1867—1868 жылдардағы патша үкіметінің отаршыл реформалар жүргізудің алғышарттары (сабақ жоспары)

0
2228
Freepik.com

Сабақтың мақсаты
– Ресей империясының отарлық саясатының себеп-салдарын анықтау;

– Патша үкіметі реформалары нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгерістерді түсіндіру;

– дәстүрлі қазақ қоғамындағы өзгерістерді өткен тарихи кезеңдермен салыстыру арқылы анықтау

Зерттеу сұрағы
Патша өкіметі тарапынан “бөліп ал да, билей бер” ұстанымы қалай жүзеге асты?

Оқулық
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы реформалар. 120–125 беттер.

Тірек сөздер: Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы, Уақытша ереже, Приставтық, Вице-губернатор, Қыстау, Жайлау.

Ресурстар
1. Халық тарих толқынында. Ғылыми серия:м ақалалар жинағы. – Т.І2. – Астана, 2013.
2. Қазақ елінің тарихы (Қазақ КСР-нің ежелгі дәуірден бүгінгі күнге
дейінгі тарихы. 1943 жылғы басылым). – Алматы, 2012.

Көрнекілік
1867–1868 жылдардағы Уақытша ереженің саяси құрылымын көрсететін схеманы пайдалану.

Мақсатты айқындау
Патша үкіметінің Қазақстанда жаңа реформаларды жүзеге асыруды жоспарлаудағы мақсатын, реформаның отаршылдық мазмұнын және реформаның мәнін түсіндіру.

Дамытушылық маңызы. 1867–1868 жылдардағы реформалардың отаршылдықтың негізгі құжаттары ретіндегі орны мен рөлін айқындай отырып, осы құжаттардың күні бүгінге дейін қазақтардың сана-сезімін бодандыққа бейімдеуде ауыр салдарлар қалдырғанын көрсету.

Тәрбиелік маңызы. Қазақстанға көрші екі елдің қарым-қатынасындағы жағдайларды анықтайтын құжаттарды дайындау және ресми түрде қабылдау мәселелеріне Қазақстан азаматтарының аса сақтықпен қарауға қажеттігін, мұндайда әрқашанда Қазақстанның тәуелсіздігі алғашқы орында тұруы қажеттігін түсіндіріп, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың деректік материалдары
Мұғалім оқушыларға өзі сабақ дайындап әкелеген жоспары негізінде бұл реформаның дайындалу себептерін, оған жергілікті қазақтардың және  империялық шенеуніктердің екі түрлі көзқарасын, реформаның мәнін және мазмұнын ашатын тартымды әңгімелер айтады.

Оқушылар екі топқа бөлініп жұмыс жасайды.

Бірінші топ реформаның дайындалу кезеңдерін сипаттап, тезистер жасайды.

Екінші топ реформаның мазмұны мен мәнін көрсететін сызба дайындайды.

Сонымен қатар оқушылар оқулықтың 144-бетінде көрсетілген №1 тапсырманы орындайды.

1. 1822 және 1867—68 жылдардағы реформалар ерекшеліктерін көрсететін
кестені толтырыңдар:

1822 ж. реформа ерекшеліктері 1867—68 жж. реформалар ерекшеліктері
   

 

Сабақ түрі мен әдісі
Аралас, баяндау, пікір алмасу, ой бөлісу, сын тұрғысынан ойлау, ақпараттық технологияны қолдану, оқушының шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабаққа қатысты ескертпелер

Сабақты өту барысында басты назарда ұсталатын мәселелер:

1. Реформаны дайындау жұмыстары

2. Оны іске асыруға байланысты шаралар

3. Реформаның саяси-әлеуметтік мазмұны

4. Отарлық жүйені нығайтудағы орны

Бағалау мүмкіндігі 
Мұғалімнің жоспарында көрсетілген маңызды мәселелер төңірегінде оқушыларға қысқаша қорытындылар жасалынады.

Мұғалiмнiң алдын ала даярлап әкелген жоспары оқушылар жұмысын ұйымдастыруға негiз болады. Рефлексия. Кері байланыс. Де Бононың 6 қалпағы арқылы қорытындылау.

Қосымша тапсырма
1. Оқулықтағы сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

2. Берiлген жоспарды басшылыққа ала отырып, оқушылардың жұмыс дәптерлерiне әрбiр сұрақтың нақты мазмұнын ашатын қысқаша тезистер жазғызу.

1. Оқушыларға 1867–1868 жылдардағы реформаның Қазақстан жеріндегі отаршылдық салдарларын анықтайтын тезистер жазу тапсырылады.

2. Жергілікті басқарудың реформаға дейінгі және реформадан кейінгі жағдайын сызба түрінде жасап келу тапсырылады.

Бағалауда БББ кестесін стикер тарту арқылы жазғызу.

Дереккөз: Қазақстан тарихы (XVIII — XIX ғғ.): Әдістемелік нұсқау. Жалпы білім
беретін мектептің 8/7-сынып мұғалімдеріне арналған құрал. Омарбеков Т., Хабижанова Г., Қаратаева Т., Ноғайбаева М.

Басқа материалдар:

  1. ХІХ ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары (сабақ жоспары)
  2. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (сабақ жоспары)
  3. Дәстүрлі рухани мәдениет (салт-дәстүр) (сабақ жоспары)
  4. Абылай ханның қайраткер ретінде қалыптасуы (сабақ жоспары)
  5. Абылай хан және біртұтас Қазақ хандығының қайта нығаюы (сабақ жоспары)
  6. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  7. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  8. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  9. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  10. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  11. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)
  12. Наймандар, керейттер және жалайырлар ( сабақ жоспары)
  13. Қыпшақ хандығы (ХI ғасырдың басы — 1219 ж.) (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ