Таулы қыратты Алтай аймағы

0
968
Freepik.com

Алтай аймағы, негізінен, Щығыс Қазақстан облысы аумағы алып жатыр. Жер бедерінің басым бөлігі таулы-қыратты келеді.

Оның солтүстік-шығыс шекарасы Алтай тауларының Көксу, Қатын, Көкжота, оңтүстігі — Сауыр-Тарбағатай, Сарымсақты, нарын, Күршім, батысы Қалба жоталарымен шектеледі.

Бұл таулар арасындағы Бұқтырма мен Үлбі өзендері аралығын Кенді Алтай деп атайды. Ел аумағындағы Алтай тауларының ең биік жері — Мұзтау тауы (4620 м). Ол Алтайдың Ресейлік шекарасы тұсында орналасқан.

Алтай аймағымен ағатын Қазақстанның ең ұзын әрі суы мол Ертіс өзенінің сол жағалық аңғары Ертіс жазығына ұласады.

Жалпы, Алтай тау жүйесінің қазақстандық бөлігі, яғни Батыс Алтай тауларын Кенді Алтай деп бекер айтпайды. Мұнда Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің 50-ге жуығы табылды және олардың 30-дан астамы өндіріледі.

Алтай аймағының ауа райы қатаң. Қыс айларында тау шатқалдары мен қазаншұңқырларда -50 градусқа  дейін суытады. Жаз айларында +35 градусқа дейін ысиды. Еліміз бойынша, Алтай аймағы — жауын-шашын ең көп түсетін өңір.

Аймақтағы өзендердің барлығы дерлік Ертіс өзенінің салалары және олардың сулары жыл бойы мол болады. Басты өзендері: Қоба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма, Үлбі, Оба, Ануй, Песчанка, т.б Сонымен қатар үлкенді-кішілі 70-тен астам көл бар.

Олардың ішінде елімізге танымал Зайсан және Марқакөл, Қаражал, Қамысжал және емдік қасиеті бар Рахман бұлағын (көлін) айтып өтуге болады.

Аймақта биік таулар көп болғандықтан, мұнда 1000-нан астам мұздықтар бар. Аумағының 70% — ын орман алып жатқан Алтай таулары жан-жануарларға бай.

Алтайды басып ағатын еліміздің басты өзені — Ертіс бойында Өскемен, Семей, Павлодар сияқты маңызды қалалар, сонымен қатар Серебрянск, Риддер, Зыряновск, Зайсан атты басқа да шағын қалалар, Белоусовка, Үлбі, Жезкент, т.б кенттер орналасқандар.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т
Басқа да материал:
  1. Ұлытау аймағы туралы қызықты мәліметтер

  2. Қызылқұм өңірі туралы мәлімет

  3. Сыр бойы туралы ақпарат

  4. Сарыарқа аймағы туралы мәлімет

  5. Бетпақдала шөлді өңірі туралы

  6. Қазақстанның табиғи аймақтары. Жетісу өңірі туралы

  7. Қазақстанның құстары. Шырша қайшыауызы мен самыркеш туралы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ