Дисплазиядағы 5 белгі

0
2748
Иллюстрация: Freepik.com

1-ші белгі: Баланың аяғын жамбас – сан буынынан екі жаққа талтайтқан кезде, бұтының жөнді ашылмастан, шектелуі. Осы белгіні анықтау үшін жайлап нәрестенің аяғын тізе мен жамбас буынынан бүгіп, бұтын екі жаққа талтайтып ашады. Дені сау сәбидің екі тізесі бірдей тегіс жазықтыққа дейін жетуі керек. Бұтының ашылмауы айқын болса онда жамбас-сан буынының шығуы, ал аяқтарын талтайтқан кезде шектелу — дисплазияның белгісі.

2-ші белгі: Сан сүйегінің ұршығы жамбас буынынан шығып, орнына қайта түсіп тұратын, тайып кету белгісі. Бұл үшін шалқасынан жатқан нәрестені тізесі мен жамбас буынын жайлап 50 градусқа бүгіп, бұттарын екі жаққа талтайтады, осы кезде ұршықтың сүйектері сырт етіп жамбас ойығына түскені сезілуі мүмкін.

3-ші белгі: Нәрестенің сан және бөкседегі тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспауы. Бұл белгіні анықтау үшін нәрестені шалқасынан немесе етбетінен жатқызып, аяқтарын түзу созады. Осы кезде буыны шыққан жағындағы терілерде пайда болатын қыртыстар сау жағымен салыстырғанда тереңірек, жоғарылау орналасады және көптеу болады. Бірақ тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспауы тек осы ауруға ғана тән белгі емес, ол дені сау сәбилерде де кездеседі. 1,5 – 3 айлық сәбилерде айқын білінеді, сондықтан күдікті жағдайларда бала жан-жақты тексерілуі қажет.

4-ші белгі: Нәресте аяқтарының қысқарып тұру белгісі. Сәбилердің аяқтарын сантиметр лентасымен өлшеп, бір аяғы бір аяғынан қысқарғандығын білу қиын. Аяқтардың ұзындықтарын анықтау үшін нәрестені қатты үстел үстіне шалқасынын жатқызып, жамбас, тізе буындарынан бүгіп, тізе деңгейлері салыстырылады. Жамбас — сан буынының шығып кеткен жағында тізесі төмендеу орналасады.

5-ші белгі: Жамбас-сан буыны шыққан жағында санның, балтырдың сыртқа қарай қисайып тұру белгісі. Бұл белгіге ата-анасы назар аударады және сәби ұйықтап жатқан кезде жақсы көрінеді.

Жоғарыда айтылған белгілердің барлығы бір сәбиде кездеспеуі мүмкін. Ата-анасы нәрестеде осы белгілердің бір-екеуін байқаса бала хирургіне, оның ішінде бала ортопедіне көрсету қажет.

Басқа материалдар: 

  1. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  2. Өсімдік жасушасының ерекшеліктері
  3. Генетикалық терминдер мен белгілер
  4. Мидың негізгі бөлімдері
  5. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  6. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  7. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

ПІКІР ҚАЛДЫРУ