Қызылша — жедел жұқпалы ауру

0
1309
Иллюстрация: Freepik.com

Қызылша кезінде ауыз іші қабынып, ісініп, іш өтуі мүмкін. 2 немесе 3 күннен кейін ауыздың шырышты қабығында тұздың жартысындай кішкентай ақ дақтар көріне бастайды.

Одан кейін екі немесе үш күн өткен соң құлақта және мойында, сосын бетте және денеде, ең соңында қол мен аяқта бөртпелер пайда болады. Денеге бөртпелер шыққаннан кейін баланың жағдайы әдетте жақсарады. Бөртпелер 5 күннің ішінде шығып болады.

Егер бұрын қызылшамен ауырмаған және егілмеген адам қызылшамен ауырған адаммен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары.

Балаға қызылша шығып ауырғанда, баланың денесі түгел бөртіп, тамаққа тәбеті болмайды, дене қызуы көтеріледі. Өмірден түйгені көп әжелер ертеде, бала ауруынан әбден айыққанша, кір жууға мүлдем тыйым салған.

Kip жуылса, баланың денесіндегі қызылша бөртпесі кірдің көбігіндей қаптап көбейіп, жазылуы ұзаққа созылады деп түсінген. Мұндайда баланың үстіне қызыл түсті киім кигізеді, терезеге қызыл түсті перде ұстайды, қызыл түсті көрпе жабады. Баланы терлетуге тырысып, ыстық сүт береді.

Қазақта егер үйде бала қызылшамен ауырып жатырса, үйдің есігіне қызыл мата байлап қойған. Бұл өзгелерді сақтандыру шарасы болып есептелінген.

Қызылша қатты асқынып кетсе, оны емдеу үшін жауын құртын жинап, мата дорбаға салады да, сақылдап қайнап тұрған суға бір батырып алады. Сонан соң кептіріп ұнтақтайды. Осы ұнтақтың бір шай қасығын 300грамм суға салып, науқасқа күніне 4-5 рет 40 күн ішкізген. Оған қоса ертеде қызылша кезіндегі терінің қабыршақтануын басу үшін кебектің тұнбасына шомылдырған.

Қызылшаның берілу жолы — ауа-тамшы арқылы. Вирус сөйлескенде, жөтелгенде, түшкіргенде ауру адамның сілекейінен сыртқы ортаға түседі.

— Қызылша кезінде балаға алма мен итмұрынның дəнінен компот жасап береді.

— Зирек пен қоңыр итмұрынның тамырын қайнатып, мұны да сусын орнына ішкізеді. Осы емді 7 -8 күн бергеннен кейін қызылшаның беті міндетті түрде қайтады.

— Қызылшамен ауырған балаға кептірілген шиеден кампот жасап ішкізсе, аурудың беті тез қайтады.

Қызылша вирусты ауру. Міндетті түрде бірден дәрігер шақыртыңыз!

Басқа материалдар:


ПІКІР ҚАЛДЫРУ