Жобаны алға жылжыту. Насихаттау дегеніміз не?

0
5868
Freepik.com

Насихаттау – клиенттерді, контрагенттерді, серіктестер мен қызметкерлерді белгілі бір коммуникативті ынталандыру арқылы сату  нәтижелілігін арттыруға бағытталған іс-әрекет.

Ол мына мақсаттарға  бағытталған: тұтынушылық сұранысты арттыру және компанияға  оң көзқарастың қалыптасуы.

Насихаттау мынадай маңызды функцияларды жүзеге асырады:

• тауарды насихаттау;

• кәсіпорынның тартымды бейнесін құру: бедел, жаңашылдық, төмен баға;

• өнім туралы мәліметті, соңғы тұтынушыға жеткізу;

• қызметтің өзектілігін сақтау;

• оны өткізу тізбегіндегі барлық қатысушыларды ынталандыру;

• өнімді әдеттегі қабылдау трансформациясы;

• компанияның адалдығы туралы мәлімет беру ;

• қымбат тауарларды ұсыну.

Барлық осы функциялардың жиынтығын кешен деп атауға болады. Сауда заттарын насихаттау бойынша кешен – бұл  кәсіпкердің өнімі туралы мәліметтерді соңғы тұтынушыларға  жеткізуге кепілдік беретін маркетингтік құралдар мен тәсілдердің жалпылануы. Мұндай әрекеттер жиынтығы тауарды насихаттаудың әртүрлі әдістерінен құралады.

Насихаттау әдістері (methods of promotion) – маркетингтік мақсатқа жетуге арналған маркетинг тәсілдері мен құралдары.

Алайда көптеген әдістердің ішінде маркетингте нақты сипатталған және үнемі тәжірибе жинақталатын коммуникация әдістері бар, олардың көмегімен маркетингтік насихаттау жүзеге асырылады. Насихаттау әдістері – тауарды  насихаттаудың әзірленген және дұрыс іске асырылатын саясатының немесе фирманың немесе брендтің коммуникациялық саясатының құрамдас бөлігі.

Дәстүрлі маркетингтік насихаттау әдістеріне төменгі әдістер жатады:

  • жарнама
  • жеке сату
  • қоғамдық байланыстар
  • өткізуді ынталандыру

Насихаттау әдістерінің кешені – жарнама, жеке сату және  ынталандыру және сату процесін басқару, тікелей маркетинг,  өткізуді ынталандыру және т.б. насихаттаудың бірнеше әдісін бір мезгілде қолдану.

Жарнама – БАҚ арқылы берілетін ақылы ақпараттық хабарламаларды таратуға негізделген жылжыту әдісі. Үлкен аудиторияны қамтиды және бір мақсатты байланыс
құны төмен. Кемшілігі – кері байланыстың болмауы және  ақпараттық өтінішті дербестендірудегі қиындықтар.

• Жеке сату – тауарды ауызша ұсыну, сату мақсатында әңгімелесуде жасалған, сатып алу қажеттігіне ақпарат беру және сендіру негізінде насихаттау әдісі. Кемшілігі – жоғары шығындар.

• Қоғамдық байланыстар (public relations) – коммерциялық маңызды мәліметтерді коммуникацияның бұқаралық тәсілдері арқылы тарату көмегімен тауарға, қызметке сұранысты ынталандыру, насихаттаудың жеке емес және тікелей  төленбейтін әдісі. Кемшілігі – әдіс сату мақсатында тікелей  қарым-қатынасты білдірмейді, тек ақпараттандыру және тарту;

• Өткізуді ынталандыру (promotion consumer) – тұтынушының тауарды сатып алуын ынталандыратын маркетингтік қызметке негізделген насихаттау әдісі. Кемшілігі – тауарды немесе қызметті сатып алуды немесе сатуды көтермелеудің ынталандыру шараларының уақытша болуы.

• Сауда делдалдарын ынталандыру – маркетингтік арнаның  (дистрибьюторлық тізбектің) қатысушыларымен өнімді өндірушіден сатып алушыға дейін өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені және маркетингтік арна бойынша тауар мен қызметті насихаттау әдісі.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

  2. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?

  3. 3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар

  4. 3D панорама және виртуалды тур

  5. Информатикадан глоссарий

  6. Жасанды интеллект деген не?

  7. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  8. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  9. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ