманның қоңыр топырағы

с) тақырлар мен сорларда

д) шалғынды — қара топырақ

е) күңгірт-каштан топырағы

73. Оныншы агромелиоративтік топқа кіретін топырақ:

а) құм

в) таулы орманның қоңыр топырағы

с) шалғынның  — қара топырағы

д) сортаңдар мен тақырлар

е) күңгірт-каштан топырақ

74. Жауын-шашын көлемі көп буланбайтын жерлерге тән топырақтың су режимінің түрі:

а) тұйықтық

в) шаюшылық

с) импермацидтік

д) булану

е) ксудаттық

75. Топырақ бөлшектерін бөлуге тырысатын ішкі күштерге қарсы тұратын топырақтың қабілеті:

а) отыруы

в) қарсы тұруы

с) топырақтың байланысы

д) майысқақтығы

е) ісінуі

76. Топырақтың қатты түйірлерінің бу күйіндегі ылғалды ұстау қабілеті:

а) су ұстау

в) ылғал ұстау

с) судың борпылдақ топырақпен байланысы

д) ішкі түйіріпектік

е) гироскопиялық

77. Дисперсиондық ортадан шөгінді массаны бөлмей тоңазуға ұшырататын құбылыс:

а) ацидонт

в) анион

с) рекосегуляция

д) дегидротация

е) тиксотропия

78. Топырақтағы ауаның атмосферамен алмасу процесі:

а) диффузия

в) ауа сыйымдылығы

с) ауа өткізгіштік

д) аэрация

е) желдің бағыттары

79. Топырақтың жылу сыйымдылығы:

а) жылу өткізгіштік

в) жылу жұтушылық

с) альбедо

д) температуралық режим

е) жылу сыйымдылығы

80. Топырақтың генетикалық типтері туралы ілім негізінде салынған топырақ классификациясы:

а) эколого-генетикалық

в) морфо-генетикалық

с) эволюциялық — генетикалық

д) тарихи-генетикалық

е) физико-генетикалық

81. Климаттың термиялық ерекшеліктері бойынша бөлінуі:

а) топырақтық-биоклиматтық аймақ

в) топырақтық-климаттық белдеу

с) топырақ зоналары

д) зоналық жүйелер

е) зоналық спектр

82. Орманды дала және дала зоналарындағы топырақ түзуші жыныстар ерекшелігі:

а) тұздылық

в) азоттылық

с) илювиальдық

д) карбонаттылық

е) кесектілік

83. Сұр орман топырағы мен орманды даланың қаратопырақты зонасына:

а) Оңтүстік Қазақстан

в) Солтүстік Қазақстан

с) Алтай-Саян

д) Шығыс Қазақстан

е) Батыс Қазақстан

84. Қара-топырақты дала зонасына:

а) Батыс Сібір

в) Каспий бойы

с) Торғай

д) Шығыс Қазақстан

е) Сибирь Алтайы

85. Қазақстандағы қаратопырақты аймақтың көлемі:

а) 27 млн. га

в) 90, 5 млн га

с) 119, 4 млн га

д) 86, 3 млн га

е) 34 млн га

86. Қазақстандағы шөлді массивтердің көлемі, га:

а) 40 млн.

в) 27 млн.

с) 66 млн.

д) 86, 3 млн.

е) 38, 9 млн.

87. Қазақстандағы сор мен сортаң жер көлемі, га:

а) 40 млн.

в) 30 млн.

с) 20 млн.

д) 25 млн.

е) 35 млн.

88. Топырақтың қасиетін маңызды генетикалық кешендермен қалыптастыратын және микроүрдістермен толықтыратын топырақтың түпкі үрдістері:

а) микроүрдістер

в) мезоүрдістер

с) макроүрдістер

д) жаңа үрдістер

е) генезис

89. Дамуы үшін үнемі оттегі ағынын қажет ететін бактериялар:

а) нитрифицирлеуші

в) автотрофты

с) гетеротрофты

д) күкіртті бактериялар

е) анаэробты

90. Топырақ негізгі қандай элементтерден тұрады?

а) тастан

в) ұсақ тастан

с) қиыршық тастан

д) тірі ағза қалдықтарынан

е) әр түрлі топырақ түзуші жыныстардан

Басқа да материал:

  1. Қазіргі туризмнің жағдайы қандай? Қазақстандағы туризм туралы
  2. Мұхит сулары. Ондағы тіршілік көзінің туризмге әсері
  3. Қазақ тілі пәні бойынша бөлімді қорытындылауға арналған тест тапсырмалары
  4. Қашаған Күржіманұлының өміріне байланысты тест сұрақтары
  5. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  6. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  7. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  8. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  9. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  10. Мектеп оқушыларына 6 кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ