Қырыққабаттың қырық емі

0
1342
Иллюстрация: Freepik.com

Қырыққабаттың құрамында ағзаға сергектік беретін сөл көп. Сондықтан оны жұмыстан шаршағанда, қажығанда жеген өте пайдалы. Оны қалай жесе де пайдалы.

— Ашыған қырыққабат тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтіп, ас қорытуды жақсартады.

— Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйелерінің бұзылуының (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ату) алдын алу үшін пайдалануға болады.

— Қырыққабаттың ашығаны  семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем.

— Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді.

— Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.

— Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады.

— Ауыз қуысы ойылып, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды.

— Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жабыстырса, ауруды тез басады.

Дереккөз: «Ауырмаңыз!» газеті.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ