Жоғарғы оқу орнына түсу міндетті ме?

1
1587
Иллюстрация: Freepik.com

Жұмыс істеу үшін білім алу

Егер сен архитектор, инженер-конструктор, дәрігер немесе мұғалім боламын деп берік түрде шешім қабылдасаң — саған жоғары оқу орнына тіке «тартқан» жөн. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, мұғалім, дәрігер, инженер секілді мамандықтарға жұмысқа тұрарда міндетті түрде жоғары білім туралы диплом сұралады. Екіншіден, cен қанша «өзім оқып үйрене аламын» деп ойлағаныңмен, аталған мамандықты игеруде дұрыс бағыт-бағдар беріп отыратын адам керек, ал ондай адамды табудың оңтайлы жолы — жоғары оқу орнына түсіп, оқу. Жоғары оқу орнында өз ісін білетін ең болмағанда бір мұғалім табылмай қоймайтыны айдан анық.

Кез келген жоғары оқу орны сапалы білім бере бермейді

Қазіргі таңда қазақстандық жоғары оқу орындарында берілетін білімнің сапасы салыстырмалы түрде төмен, сәйкесінше әлі де жақсартуды қажет етеді. Қандай да бір жоғары оқу орнына таңдардың алдында жоғары оқу орны жайлы жақсылап мағлұмат алып, студенттердің пікірлерін оқып, тіпті мүмкін болса, өздерімен жеке әңгімелескен дұрыс. Ерінбе: әлеуметтік желілерде өзің түскің келетін жоғары оқу орнының парақшалары болса, тауып алып, кір, өз көзіңмен қара, оқы — cосын жиналған дәйектердің негізінде тұжырым жаса.

Сенің таңдауыңа өзгелердің ықпалын тигізуге жол берме

«Оқуға түсемін. Жоғары оқу орнында оқуымды жалғастырғым келеді» деген шешімге келместен бұрын ойыңды жинақтап, шешімді ақылға сал. Ең бастысы: сенің шешіміңе ешкім ықпал етпеу керек. Неліктен? Себебі алдағы 4 жыл өмірің қалай өрбитіні шешіліп жатыр. Егер сен ата-анаңның айтқанын тыңдап, өзің қаламаған мамандыққа түсетін болсаң, 4 жыл уақытыңды босқа жұмсадым дей бер.

Жоғары оқу орнымен шектеліп қалма

Бұл дүниеде білім алудың, жалпы әрі қарай дамудың жоғары оқу орнында оқудан да басқа жолдары бар. Бәлкім саған жоғары оқу орнында оқу емес, арнайы білім алу ұнайтын шығар. Өзің таңдап отырған мамандыққа қатысты курстарға жазыл, қатыс. Өзің ізденіп оқы. Ең бастысы: саған шаң бұрқыраған аудиторияда лектордың іш пыстырарлық лекциясын тыңдамайсың.

Жоғары оқу орны — бұл ғылымға апарар жол

Кім өмірін ғылыммен байланыстырғысы келеді, соған жоғары оқу орнына түсу керек: тек жоғары оқу орнын бітіріп, аспирантураға түсіп қана уақыт өте қызықты ғылыми зерттеулер мен ашылулар әлеміне ене аласың. Тағы бір ескере кететін жайт: жоғары оқу орнын таңдарда мұқият болыңдар, қателеспеуге тырысыңдар.

Қандай да бір мамандықты меңгеріп, табысқа жету үшін жоғары оқу орнына түсу міндетті емес. Мамандықты игерудің әртүрлі жолдары бар: курстарға қатысу, өз бетіңмен оқу, тағылымдамадан өту және т.б.

Егер сенде жоғары білім туралы диплом болмаса, бұл сенің түк көрмеген надан, ақымақ, өмірде өз «орнын» таба алмаған бейбақ екеніңді білдірмейді. Сені мүлде қызықтырмайтын, оның үстіне алдағы өміріңді мүлде байланыстырғың келмейтін мамандықта жоғары білім алу — уақытты текке өткізу.

Басқа материалдар:

  1. Леонардо да Винчидың күнтізбесі
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  9. SMM маманы деген кім?
  10. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  11. Web-дизайнер деген кім?
  12. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…
  13. Бизнес-профиль деген не?
  14. Таргетингтік жарнама. Тауарды сату
  15. Пиццерия ашудағы алғашқы қадамдар
  16. Харланд Дэвид Сандерс өмірінен дерек

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ