Ыбырай Алтынсарин туралы ҰБТ-да кездесетін 45 сұрақтың жауабы

0
8552

Ы.Алтынсарин «Береке кеткен елдерде» деген өлеңінде берекенің кетуі деп есептеген әрекетті көрсетіңіз:
 Бір-бірімен дауласу.

Ы.Алтынсарин «Жаман жолдас» әңгімесін кімнен аударған:
 Л.Н.Толстой

Ы.Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» енген әңгіме-мысалды белгілеңіз:
«Қайырымды түлкі».

Ы.Алтынсарин атасының көмегімен қандай шығыс зерттеушісімен танысты:
 В.В.Григорьев

Ы.Алтынсарин ашқан оқытушылар мектебі қайда орналасқанын табыңыз:
Орскіде

Ы.Алтынсарин әңгімелерінің ең негізгі тақырыбы:
Еңбекті сүйу және қадірлеу

Ы.Алтынсарин әңгімесі бойынша талаптың пайдасын көрген адамды белгілеңіз:
 Суретші бала

Ы.Алтынсарин қазақ хрестоматиясына қай әліпби негізінде жасағандығын көрсетіңіз:
Орыс әліпбиі

Ы.Алтынсарин қай әңгімесінде «Бағып-қағуда көп мағына бар» деп, ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлу қажеттігін көрсеткенін табыңыз:
 «Бақша ағаштары»

Ы.Алтынсарин қай әңгімесінде «бар байлық адал еңбек пен зор денсаулықта,дені сау адам бақытты» деген тұжырым жасайды:
 «Мұңсыз адам»

Ы.Алтынсарин қай шығармасының кіріспесіне «Имансыз еткен жақсылықтың пайдасы жоқ» деп жазған:
 «Мұсылмандық тұтқасы»

Ы.Алтынсарин құрастырған «Қазақ хрестоматиясының» алғашқы беті қандай өлеңмен ашылғанын табыңыз:
 «Кел, балалар, оқылық!»

Ы.Алтынсарин оқыған Орынбордағы орыс-қазақ мектебінің ашылған жылын көрсетіңіз:
 1850 ж

Ы.Алтынсарин үлгісімен тәрбиелік мәндегі қысқа әңгімелер жазған жазушыны табыңыз:
 С.Көбеев

Ы.Алтынсарин ұйымдастырған тұңғыш мектеп қай жылы, қай қалада ашылғанын белгілеңіз:
 1864 ж.Торғайда

Ы.Алтынсаринді атасы Балқожа би қай мектепке оқуға бергенін табыңыз:
 Орынбордағы орыс-қызық мектебі.

Ы.Алтынсариннің «Асыл шөп» деген әңгімесіндегі адамның ең асыл қабілеті деп көрсетілетін қасиет:
 Сабыр

Ы.Алтынсариннің «Бақша ағаштары» әңгімесі не туралы:
 Тәрбие

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» басылып шыққан жерді белгілеңіз:
 Орынбор

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» қашан, қай қалада басылып шыққанын белгілеңіз:
1879 ж.Орынборда

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген материалдардың біразы қайдан алынғанын табыңыз:
 Лев Толстойдың балаларға арналған кітаптарынан

Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейітқұл» әңгімесіндегі оқиға орнын көрсетіңіз:
 Торғайдағы Қабырға өзені

Ы.Алтынсариннің «Салақтық» деген әңгімесіндегі Кәрім неліктен ауырып қалды:
 Тазалыққа мән бермегендіктен

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген ауыз әдебиеті үлгісіндегі аңыз-әңгімесін белгілеңіз:
 «Лұқпан хакім».

Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясына» енген өлеңдерінің негізгі тақырыбын белгілеңіз:
Оқу, білім

Ы.Алтынсариннің 1876 жылы Питербург, Қазан қалаларына қандай мақсатпен барғандығын табыңыз:
 Орыс ағартушыларының оқулықтарын зерттеуге

Ы.Алтынсариннің алғаш оқыған мектебі:
 Орынборда орыс-қазақ мектебі

Ы.Алтынсариннің ата-анаға мейірімділік және төзімділік туралы шығармасын табыңыз:
 «Аурудан аяған күштірек»

Ы.Алтынсариннің әлеуметтік теңсіздік тақырыбына жазған өлеңін табыңыз:
 «Әй,жігіттер»

Ы.Алтынсариннің еңбегін бағалай көрсеткен С.Көбеев шығармасын табыңыз:
 «Орындалған арман»

Ы.Алтынсариннің жастарға бата ретінде жазған шығармасын белгілеңіз:
 «Өнер-білім бар жұрттар»

Ы.Алтынсариннің қай әңгімесі үш адамның сұхбатына құрылған:
 «Таза бұлақ»

Ы.Алтынсариннің қай әңгімесінде сабырлы болу насихатталады:
 «Асыл шөп»

Ы.Алтынсариннің Орынбордағы Шекаралық коммисияға қай жылы тілмаш болып ауысқанын анықтаңыз:
 1859 жылы

Ы.Алтынсариннің орыс досын көрсетіңіз:
 Ильминский.

Ы.Алтынсариннің отырықшылық жайлы әңгімесін табыңыз:
 «Қыпшақ Сейітқұл»

Ы.Алтынсариннің отырықшылыққа, егіншілікке үгіттеген әңгімесін табыңыз:
 «Қыпшақ Сейітқұл»

Ы.Алтынсариннің өмір сүрген уақытын белгілеңіз:
 1841-1889 ж.ж.

Ы.Алтынсариннің өмір үшін күресудің жолын білмейтін шыдамсыз, еңбекке икемі жоқ жанның қандай болатынын көрсеткен әңгімесін белгіле:
«Бай баласы мен жарлы баласы»

Ы.Алтынсариннің прозалық шығармасын табыңыз:
 «Бақша ағаштары»

Ы.Алтынсариннің туған жері:
 Қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданы

Ы.Алтынсариннің ұрлық, барымтаның түбі қорлық екенін дәлелдеген туындысын табыңыз:
 «Қыпшақ Сейітқұл»

Ы.Алтынсариннің шығармасын табыңыз:
 ’’Асыл шөп’’

Ыбырай Алтынсарин «Қазақ хрестоматиясына» кірген біраз материалдарды қайдан алғандығын табыңыз:
 К.Д.Ушинскийдің «Детский мир», «Родное слово» кітабы

Ыбырай Алтынсарин туралы жазылған поэманың атын белгілеңіз:
 «Дала қоңырауы»

Ыбырай Алтынсариннің еңбегіне сай келетін жауапты анықтаңыз:
 Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш аудармашы

Ыбырай Алтынсариннің қай жылдары уездік жаңа мектептер ашқандығын табыңыз:
 1879-1883 ж.ж

Ыбырай Алтынсариннің қай жылы,қай жерде қыздар мектебін ұйымдастырғанын анықтаңыз:
 1887 жылы, Ырғызда.

Басқа материалдар:

  1. Ыбырай Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы (сабақ жоспары)
  2. Ыбырай Алтынсарин – көрнекті ағартушы (сабақ жоспары)
  3. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
  4. Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз
  5. Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы қазақтың ұлы ағартушылары
  6. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларындағы идеялық ерекшеліктер
  7. Бүкіл ұлттың Мұраты. Мұрат Мөңкеұлы туралы
  8. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ