Ағылшын тілін үйренуге көмектесетін 3 YouTube канал

0
1305
Иллюстрация: Freepik.com

skillsacademy.kz сайтыАғылшын тілін үйренудің қандай пайдасы бар екенін күнде көріп, естіп жүрміз. Бірақ көпшілік өзінің тіл үйренуде сенімсіздігінен тоқтап қалып жатады.

Менен бір кеңес: тоқтамаңыздар! Иә, қиын болуы мүмкін, алайда күнделікті сәл болсын уақыт бөліп жүрсеңіз үлкен жетістіктерге жетуге болады.

Соған орай, ағылшын тілін үйренуге көмектесетін 3 YouTube каналды ұсынып отырмын. Бұл каналдардың тұрақты көрерменімін және маған тигізген әрі қазір де беріп жатқан пайдасы орасан зор.

Сонымен:

✅1. Learn English with TV series

Жазылушылар саны: 2.96млн

https://www.youtube.com/c/LearnEnglishWithTVSeries

Бұл каналдың мақсаты шетелдік кинолар мен сұбаттардан және т.с.с. үзінділер алып соны түсіндіру. Өте керемет арна.

✅2. English with Lucy

Жазылушылар саны: 4.73млн

https://www.youtube.com/c/EnglishwithLucy

Ағылшын акцентімен сөйлейтін Lucy есімді ханым ағылшын тілінің грамматикасын, тыңдалым, оқылым және т.с.с. ережелерін екжей текжейлі түсіндіреді. Әр сөзді нақты әрі асықпай сөйлеп айтатындықтан, бастапқы деңгейдегі тіл үйренушілерге де оңай болады.

✅3. JamesESL English Lessons

Жазылушылар саны: 2.59 млн

https://www.youtube.com/c/engvidJames

Түрлі тақырыпты жақсылап, қызықты мысалдармен түсіндіретін көңілді James деген кісі жүргізетін бұл канал қазіргі таңда 12 жыл бойы жүргізіліп келеді. Әр сабақ қызықты әрі жаңа материалға толы өтеді.

Басқа материалдар:

  1. Ағылшын тілін әлі күнге дейін үйренбегеніңізге не себеп?
  2. Ағылшын тілінде күнделікті қолданылатын сөз тіркестері
  3. Ағылшын тілінде деңгей бойынша қандай кітаптар оқуға болады?
  4. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  5. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  8. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  9. Помодоро әдісі және оның пайдасы
  10. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ