ҰБТ-ға дайындалу барысында жіберетін 3 қате

0
705
Иллюстрация: Freepik.com

1. Приоритеттерді дұрыс қоймау.

ҰБТ-ға дейінгі тапсырып жүрген  тесттер сенің нақты қабілетіңді көрсетуге негізделген. Сол тесттердің нәтижесі бойынша қай сабаққа көбірек көңіл бөлу керектігін байқау керек.

Мәселен, 100 балл алдың делік. Қазақстан тарихы-17, математикалық сауаттылық-15, оқу сауаттылығы-14, математика — 29, физика — 25. Осы орайда сен назарыңды математикага салуың қажет. Неге? Себебі математикаға қатысты 2 пән бар. Және де физиканың ішінде де математика араласатын есептер кездеседі.

Сондықтан егер математика мен физикаң шамамен бір деңгейде болса, бастапқы дайындық барысында математикаға көбірек көңіл бөл. Біраз уақыттан кейін, екеуінің орнын ауыстыр.

2. Жазған нұсқалардың нәтижелерінен анализ жасамау.

Әр жазған нұсқадан кейін нәтижелерін бір параққа жазып алып олардың жалпы формасын шығарып отыруың керек. Сол арқылы қай пәннен ұпай сандарың қалқып жүргенін байқайсың. Әр пробный тестте әртүрлі балл шығатын, яғни тұрақты өсім жоқ, кейде көтеріліп кейде түсіп кететін пәнді тауып, сол бағытта назар салуың қажет.

3. Уақытты тиімді пайдаланбау.

ҰБТ-ға дайындалуға күн сайын кемінде 3 сағат уақыт бөлуің қажет. Пайдасы жоқ нәрселерге уақыт өлтіруді барынша азайту керек. Алайда, бұл уақыт ішінде 5-10 минутқа үзіліс жасап тұруды ұмытпаңыз. Сол уақыт аралығында ойыңызды толығымен басқа жаққа бұрыңыз, көзге жаттығу жасап, біраз уақытқа сыртқа шығып келіңіз.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ