Қыжылдың (изжога) алдын алуға арналған кеңестер

0
3275
Иллюстрация: Freepik.com

Өмірінде бір рет қыжыл (изжога) болмаған ересек адам бар ма арамызда?

Қыжыл — бұл аурудың тек симптомы, нақты диагноз анықталып гастроэнтеролог дәрігер емдеуі керек.

Қыжылдың болу себебі асқазандағы қышқыл сұйықтықтың өңешке түсуі. Ол жағдайда кеуде күйгендей (эпигастрийден жоғары, кейде мойын аймағында) сезім болады, адам сол сәтте өзін жайсыз сезінеді.Жиі тамақтан кейін 1 сағ өткен соң пайда болады.

Қыжылдың болу себептері келесі жағдайлардың симптомы болуы мүмкін:

-қышқылдығы жоғары гастрит
-асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы
-холецистит
-жүктілердің токсикозы
-диафрагма грыжасы
-кейбір тамақты ағза қабылдамау.

Қыжылдың болуына алып келеді:
-алкоголь
-шылым шегу
-газдалған сусын
-мята
-шоколад
-қою шай/кофе
-ащы, майлы тамақтар
-өз нормасынан көп ас ішу
-пияз
-цитрус
-артық салмақ

Кеңес:

-қыжыл болған кезде 1 стакан су ішіңіз, дәрілік(антоцидті дәрі) ем (дәрігердің нұсқауымен).

-егер аптасына 3 реттен көп болса, толық тексерістен өтіп себебін анықтап, емделіңіз.
аз мөлшерде, жиі тамақтаныңыз.

-асты ұйқыға дейін 3 сағат бұрын ішіңіз.

-ас ішкенде шай немесе сумен ішпеңіз(астан кейін 30-40 мин кейін ішуіңізге болады).

-шылым, алкогольді ұмытыңыз.

-дұрыс тамақтаныңыз.

-белі, кеудесі тар киім кимеңіз.

Басқа материалдар: 

  1. Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  8. Пияздың қандай пайдасы бар?
  9. Ашудастың емдік қасиеті
  10. Егер құлағыңыз ауырса…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ