Вагон осі туралы мәлімет

0
1155
Иллюстрация: Freepik.com

Вагон осі дегеніміз – бұл доңғалақтар бекітілетін доңғалақ жұптарының элементі. Вагон осьтері негізгі элементтерінің өлшемі бойынша, ось мойнының формасы және көлденең қимасының формасы бойынша ажыратылады.

Бұл белгілерінен басқа осьтер материалдары, дайындау әдісі, мойынтіректердің бекітілу әдісі бойынша жіктеледі.  Вагон осінде екі мойын, доңғалақ орналасатын орын алды және доңғалақ орналасатын орын бөліктері, осьтің ортаңғы бөлігі бар. Остьтердің диаметрінің өзгерген жеріне кернеуді азайту үшін белгілі радиуспен дайындалған, жатық өтпелер – ойық жасайды.

Ось – бұл көлденең қиманың ұзындық бойынша дөңгелек, ауыспалы болат
білеуі Тегіс және саңылауы бар болады. Мойынтіректердің ішкі сақиналарын ось мойнағында (жалғанған тығырық немесе сомынмен) бекіту тәсілімен және жасау технологиясымен ажыратады.

Доңғалақтардың осьпен жалғасуының келесі түрлері болуы мүмкін:

— жылжымайтын (жаншымалы станокта осьті доңғалаққа суық немесе ыстық баспалау);

а) доңғалақтар оське қатысты айнала алады (мойынтірек арқылы),

б) доңғалақтар тар жолтабаннан кеңге және кері қарай өту кезінде ось бойында ығыса
алады.

Вагон осьтерінің типтері

Вагон осьтерінің барлық типтерінің бүйіржағының ортасында осьті станокте өңдеу
кезінде бекіту және орнату үшін ойықтар жасалған. Орталық ойықтың формасы және
өлшемі стандартпен бекітілген. Вагон осьтерінің мойынын мойынтіректерді орнату үшін
цилиндр тәрізді етіп дайындайды.

Осьтің доңғалақ орналасатын орын алды бөлігі – бұл мойыннан доңғалақ орналасатын орын бөлігіне өтетін жері. Доңғалақ орналасатын орын алды бөлігінде букса тораптарының артқы нығыздамалары орналасады.

Вагон осьтерін дайындайтын материал ретінде ОсВ болаты қолданылады.
Осьтердің кепілді пайдалану мерзімі 8,5 жыл, ал қызмет мерзімі 15 жыл. Химиялық
құрамы: 0,40-0,48 %көміртегі; 0,55-0,85% марганец; 0,15-0,35% кремний; 0,04%фосфор; 0,045% күкірт; 0,25% мыс.

Бақылау сұрақтары:

1.Ось дегеніміз не?
2.Вагон осьтерін қандай материалдан дайындайды?
3. Осьтердің кепілді пайдалану мерзімі

Дереккөз: «Вагон Құрылымы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен, Қазалы көлік — техникалық жоғары колледжі

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ