Адам эволюциясының негізгі кезеңдері

0
2689
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Ежелгі адамдар (архантроптар)

Ертедегі адамдар (палеоантроптар)

 Қазіргі адамдар (неоантроптар)

Ежелгі адамдар — архантроптар (питекантроптар, синантроптар, гейдельберг адамы)

1891 жылы голланд ғалымы Эжен Дюбуа Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапты.

Қаңқа қалдықтарының хронологиясы: 2 млн — 600 мың жыл аралығы. Эйсен Дюбуа «питекантроп» деп атады.

Бас сүйегіндегі қас үсті доғасы ерекше алға қарай шығыңқы, маңдайы артқа қарай жазық тайқы болып келген.

Шүйде сүйегі артқа қарай шығыңқы.

Миының салмағы — 900 г.

Синантроптардың қаңқа қалдығы 1937 жылы Пекин маңындағы үңгірден табылды. Аң терілерін киім ретінде пайдаланып, үңгірлерде тұрған және тас құралдарды әрі отты пайдаланған.

1907 жылы Германияның Гейдельберг қаласының маңынан ежелгі адамның қаңқа қалдығы табылған.

Тастан құралдар жасауды жетілдірген. Тұрмыс қажетіне қарай тастардың шеттерін өткірлеп, үшкірлеп шапқыға, кескіге, қашауға ұқсас құралдар жасай білген.

Ертедегі адамдар — палеоантроптар

Палеоантроптар (грек. palaіos – ертедегі және anthropos – адам) – ертедегі адамдар деген ұғымды білдіреді.

Палеоантроп қазіргі саналы адамдардың (Homo sapіens) тікелей арғы тегі.
Палеоантропдың қазба қаңқа қалдықтары алғаш рет 1856 ж. Батыс Германияның Дюссель өзенінің Неандерталь аңғарынан табылды.

Қазіргі адамдар — неоантроптар

Неоантроптар (грек. neos – жаңа, anthropos– адам) – археологиялық қазбалардан табылған және бүгінгі саналы адамдардың (Homo sapіens) жиынтық атауы.

Палеоантроптар мен архантроптардан негізгі антропологиялық айырмашылықтары – бас сүйегінің ми сауыты сопақ, маңдайы тік, иегі жақсы жетілген, шығыңқы, қабақ сүйектері орташа жетілген.

Сүйек қалдықтарының көпшілігі Еуропадан табылды. Неоантроптар ескерткіштері мерзімі жағынан бұдан бұрынғы 40 мыңжылдықтардан әрі аспайды.

Басқа материалдар:

  1. Қазақстан тарихынан тест тапсырмалары (І нұсқа)
  2. Қазақстан тарихынан ҰБТ тапсырмалары (ІІ нұсқа)
  3. Қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталуы (сабақ жоспары)
  4. Ноғай Ордасы (сабақ жоспары)
  5. Әбілхайыр хандығы (сабақ жоспары)
  6. Түрiк қағанаты (552—603 жж.) тақырыбы бойынша сабақ жоспары
  7. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихына жалпы шолу (сабақ жоспары)
  8. “Ұлы Жібек жолының” халықаралық қатынастардағы орны (сабақ жоспары)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ