Алатау мен Алтай тауы

0
5586

Орталық Азиядағы Тянь-Шань тауының құрамында көптеген Алатау деген (Іле Алатауы, Теріскей Алатау, Күнгей Алатау, Толос Алатауы, Жоңғар Алатауы) жоталар бар.

Алатауды түрік, әзербайжан, түрікмен халықтары «Аладаг», қырғыздар «Алатоо», алтайлықтар «Алатуу», өзбектер «Олотог» дейді. Ол қар, мұз белдеулерінің айқын көрінуімен «Алатау» деп атлған.

Жоңғар Алатауы — Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тау жүйесі. Биіктігі 3500-4000 м.  Ол шығыс және батысқа қарай төмендеп аласа таулармен жалғасады. Осындай Барсық пен Майлы жоталарының арасында  Бірнеше ғасырлар бойы тектоникалық (жарылыс) жолмен пайда болған ерекше «Жоңғар қақпасы» бар. Қақпа арқылы орта ғасырларға дейін Қытай мен Еуропа арасына керуен қатынаған. Бұл жердің табиғаты өзгеше. Үнемі күшті жел соғып тұрады.

Табиғатының ерекшелігіне орай, батысында Алтынемел ұлттық саябағы ашылды.

Іле Алатауы табиғатының әдемілігімен ерекшеленеді. Тау ішінде бұлақтар, сарқырамалар, мөлдір таза көлдер, ағысы жылдам өзендер бар. Әдемі көлдері — Үлкен Алматы мен Жасылкөл. Алатаудың етегінде Қазақстанның ірі қаласы — Алматы орналасқан. Алматы қаласы ауыз суын Үлкен Алматы көлінен алады.

Іле Алатауы ұлттық саябақ болып есептеледі. Талғар шыңының айналасында Алматы қорығы ашылған. Қорықта Қазақстанның «Қызыл кітабына » енгізілген арқар, тауешкі, ұлар және т.б мекендейді. Кіші Алматы шатқалында «Медеу» мұз айдыны, жоғарырақ Шымбұлақ тау шаңғысы курорты бар. Шарын өзеніндегі «Шарын каньоны» да ерекше табиғи құбылыстың бірі. Сырт пішіні мүжіліп, қазіргі ежелгі қаланың орны сияқты. Орыс тілінде оны «Долина замков» деп атайды.

Алтай тауы. Алтай тауы Қазақстанның шығысында және Ресей , Қытай, Моңғолия аймақтарында орналасқан. Ертіс өзенінен бастап, Аян тауларына дейін созылып жатыр. Ең биік жері — Мұзтау (Белуха) шыңы.

Алтай — Қазақстанның ну орманды жері. Мұнда самырсын, балқарағай, майқарағай өседі. Алтайды жауын-шашын мол болғандықтан, өзендер, көлдер көп. Таудың ортасында, 1449 метр биіктікте ерекше көзге түсетін Марқакөл көлі бар. Көлдің тереңдігі — 27 метр. Оған 27 кішігірім өзен келіп құйып, жалғыз Қалжыр өзені ағып шығады.

Осындай сұлу табиғатты қорғау мақсатымен Марқакөл қорығы ашылған.

Тағы бір тамаша орындардың бірі — Рахман бұлағы. онда әртүрлі тері ауруларын емдейтін курорт жұмыс істейді. Бұдан 200 жыл бұрын Рахманов деген кісі аң аулап жүріп оқ тиген аңдардың көл суы арқылы жазылып кететінін  байқаған. Зертетй келе, бұлақ суының емдік қасиеті бар екендігі анықталды.

Алтай тауы қазба байлықтарымен де бағаланады. Тіпті олардың біздің заманымызға дейін пайдаланылғаны дәлелденген.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  2. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  3. Сыр бойы туралы ақпарат

  4. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  5. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  6. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  7. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ