Теріскенді емдеу әдісі

0
6032
Иллюстрация: Freepik.com

Теріскен – кірпіктердің түкті аймақтарында орналасатын көз қабағының іріңді қабынуы. Ол әдетте көздің төменгі және жоғарғы жағында, кірпік арасында пайда болады.

Теріскен шығар алдында көз қабағының айналасы қышып, қызарып, ісіне бастайды. Әбден пісіп-жетілгенше адамды біраз мазалайды. Аузы жарылғанда көзді жағымсыз сұйықтыққа толтырады. Таңертең ұйқыдан оянғанда көздің кірпіктері сол сұйықтыққа шыланып, көзді ашу қиындайды.

Теріскен көп жағдайда ағзаға суық тигеннен шығады. Сондай-ақ, бактериялық инфекциялардан, иммунитеттің төмендеуінен, ағзаның әлсіреуінен де болады. Сонымен қатар, кір қолмен көзді уқалаудан, өзге біреудің косметикалық заттарын, сүлгісін қолданудан, суықтан болуы әбден мүмкін.

Теріскенді емдеу:

— теріскен сол көзіңе шықса оң қолыңмен басыңды айналдырып сол көзіңді «теріскенім теріс кет» деп айтып тұрып тарту қажет;

— Ағаш ожауды қыздырып, терiскен шыққан жерге басып тұрып, «Фатиха» сүресін оқу керек;

— Егер оң көзіңе теріскен шықса сол қолыңның ортаңғы екі саусағына, сол көзіңе шықса оң қолыңның ортаңғы екі саусағына жасыл жіптен сақиналап байлаған.

— Теріскен шыққан көзге бір тілім нанды 3-4 рет басып, итке тастайды.

— Тұзды табаға жылытып дәкеге орап, көздің үстіне қоюға болады.

— Теріскен енді шыға бастағанда көзге таза сүлгіні сулап, ысытып басады немесе түймедақтан тұнба жасап, сүлгіні тұнбаға малып ыстық күйінде басу керек.

— Жұмыртқаны суға қайнатып алып, мақтадан жасалынған майлыққа орап, қабағыңызға қою керек.

— Көзге жағатын түрлі майлар(мазьдар) да пайдалы. Мәселен, эритромицин, левомицетин немесе тетрациклин майы. Бұл майларда антибиотик болғандықтан, жанама әсер бермес үшін дәрігермен кеңескен жөн.

— 2 шай қасық қырмызы гүліне 2 мг қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып қойыңыз. Сүзіп алып, теріскенге жақсаңыз, оң нәтижесін болады.

— Көп жылдық алоэнің бір жапырағын кесіп алып, 1 шай қасық шырынын шығарып, таза ыдысқа құйып, оның үстіне 10 шай қасық қайнаған жылы су құйып араластырады. Дайын болған қоспаға таза дәкені малып, теріскен шыққан көзге таңады.

Басқа материалдар: 

  1. Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  8. Пияздың қандай пайдасы бар?
  9. Ашудастың емдік қасиеті
  10. Егер құлағыңыз ауырса…
  11. Қыжылдың (изжога) алдын алуға арналған кеңестер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ