Адам омыртқасы туралы қызықты деректер

0
4971
Иллюстрация: Freepik.com

1. Адам омыртқасы 400кг дейін салмақты көтере алады. Омыртқалардың осынша ауыр салмақ көтере алуына омыртқааралық дисктердің амортизациялық қасиеттері көмектеседі. Қосымша берік бұлшықеттері ауыр физикалық күш пен салмақты көтеруіне ат салысады. Сондықтан да өзіңізді сынап бірден ауыр көтеруге болмайды, ол өте ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін, жаттыққан, шыныққан бұлшықеттер ғана ондай салмақты көтеруге дайын.

2. Адамның бойы омыртқаның ұзындығының өзгеруіне байланысты күні бойына 1-2 см -ге өзгеруі мүмкін. Адам күні бойына тік қалыпта жүргендіктен тартылыс күші әсер етіп, омыртқаның қалыпты иілу күшейіп, өз салмағы әсер етіп омыртқааралық дисктер басылады да, омыртқа ұзындығы қысқарады. Ауыр физикалық жаттығулардан (штанга, гир) кейін де адам бойы 2-3см қысқарады да, түнгі ұйқыдан кейін таңертең бұлшықеттер босаңсып, кешкі өлшеумен салыстырғанда 1-2см ұзын болады.

3. Адам омыртқасы — әр адамда саны жағынан әр түрлі болатын жалғыз сүйек. Құйымшақ омыртқасы 4 — 6 омыртқадан тұрады, ол омыртқа жотасының даму сатысы кезеңіндегі өзгерістерге байланысты, сондықтан да адам омыртқасының санын 33-35 сүйектен тұрады деп айтамыз.

4. Омыртқа жотасы адамның қимыл-қозғалысы пен иілгіштігіне жауапты болады. Өте жаттықтан адамда омыртқалары екі жаққа да 180 градусқа иіле алады.

5. Омыртқа жотасы ауруларының бір себебі — артық салмақ. Мысалы, арқадағы ауырсынулар артық салмақтан құтылған кезде өздігінен кетуі мүмкін.

6. Омыртқа жотасын қалыптандыруға, сауықтыруға ең тиімді әрі жұмсақ әдіс — суда жүзу. Әдістің тұрақты емдік қасиеті үшін суда аптасына 3 сағаттан жүзу қажет.

7. Иыққа асылатын сөмкелер омыртқаға аса ауыр зиян: бұлшықеттік тырысудан бастап сколиозға дейін әкелуі мүмкін, сондықтан да мамандар сөмкені төмен түсірілген қолға ұстаған дұрыс деп айтады, салмақ 3 кг артық болмағаны және салмақты екі қолға бірдей бөлген дұрыс.

8. Омыртқалардың өсуі мен дамуы туылғаннан бастап 20-22 жасқа дейін жалғасады.

9. Омыртқалардың әр аймақтарының жарақаттары ер кісілерде жиі кездеседі. Ал әйелдер эндокринді гормоналды өзгерістеріне байланысты остеопорозға (жұмсаруы) жиі шалдығады.

Басқа материалдар:

  1. Дұрыс тамақтану — денсаулық кепілі
  2. Жылы және суық судың пайдасы мен зияны қандай?
  3. Фастфудтың 10 зияны
  4. Майонезді неге жеуге болмайды?
  5. Сау ағза үшін ең пайдалы 8 сусын
  6. Дәрумен жетіспеуінің 4 белгісі
  7.  Сізге қай витамин жетпейтінін қалай анықтауға болады?
  8. Шие жапырағының қандай шипасы бар?
  9. Ашуланшақ адамның бауыры ауыратынын білесіз бе?
  10. Иммунитетіңізге пайдалы сусындар
  11. Денсаулық күніне арналған іс-шара сценарийі

ПІКІР ҚАЛДЫРУ