Complex Subject — күрделі бастауыш

0
3535
Иллюстрация: Freepik.com

Берілген конструкция жалпы септікте тұрған зат есім немесе есімдіктің инфинитивпен қосындысын береді.

COMPLEX SUBJECT = Жалпы септікте тұрған зат есім немесе есімдік + Инфинитив

He is considered to be a good speaker. — Оны жақсы оратор деп есептейді.

Назар аудар!

Complex subject қолданылған сөйлемде баяндауыш ырықсыз немесе өздік етіс күйіндегі етістіктен жасалады:

He is known to be a good scientist. — Оның танымал ғалым екені белгілі.

Қолданылуы:

ЫРЫҚСЫЗ ЕТІС:

— сезімдік қабылдау етістіктерімен: to hear, to see, to watch, to look, to observe, to notice және тағы басқа. Бұл етістіктерден кейін to демеулік сөзі қолданылады:

The lion was seen to lie among the grass. — Арыстанның шөптің үстінде жатқанын көрдік.

— ой әрекеті және қалау етістіктерімен: to know, to think, to consider, to believe, to suppose және тағы басқа:

He is known to be a good doctor. — Оның білікті доктор екені белгілі.

 to say, to report, to state етістіктерімен:

The shape of the vessel is said to be round. — Ыдыстар көбінесе домалақ формада жасалады деп айтып жатады.

ӨЗДІК ЕТІС:

— to seem, to happen, to prove, to be likely, to be unlikely, to be sure, to be certain, to turn out етістіктерімен:

They seem to be happy. — Олар бақытты сияқты.

Басқа материалдар:

  1. Ағылшын тілінде аудиокітаптарды қайдан тыңдауға болады?
  2. Ағылшын тіліндегі электронды кітаптарды қайдан іздеуге болады?
  3. Ағылшын тілі сабағында ойын элементтерін пайдалану тиімділігі
  4. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  5. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  8. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  9. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  10. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  11. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  12. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  13. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?

ПІКІР ҚАЛДЫРУ