Видео және «История» бизнесті дамыту құралы ретінде

0
840
Иллюстрация: Freepik.com

Қазіргі таңда фотосуреттерге қарағанда видеоның оқырманға әсері басым. Бұрындары парақшада 1 минутқа ғана негізделген видео салынатын болса, қазір шектеу жоқ. IGTV-да 10 минутқа дейін видеоны жүктей аласыз. Инстаграмның берген бұл мүмкіндігін де тиімді пайдаланған жөн. 

Тауарыңызды толық сипаттап, тіпті мамандардың пікірін 10 минутқа жинақтап, оқырманға сапалы өнім ұсынуыңызға әбден болады. Аккаунтыңызды
қызықты қылу үшін арнайы айдар тауып, видеоны өндеп, пайдалы ақпаратпен бөліссеңіз, қаралым саны да өседі. Жаңа идея табу, таңқалардық видео
жасап шығару сіз ойлағандай қиын емес, егер арнайы видео-редакторға қызығушылығыңыз болса, кәсіби болмаса да, өз тауарыңызды жарнамалай алатындай
деңгейде жұмыс істеуге болады.

Ал инстаграмдағы видео түсініктің тамаша бір мүмкіндіктерінің бірі – тікелей эфир. Оқырманмен байланыс орнататын, ара-қатынасты жақындататын, тапсырыс
берушілерді жинайтын таптырмас құрал. Бизнесті дамыту аясында тікелей эфир арқылы ойындардың нәтижесін жариялап, кәсібіңіздің ішкі құрылысымен
таныстырып, адамдарға сенім ұялатып, сұхбат құруға болады. Ал сол тікелей эфирде қозғайтын әңгімеңіздің тақырыбын алдын ала ойластырып, дайындық жүргізген дұрыс. Себебі оқырмандарды тұрақты клиентке айналдыру оңай шаруа емес.

Тікелей эфир арқылы төмендегідей шаралар жүргізуге болады:

  1. Салтанатты кештерді онлайн көрсету;
  2. Жаңа коллекцияларды таныстыру;
  3. Тікелей эфир арқылы оқырмандардың сауалына жауап беру;
  4.  Эксперттермен сұхбат жүргізу;
  5.  Онлайн курс жүргізу;
  6.  Ойын, акция, марафонның жеңімпаздарын анықтау.

Тікелей эфирге адамдар бір уақытта кіру үшін алдын ала пост немесе историяға жариялап, ескерту арқылы жинай аласыз. Эфирдің ұзақтығы 1 сағатқа
дейін жалғасады. Тікелей эфирді 24 сағат бойы сақтап қоюға болады.

История (Stories) – 24 сағат бойы сақталатын медиа, қаралым жағынан посттан бірнеше есе асып тұр. Аты айтып тұрғандай фото немесе видеоларды
күнделікті өмір салтын салу үшін жүктейді. Историяның басты ерекшелігі оқырмандарға
бизнесіңіз жайлы жиі есіне салып тұрасыз.

15 секундқа негізделгенімен, оқырманның назарын 3 секунд ішінде өзіңізде ұстап қалмасаңыз, оқырман кезектісін оп-оңай ауыстыра береді. Инстаграмның бұл құралын дұрыс пайдалансаңыз, аудитория сізді ұмытпай, тіпті жоғалып кетсеңіз, іздеуге дейін барады. Историяда түрлі қызықты жазбалар мен қимылдайтын суреттер (gif), кез келген сайт, ютубқа тікелей қосылуға немесе «Директке» жазба қалдыруға мүмкіндік береді.

«История» бизнесті дамыту құралы ретінде:

1. Оқырманға жұмыс барысын түсіндіретін қызықты видео ұсыну
2. Мақсатты аудиторияны елітіп әкететін фотогалерея жасау
3. Өзіңіздің бизнесіңіздің маскасын ойлап табу және оны оқырмандарға жолдау
4. Әдемі мәтінмен, қызықты сурет, коллаждармен эмоцияға толы фото-видео жүктеу
5. Жеңілдіктер, конкурс сайыстарын ұйымдастыру
6. Сұрақ қою, кері байланыс орнату
7. «Директ» арқылы тұтынушылардың ұсыныстарын қарастыру
8. Түрлі сайыстардың нәтижесімен бөлісу
9. Эстафета, марафон, квест ұйымдастыру
10. Өткен посттарды еске салып, бөлісу және т.б.

Көп жағдайда парақшаны жүргізетін жандар дәл осы история мен тікелей эфирге шығуға ұялады. Ал бизнесті дамытуда, жеке брендті қалыптастыруда
инстаграмның дәл осы функциялары таптырмас құралдардың бірі. Эмоцияға толы фото, видео түсірудің де нәтижесі тауарды сатуға септігі мол.

Сондай-ақ, сіздің тауарыңызды алған жандардың да пікірімен stories-те бөліссеңіз, белсенділік арта түседі. Ал посттың астындағы пікірлердің бәріне
жауап беруге тырысу керек. Тіпті әр жазған пікірге лүпіл басып кетсеңіз, оқырман қуанып қалады. Ал жағымсыз пікірлерді реттеу тікелей сіздің қолыңызда.

Инстаграмның (настройка) жөндеу бөліміне кіріп, пікірлер деген бөлігіне жаман сөздерді немесе жағымсыз сөздерді кілт сөз ретінде тіркеп, ешкім дәл
сондай сөзді комментарий ретінде жаза алмайтындай істей аласыз. Яғни, пікірлеріңіз қоқысқа толы боғауыз немесе жағымсыз пікірлерден құралмайтын болады.
Өзіңіз қалаған өзгерістерді еңгізу арқылы біраз жандардың сіздің парақшаңызға жазған пікірлердің жарияланбауын жоя аласыз.

Дереккөз: «Бизнеске бағыт» кітабы,
Дәулет Төлеутайұлы,2021

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  12. Бизнес-профиль деген не?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ