Жа­ңа ға­сыр­дың жа­ңа ма­ман­дық­та­ры

0
1439
Freepik.com

• Web-программалаушы, web-дизайнер – ғаламтор желісінде сайттар құратын маман.

• Мерчендайзер – үлкен дүкендерде өз фирмасының тауарларының тұтынушыға қалай ұсынылғанын, қалай жарнамаланғанын қадағалайтын маман. Ол дүкендерді аралап, тауарларды тұтынушыға қалай ұсыну керектігі, дүкен сөрелеріне қалай орналастыру керектігі жөнінде кеңес береді.

• Аудитор – әртүрлі компаниялар жұмысында қаржы ісін тексеруші және тиімділігін, табыстылығын анықтаушы маман.

• Логистик – қойма, көлік, өндіріс жұмысын реттеуші ма­ман. Көлік логистикасының маманы компания көліктерінің жүк тасымалдау сызбасын ойластырады, ал қойма логистикасының маманы қоймадағы заттардың, тағамдардың сақталуын ұйымдастырады.

• Маркетолог (латын. «нарықты білетін») – нарық сұранысын, тұтынушылар талғамын зерттеуші маман.

• Бренд-менеджер – бренд ойлап табушы және оны нарықта ұсыну жолдарын ойластырушы маман.

Дереккөз:

  1. Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
    Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева
  2. Вilim-all.kz

Ұқсас материалдар:

  1. ҰБТ-ға дайындық кезінде күйзелісті болдырмау жолдары
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес

  3. Дебат: ҰБТ қажет емес…


ПІКІР ҚАЛДЫРУ