Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі

0
1227
Иллюстрация: Freepik.com

Вендинг – қызықты және салыстырмалы түрде жаңа бизнес түрі. Вендинг ұғымын қарапайым тілмен түсіндіретін болсақ, автоматтандырылған жүйелер
арқылы тауарлар мен қызметтерді сату деген мағынаны білдіреді (vending ағылшынның vend — сату (автоматтар арқылы)).

Яғни, тауарлар мен қызметтер адамның қатысуынсыз сатылады. Көбіне вендинг аппараттарынан ыстық сусындар және т.б да
сусындарды алып үйренгенбіз. Вендинг 1 литр судың өзіндік құнын 4 есе азайтуға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай жүйенің көмегімен бағаны төмендетуге және сатып алушыларды тартуға болады.

Вендингтердің ең танымал нұсқалары –пластикалық шыныаяқтар мен кофе сататын сауда автоматтары. Бүгінгі таңда аталған автоматтардың түрі өте көп. Автоматтар инстаграм аккаунтыңыздағы жеке парақшаңызда салынған суреттерді шығарып
береді, автоматтар жылдам әрі дәмді пицца әзірлейді, тіпті автоматтар көлігіңізді жайғастыруға жайлы тұрақты да тауып беріп жатқан жоқ па?

Сол себепті вендинг автоматтарының қандай түрлері бар екенін төменде баяндайтын боламыз.

Оның қандай түрлері бар?

Вендинг автоматтарын бірнеше негізгі категорияларға бөлуге болады:

• Ыстық сусындарды сататын автоматтар (кофе);

• Тағамдарды сататын автоматтар (шоколадтар, бутербродтар, чипсылар);

  • Сода, коктейльдер, шырындар мен квас сататын автоматтар;

• Су сататын автоматтар. Аквадинг;

• Тамақ сататын автоматтар (дайын таңғы,түскі, кешкі ас);

• Азық-түлік емес тауарларды сату автоматтары (ойыншықтар, парфюмерия,
шаруашылық тауарлары).

Вендингтің тиімділігі:

1. қызметкерлерді жалдаудың қажеті жоқ, бизнесті өз бетіңізше жүргізуге болады;
2. вендингтік бизнес үлкен еңбек шығындарын талап етпейді. Аппараттарға қызмет көрсету үшін аптасына бірнеше сағат бөлу жеткілікті;
3. салымдардың аз болуы;
4. жоғары рентабельділік;
5. жылдам өтелімділік;
6. шығындардың төмен деңгейі;
7. автомат тәулік бойы жұмыс істейді;
8. су сату автоматы 1 шаршы метрден артық емес, яғни жалға алу арзан;
9. бизнесті қарапайым ұйымдастыру және т.б.

Вендинг автоматтарын орнатып, кәсіп ашудың кемшіліктері:

  1.  кәсіптің таза пайдаға шығу мерзімі ұзақ;
  2. автоматтарды көптеп орнатқаннан кейін ғана үлкен пайдаға қол жеткізуге болады;
  3. техникалық қызмет көрсетуді және мерзімді жөндеуді қажет етеді;
  4.  бәсекелестік көп.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  2. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  3. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  4. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  5. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  6. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  7. SMM маманы деген кім?
  8. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  9. Web-дизайнер деген кім?
  10. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  11. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ