Ағзаға қажетті дәрумендер

0
1671
Freepik.com

А1 дәрумені (аксерофтол) — теріні қорғайды. Ағзаға А1 жетіспесе, денеде бөрткендер пайда болады, тері кез келген нәрсеге тітіркенгіш келеді.

В1 дәрумені (тиамин) жетіспегенде, ағза тез шаршайды, ашуланшақ болады, қол-аяқтары тартылады. Соның салдарынан жүйке ауруларына душар болуы мүмкін. В1 дәрумені ағзадағы көмірсуды реттейді, ұйқы бездерінің қызметін арттырады, атересклероздың дамуына кедергі жасайды. В тобындағы дәрумендерді С витаминімен бірігіп қабылдаған дұрыс. Ересек адамның ағзасына 1 тәулікте 2,5мг мөлшері қажет.

В2 дәрумені ( рибофлавин)- 1 тәулікте қабылдау мөлшері 3 мг аспауы керек. Бұл дәрумен жетіспесе, адамның бойы өспейді, арықтайды, әлсірейді, ауыз уылады, адамның екі езуі қызарып, қиылады, көздің көруі нашарлайды, көзден жас аға береді, қарашық күңгірт тартып көздің еті өседі, зат алмасуы нашарлайды, ауыздың қызыл еті талаурайды, денеге бөрткен шығады. Ағзада бұл дәрумен тапшы болса, көздің айналасы мен тілге де бөртпелер шығады.

Р дәрумені ( биофлавоноидтер )- рутин деп те атайды. Ол жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызметін жақсартады. Р дәруменін С витаминімен қоса қабылдаған өте шипалы. Рутин көк шәйдің құрамында, итмұрында, лимонда, құрмада, қара қарақатта жүзімде, өрікте, қарақұмық өте көп.

РР дәрумені (никотин қышқылы) — ақуыздың және көмірсудың алмасуына қатысады, жүректің бұлшық еттерінің қызметін реттейді, тамырларды кеңейтеді, бауырдың жұмысын жақсартады, ағзадағы биологиялық қышқылдану процестерін жүзеге асыру үшін өте қажет.

К дәрумені (филлохинон ) кесілген және ойық жараның жазылуын жылдамдатады.
К дәруменін отаның алдында науқасқа береді, өйткені қанды тез тоқтатады.

К дәрумені жетіспесе қан ұйымай қояды, қан тамырлары тарылады. Тіпті миға қан құйылуы да мүмкін. К дәрумені: жапырақты жасыл көкөністерде, брокколи және брюссель қырыққабаттарында, ет пен сырда, сүт өнімдерінде, өсімдік майларында, көк пиязда, дәрілік шөптерде, қалақайда, сәбізде, шетенде бар.

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы тест тапсырмасы
  2. Белоктар туралы жалпы түсінік
  3. Ағзалардың химиялық құрылымы
  4. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ